Главное меню

  • К списку уроков
Қола дәуіріндегі Қазақстан
15.04.2016 635 94 Нагиева Бакытжан Куспановна

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қол дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың топтық жұмыс шығармашылығы арқылы
ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Ұрпақ санасына ұлағатты ой ұялату.
Тәрбиелік: Достарын тыңдай білуге, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету, өз елінің тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, сұрақтар жазылған тапсырмалар , сұлбалар
мен кестелер.
Әдісі: Топтық жұмыс
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы
Сабақты жүргізу барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі / сабақтың мақсатымен таңыстыру/.
II. Оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшісін сайлау, бағалау парағын беру.
Балалар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда өзгешелеу өтеді. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» деп аталатын тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, еске түсіре отырып, қола дәуірінің ерекшелігі мен ескерткіштері туралы мәліметтер аламыз. Біз сендермен ойын әлеміне аттанамыз. Ойын арқылы сендердің білімдерінді тексеремін.
Таныстыру. Сыныпты төрт топқа бөлу.
- «Андрондықтар» тобы; «Беғазы – Дәндібай» тобы;
- « Діни көзқарастар» тобы; «Қола дәуірі» тобы.
1-кезең. «Сенемін – сенбеймін».
Кезең шарты: әр топқа кезекпен үш – үштен он екі сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады.
1-топ:
- Қола дәуірінде адамзат баласы металл өңдеуді игерді ( сенемін)
- Қола мыс пен қалайының қосындысы ( сенемін)
- Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген( сенбеймін)
2-топ:
- Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б.з.б. 2 мыңыншы жылдық – б.з.б. 8 ғасыр аралығын қамтиды (сенемін)
- Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл – күміс ( сенбеймін)
- Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген кезі еді (сенемін)
3-топ:
- Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді (сенемін)
- Қола дәуірі кезінде жеке меншік қалыптасты (сенемін)
- Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі түрі – терімшілік ( сенбеймін)
4-топ:
- Қола дәуірінде рулық қатынастар ыдырап, олардың орнына қуатты тайпалық бірлестіктер пайда болды (сенемін)
- Қола дәуірінде адам бұл дүниеде кім болса, арғы дүниеде со лкәсібін жалғастырады деп есептеген(сенемін)
- Қола дәуірінде қой мен сиырдың басы көбейді(сенбеймін).
2-кезең: «Сөйлемді толықтыр» ( топтарға карточка беріледі).
1-топ. Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері… (Андрон мәдениеті) деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері… (Андроново) деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі… (Ачинск) қаласының жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениет «...............................» деп аттанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті Орал өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі,…… (Батыс Сібір) алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан… (80) аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді.
2-топ. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы… (Петровка) мен… (Боголюбов) қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай – ақ ғалымдар Орталық Қазақстан умағынан қола дәуіріне тән… (30) қонысты,…
( 150) обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы… (Таңбалы – тас) пен Қаратау жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын… (Түгіскен) кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар… (еуропеоидтерге) ұқсаған.
3-топ. Андрондықтардың басты кәсібі… ( мал бағу), ................... (егіншілік) пен… (балық аулау) болған. Есіл, ...................., ...............,… (Есіл, Ертіс, Тобыл, Бұқтырма) өзендерін бойлай қоныстанған. Қоныстардың маңындағы егістікке .........., ..............,… ( бидай, арпа, тары) еккен. Андрондықтар жерді тесемен өндеген, ..........., ......., ......... мен… ( сиыр, қой, ешкі, жылқы) өсірген. Сазбалшықты… ( ыдыс) жасауға пайдаланды. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен… (металл өндеу) құрады.
4-топ.Тұрмыста тұңғыш пайдаланған метелл.... (мыс). Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеген ғалым..... (Марғұлан). Андрон тайпалары сүт өнімдері мен етті......(арнайы) қазылған шұңқырларда ......(сақтаған). Егіншілік дамығанын мына еңбек құралдары айқын дәлел диірмен, .... ( қола орақтар). Өздерінің құрылысы жағынан андрондықтар....(еуропеиодтерге) ұқсас. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі ....(көзе құмаралар).

