Главное меню

  • К списку уроков
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
06.12.2016 404 108 Назымбек Карим Қасымбекұлы

Сабақтың тақырыбы: Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан тарихы жайлы оқушылардың білімдерін жақсарту, отан тариханан мол мәліметтерді саралап білуіне үйрету. Көшпелілер мен отырықшы мәдениеттің арасындағы сабақтастық пен байналыстың бар екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Отырықшы мен көшпелілер арасындағы байланысты туралығ, Ұлы Жібек жолының мәдени байланыс жолы туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: «Мәңгілік Ел» жасаудағы ерте Қазақстан тарихының алатын орнын айта отырып, оқушылардың отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Қолданылатын технология: БжС технологиясы
Сабақтың әдісі: Баяндау,тірек-сызбалар,сұрақ-жауап,ой қозғау,сөзжұмбақ, АКТ.
Сабақтың көрнекілігі: Карта,тірек-сызбалар,суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу)

І. Кезең.
Үй тапсырмасын тексеру
Тест тапсырмасы арқылы: EasyQuizzy бағдарламасы арқылы 10 тест тапсырмасы.

Жаңа сабақ түсіндіру.
ІІ. Кезең. Жаңа сабақтың тірек сөздері:
1. Көшпелілер
2. Отырықшы
3-4. Қала мәдениеті
5. Төрткүлдер
6. Араб
7. Зороастризм
8. Будда -
9. Манихей – Орта ғасырларда Месопотамия жерінен шыққан дін.
10. Синкретизм – күрделі араластық деген мағына білдіретін сөз.

Жаңа тақырыпты оқуға оқушыларға белгілі бір уақыт беріледі (7 минут)
ІІІ кезең. Бетпе-бет сұрақтар.
1. Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету қандай тайпалар келді? (көшпелі малшы)
2. Көшпелілерде б.з.д 1 мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» қай аймақтағы отырықшы елдерге де кең таралды? (Қытайдан Дунайға)
3. «Оңтүстік Қазақстан жеріндегі түркілер тек көшпелі ел, ал соғдылықтар отырықшы ел» деп пікір айтқан тарихшы? (А.Н.Бернштам)
4. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жергілікті көшпелі түркі және ортаазиялық отырықшы соғдылық мәдениеттердің араласуымен қала мәдениеті нешінші ғасырда қалыптасты? (VII-XIIІ ғасырларда)
5. Қарахандар дәуірінде көшплілердің кей бөлігі отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі қалай аталады? (Төрткүлдер)
6. Қазақстан аумағында исламды таратушылар кімдер? (саманидтер)
7. Араб мәдениетімен бірге тағы арабтың қандай өнерлері келді? (араб жазуы, араб сәулет өнері, қыштан жасалған бұйымдар, эпиграфика)
8. Қазақстанда мұсылман дінін таратушы топтар пайда болды. Оларды кімдер? (хатибтар, мутавварлар, молдалар, имамдар)
9. Жібек жолы Қазақстанның қай жерлері арқылы өтті? (Оңтүстігі мен Жетісу)
10. Будда храмдары Қазақстанның қай қалаларынан табылды? (Ақмешіт, Красноречинск, Испиджаб (Сайрам)

ІV кезең. Сыни тұрғыдан сұрақтар:
1. Қалалардың қирауына сыртқы, көшпелі иеліктердің өзара қақтығыстары да себеп болды. (Жоқ, ішкі, көшпелі)
2. Аралдың батыс маңы, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Шу, Балхаш өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырышқылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды. (шығыс, төменгі, Талас)
3. Шығыс Азияның соғды-қарлұқ халықтары бұл саудаға қатысып, болат, мыс әшекей заттар, түрлі түсті шыны, дәрі-дәрмек, түрлі боялар, кілем әкеліп отырды. (Орталық, түрік, күміс, алтын, әйнек)
4. Жібек жолы арқылы тасымалданатын заттардың біразын түркі шонжарлары Испиджаб, Отырар, Тараз, Суябта ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде сатып алып тұрды.
5. VII ғасырды Шығыс Түрік қағандары батыстан келген будда дініне қолдау жасады. Будда дінінің Түркістандағы орталығы Жамбыл ауылы болды. (VIIІ, Батыс, шығыс, манихей, манихей, Қазақстандағы, Тараз, қаласы)
6. Б.з. V ғасырында Қазақстан жерінде VII- VIIІ ғасырларда кең тараған несториандық сарындағы христиан діні ене бастады. Несториандар қасиетті Мария құдайды емес, адам бейнесіндегі Христосты туды деп мәлімдеді.
7. Жаңа ғасырларда бұл өңір халқы жаңа шамандық-тәңірлік дінмен қатар әр жерде иудаизм, католик, правслав діндерді ұстанды. (Орта, көне, буддизм, манихейлік, христиандық)

V кезең. Сабақты қорытындылау:
5 минут «Отырықшылар мен көшпелілердің рухани жақындасуы» атты эссе жазылады. Эссе кем дегенде 63 сөзден тұру керек. Ең көп және ең аз сөз жазған оқушы оқиды.

Бағалау. 4-5 ұпай – «5»
3 ұпай – «4»
2 ұпай – «3»
Үй тапсырмасы: §21. Тақырып соңындағы 4, 6 сұрақтарға жазбаша жауап беру

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.