Главное меню

  • К списку уроков
Ағылшын тілі "The English letters" 5 сынып
14.12.2015 557 104 Есенжолова Айнур Амангельдиновна

Мақсаты:
Білімділік: жаңа сөздердің дұрыс айтылуына және қаталануына көңіл бөлу;
Дамытушылық: ауызша сөйлеу, есту қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту, топта және жеке сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
- Good afternoon, children?
-How are you?
- I am fine, good, OK
Балалар мұғаліммен амандасып,
Good afternoon,
Good afternoon!
Good afternoon to you!
Good afternoon, Good afternoon!
I am glad to see you!
қал жағдайларын сұрап әңгіме әдісін құрады.
2. The theme of our lesson for today is " The English letters " Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ағылшын тілі әріптері»- деп аталады. Яғни, ағылшын тілінің әріптерін атап үйренеміз.
Мақсатымыз берілген жаңа сөздерді меңгеру, жаңа әріптермен танысу
Ағылшын тілінде 20 дауыссыз, 5 дауысты және 1 жартылай дауысты әріп бар.
26 әріп өз кезегінде 44 дыбыс шығарады. Яғни ағылшын тілінде 44 дыбыс болып, олардың 24-і дауыссыз(consonants), ал 20-сы дауысты (vowels) болып есептеледі.
Ағылшын тілі ағылш. English language — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі.
Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, швед, недерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген.
Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді.
Let’s say the Alphabet. One by one please.


Very good!
3. Look at the active board, please and repeat it!
Look at the boy,
He has a toy.
Look at the girl,
She has a doll.
Хормен және жеке - жеке қайталату.
4. Let’s play the game.
«Кім жылдам!» ойынын ойнаймыз. Тақырыпты еске сақтау үшін мен сіздерге доп лақтырарым, допты алған оқушы ағылшын әрпін айтып, келесі оқушыға допты лақтырады. Осы ретпен жалғаса береді.
5. Тыңдап - түсіну арқылы меңгерту.(Аудирование )
Look at the board and say:- What you can see in the picture?
Listen and repeat! It’s a dog. It’s a cat. It’s a hamster. It’s a parrot.
6.- Шаршадыңыздар ма? Let’s sing a song.
Listen and sing:
A B C D E F G
H I J K L M N O P
Q R S T U V
W X Y Z
Now I know my ABCs
Next time won't you sing with me?

7. Сергіту сәті.
Stand up!
Hand up!
Hands down!
And sit down!
Excellent!
8. Put the missing letters. Say the words.
O’K
9. Ал енді барлығымыз бірге өтілген әріптерді атап шығайықшы
Өте жақсы, әріптерді жақсы біледі екенсіздер. Мына ойыншықтарды ағылшын тілінде кім атап бере алады екен?
It’s a dog. It’s a cat. It’s a parrot. It’s a hamster.
Сөйлем құрап айтып көр
Very good! Well done! Stand up!
The lesson is over! Good bye!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.