3-кезең. «Сөздер сөйлейді».
Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады.
- Қола дәуірі— ( қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)
- Соқа( егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)
- Оба( қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
- Жеке меншік( жекелеген отбасылардың байлығы)
- Абыздар( рудың ежелгі салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)
- Тотемизм( шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
- Фетишизм( жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
- Анимизм ( жанға, рухқа сену)
4-кезең. «Суреттер сөйлейді».
1-топ «Арқайым қаласы».2-топ «Қола дәуіріндегі баспаналар туралы айту».
3-топ. «Жартасқа салынған суреттер туралы айту».4-топ. «Андрондықтардың қыш ыдыстары».
5-кезең. «Сандар сөйлейді» сәйкестендіру.
1) Б.з.б. 2800-б.з.б. 1ғ. - (қола дәуірі)
2) 1 млн тонна – (кен өндірілді)
3) 100 мың тонна – (1млн тонна кеннен 100 мың мыс қорытылды).
4) 1100 тонна – (Нарым мен Қалбада қалайы шығарды)
5) 30 және 150 – (Орталық Қазақстанда 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ)
6) 80-нен аса – (Солтүстік және Батыс Қазақстанның қоныстары зерттелуі).
6-кезең. Сөзжұмбақ шешу.
Қ а л б а
О ш а қ
м а Л
А б ы з
-
Д ә н ү к к і ш
С Ә т б а е в
е у р о п а л ы қ
Е с І л
а Р б а
т і с і
1. 1100 тонна қалайы шығарылған орын?
2. Жертөленің ішінде тастан орнатылды?
3. Қола дәуірінде көбейді?
4. Жоғары дінбасылары?
5. Тастан жасалған құрал?
6. Қазақтың белгілі ғалымы?
7. Андрондықтардың дене құрылысы жағынан ұқсады?
8. Андрондықтар бойлай қоныстанған өзеннің бірі?
9. Қаратауда салынған суретте көп кездеседі?
10. Андрондықтар тұмарша ретінде аңдардың несін тақты?
7-кезең. Топ басшыларына үлестірме қағазды таңдауға беру. Тапсырма
Қ.И.Сәтбаев туралы қысқаша мәлімет беру.
Ә.Х.Марғұлан туралы қысқаша мәлімет беру.
В.П.Алексеев туралы қысқаша мәлімет бер.
Зергерлік өнер.
8-кезең. Кесте толтыру.
Дәуір Тарихи шеңбері Тұрақтар
Қола(мыс пен қалайының қосындысы) Б.з.д. 2 мыңыншы жылдық - б.з.д. 8 ғасыр
(б.з.д. ІІ – I мыңжылдық) Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80 аса тұрақтары бар.
Қазақстанның Қостанай обл. мен Ресейдің Челябі обл. шекарасында Арқайым.
Солтүстік Қазақстаннан Петровка мен Боголюбов.
Сырдарияның төменгі ағысында Түгіскен кесенесі.
Андрон мәдениеті (б.з.д. XVIII-Xғ.) Алғаш рет Сібірдегі Ачинск маңындағы Андрон селосынан табылды.
Беғазы- Дәндібай мәдениеті (б.з.д X-VIII ғ.) Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы және Балқаштың солт. Беғазы қойнауы аттарына байланысты.
9-кезең. « Кім білгір, кім жылдам?».
Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.
1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? ( б.з.б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? ( В.Алексеев)
3) Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? ( Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы ( Ә.Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? ( 3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? ( Шығыс Қазақастан Мало – Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? ( Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? ( мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)
10-кезең. Топ атын қорғау.
«Андронов мәдениеті» «Беғазы –Дәндібай мәдениеті» «Қола дәуірі»«Діни көзқарастар»
Қорытындылау. Топтардың жұмыстарын бағалау. Оқушылардың бағасын журналға қою.
Үй тапсырмасын беру реферат жазу.
Бағалау парағы
№ Аты –жөні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Қорытынды
Баға
1
2

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.