Главное меню

  • К списку уроков
Сақтардың ескерткіштері
15.04.2016 509 98 Нагиева Бакытжан Куспановна

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың ескерткіштері
Сабақтың мақсаттары:
Сақ тайпасы тарихы туралы білімдерін кеңейту. Оқушылар сақ мәдениетінің ескерткіштерін біледі. Қазақстанның өңірлерінде орналасқан сақ мәдениетінің ерекшеліктерімен танысады.
Эстетикалық тәрбие беру, өнерге, сұлулыққа деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың әдісі: баяндау, топтық жұмыс.
Негізгі жабдықтар: оқулық, ватман қағаз, фломастерлер, бағалау парағы, бейнефильм.
Оқу нәтижелері: Сақтардың мәдениеті туралы түсініктері қалыптасады. Қазақстан аумақтарындағы сақ мәдениетінің ескерткіштерін біледі.
Сілтеме: Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығы
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар төрт топқа бөлінеді.
Кіріспе
1-тапсырма.Ой шақыру стратегиясы:
Оқушылар сақтар туралы өз ойларын тездетіп айтып шығады.
Негізгі бөлім.
Сабақ тақырыбына шығу: Бейнефильм қарау. «Сақтар ескерткіштері». Сақтардың аңдық стильде жасалған бұйымдары.
2-тапсырма. Йә-жоқ:
1) Сақ тайпаларының Оңтүстік Қазақстандағы ең көне ескерткіші Түгіскен –Ұйғарақ па? Йә
2) Қызылордадан 300-шақырым жерден табылған қала Алтын-асар ма? Жоқ
3) Қыш күйдіретін пеш,қол диірмен тастары Бәбіш-Молда қала жұртынан табылды ма? Йә
4) Бесшатыр қорымы Б.з.б 8-7 ғасырларға жата ма? Жоқ
5) Бесшатыр қорымы үлкенді кішілі 31 обадан тұра ма? Йә
6) Алтын-адам Есік обасынан табылған ба? Йә
7) Алтын-адамды тапқан археолог Камал Ақышев па? Йә
8) Есік обасынан табылған бұйымдар саны 5000 мыңнан астам ба? Жоқ
9) Аң стилі мен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға сапарында танысқан ба?Йә
10) Сақтар танысқан өмір ағашы арыстан бейнесінде ме?
3-тапсырма. Ойлан тап. Адасқан әріптерді ретімен қойып, мағансын түсіндір.
1.ГЕТАССАМ 2.РАДЗЫБА 3. НОБАРСТ 4.ТОДРОГЕ 5. ЙАРАДАПАРА
4- тапсырма. Қазақстан аймақтарындағы сақ ескерткіштері. Постер қорғау.
1-топ. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан(Шірік-Рабат, Бәбіш –молда, Бесшатыр қорымы, Алтын киімді адам).
2-топ. Орталық Қазақстан( Тасмола мәдениеті, мұртты обалар).
3-топ. Солтүстік Қазақстан(Бірлік, алыпқаш, Бектеңіз обалары мен Қарлыға, Бөркі, Кеңөткел қоныстарынан табылған заттар. Ақтау бекініс қалашығы).
4-топ. Шығыс Қазақстан(Шілікті патша қорғандары, Берел қорымдары).
Топтық зерттеудің қорытындысы оқушылар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.
Қорытындылау. Инсерт әдісі
Білемін Мені таңғалдырды Маған қиын болды


А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

Сабақтың тақырыбы:
«Сақтардың ескерткіштері»
(6 «В» сынып)

Өткізген: Нагиева Б.К.

Орал-2016

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.