Главное меню

  • К списку уроков
Ағылшын тілі «My friends family» 1 сынып
23.10.2015 767 99 Ильясова Асель Алиевна

Сабақтың мақсаты: «My friends family» тақырыбы бойынша оқылған лексиканы белсенді пайдалану. Үлгілік танысу жағдайында диалог және монолог құру дағдысын қалыптастыру. [l] дыбысын айту және дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: өз досының отбасын таныстыру, дағдысын қалыптастыру
Тұлғалық: үлкендерді құрметтеуге баулу, танысу жағдайында тілдік этикетті сақтау дағдысын қалыптастыру
Жүйелік-әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша оқылған лексикалық грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану
Көрнекілік құралдары: СД ойнатқыш, оқу қызметін ынталандыруға арналған смайлдар.Алибек пен Муни бейнеленген бейдждер

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning.
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Мұғалім амандасқан кезде қолымен ишарат етеді, оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning,good morning
We are glad to see you!
How are you?
Fine, thanks! Sit down.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Бүгін біз өз досымыздың отбасын таныстыруды үйренуді жалғастырамыз.
Тірек білімді белсендіру
Фонетикалық жаттығу
Балар қараңдаршы бізге кім келді? Mr. Wise Crow-Mен амандасыңдар
Good morning Mr.Wise Crow
Mr.Wise Crow: Hello children.How are you?
Mr.Wise Crow Бүгін бізге жаңа [l] дыбысын ала келді. Мен бұл дыбысты мына бір көңілді әуенмен тыңдаған едім La-La-La lemon! La-la-la lamp!
Қараңыздаршы қандай әдемі дыбыс. Lets practice!Listen and say after me: [l] [l] [l]
Кәне бұдан да көңілдірек өлең айтып көрейік. Lets sing! La-la-la! Lo-lo-lo!Lu-lu-lu! Le-le-le!
-Well done,children!

Қазір біз өз досымыздың отбасы туралы баяндап беруді үйренеміз. Өздеріннің отбасыларын жөнінде айтқан кездегі қолданған сөздерді айтып көріңіздерші.
Cl: mother,father, sister,brother
T: Very good!

Жаңа материалмен жұмыс
-Балалар біз қонаққа барғанда әдептілік сақтауымыз керек. Ол нені білдіреді?
-Үй қожайындарымен амандасуға қоштасуға қонақжайлылығы үшін алғыс білдіруге міндеттіміз.
- Дұрыс балалар. Қазір біз біздің досымыз Муни Әлібектің үйіне қонаққа барады. Әлібек Муниді өз отбасымен қалай таныстырғанын тыңдаймыз.
1-жаттығу Listen and learn
Track19
-Тағы бір рет тыңдаймыз, өйткені осы жатттығуды орындағанннан кейін біз кино түсіреміз. Әрқайсысыңыз Әлібектің немесе оның әкесінің не әпкесінің немесе Мунидің ролін ойнайсыңдар.
Мұғалім оқушыларға тыңдаған материал бойынша көрініс қоюды ұсынады. Көрініс кезектілігін сақтау үшін кейіпкерлердің суреттері тақтаға ілінеді. Мұғалім балаларға көрініс қойған кезде суреттерге қарап бағыт алуға болатынын түсіндіреді. Мұғалім балаларды импрозициялауға бағыштайды. Сынып әрқайсысы 4 адамннан тұратын топтарға бөлінеді. Әр топтағы бала саны сюжеттегі кейіпкер санына тең. Сынып сюжеттің кейіпкерлері –Әлібек, оның әкесі және әпкесі және Муни санына тең 4 адамнан құрылған топтарға бөлінеді.
2-жаттығу Listen and learn the poem
-Балалар киномыздың соңына Әлібек өз отбасы туралы не деді?
- Дұрыс I love my family. Ал сендер өз отбасыларыңды жақсы көресіңдер ма? Өз ата-аналарыңа айтуға болатын тақпақты тыңдаңдар.
I love my mother
I love my father
I love my sister
And my little brother

Сергіту сәті
Hands up! Hands down!
Shake!Shake!
Stand up! On the tiptoes
Turn around. Step aside
Step left.Step right!

Дәптермен жұмыс
1-жаттығу Look and draw the lines Say who they are
Контурларды төменде берілген отбасы мүшелерінің суреттерімен сәйкестендіру. Мұғалім контурды атап : "Who is number 1…?”Деген сұрақ қояды.
Оқушылардың жауабы: This is his mother
This is his brother
This is his father
This is his sister
This is his grandfather
This is his grandmother

Сабақты қорытындылау
–Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Бүгінгі сабақ туралы ата-аналарыңа не айтып берсіңдер?
–Сабақта біз өз отбасымыз және досымыздың отбасы туралы әңгімеледі үйрендік. Әлібектің өз отыбасы туралы әңгімесін тыңдадық. Өз отбасымызды қалай жақыс көретінімізді айттық.
-Бүгін сен үшін не жаңа болды?
-Біз бүгін «отбасы ағашы » дегеннің не екенін білдік.
-Жарайсыңдар!
VI. Бағалау

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.