Главное меню

  • К списку уроков
Қазақстан тарихы. Класс: 5 «Қазақ хандары мен билері»
11.01.2016 799 128 Наурызова Гулзира Избаскановна

Қазақстан тарихы.

Класс: 5 «а»

Мерзімі:

Тақырыбы:   Қазақ  хандары мен  билері

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және Қазақ хандығының коғамдык саяси құрылысымен таныстыра отырып, аты аңызға айналған Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының қызметіне баға беру.

Дамытушылық. Қазіргі Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының мемлекеттік басқару жүйесін салыстырып, ерекшеліктерін таба білуге үйрету.

Тәрбиелік. Қазақ хандарының ұлт мемлекеттігінің негізін салуы мен нығайту жолындағы ерлікке толы еңбектеріне баға бере отырып, олардың Қазақ хандығын жауға бермей, ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа мұра етіп қалдыруда атқарған қызметін үлгі етіп, жастардың бойларына сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қазақ хандары. Абылай хан, Кенесары хандардың портреттері, Қазақ хандығы құрылғаннан Қазақстанда хандық биліктің жойылғанға дейінгі кезеңдері сипатталған жеке карталар, кесте.

 

Сабақтың барысы.  

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасы.  Үйге берілген тапсырмаларды   төмендегі сұрақтар негізінде тексеремін. Сұрақтарды сыныпты екі нұсқаға бөліп таратамын.

І-нұсқа.

1. «Қазақ» деп алғашқыда кімдерді атады?

2. Алтын Орда мемлекетінің негізін салушы хан.

3. Жошы хан күмбезі кайда орналасқан?

4.1227 жылы Жошы өлгеннен кейін, оның Ұлысын кай балалары иеленді?

5. Алтын Орда мемлекетінің халқын қалай атады? Алтын Орданың ыдырауы кай ғасырда жүрді?

6. Қазақ хандығының негізін құрған хандарды атаңдар.

7.  М. Ж. Көпеев Қазақ халқының және мемлекетінің пайда болуын аты аңызға айналған қай ханның есімімен байланыстырады?

ІІ-нұска.

1.  Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды?

2.  Орда Ежен ұрпақтарынан Ақ Ордадағы билікті 1428 жылы кім тартып алды?

3.  Әбілқайырдың билігін мойындамаған рулар Шу өзені бойына көшіп болашақ қай мемлекеттің негізін салды?

4.  Ұлы жүз тайпалары қай аймақты мекендеді?

5.  Алаш тайпалары бұрын қай мемлекеттің құрамында өмір сүрген?

6.  Ш. Құдайбердиевтің «Шежіресі» бойынша Алтын Орда мемлекетінің өзбек, Қазақ, ноғай болып бөлінуінің себебі неде?

7.  Қазақ хандығының орнығуы ңай ханның есімімен байланысты?

 

Жаңа сабақтың жоспары:

І. Хан-ел билеушісі.

2.Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.

3.Аты аңызға айналған қазақ хандары.

4.Жошы хан.

5.Қазақ хандары.  Керей  мен  Жәнібек,  Бұрындық, Қасым,  Тәуке.

6.Қазақ  билері.  Төле би, Әйтеке  би, Қазыбек  би.

 

Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса мемлекет бар. Республика - мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге сайланатын халықтық басқару түрі. Монархиялық - әкеден балаға мұра ретінде берілетін, мемлекетті бір әулеттің басқару түрі.  Бүгінде монархиялық тәртіп сақтаған мемлекеттер әлі де бар. Сол сияқты XIX ғ-ға дейін қазақ елінде монархиялық жүйе сақталып мемлекетті Шыңғысханнан тарайтын төре ұрпақтары басқарды. Қазақ билік жүйесін кестенің көмегімен түсіндіремін.

ХАН-СҰЛТАН-БИ-АҚСАҚАЛ-АУЫЛБАСЫ-БАТЫРЛАР -ТӨЛЕҢГІТТЕР

         Хан -  хандықтың   басшысы.  Оның  қолында  мемлекеттік   маңызы  бар  көптеген  өкілеттік   болған.  Ол  аса  маңызды саяси-экономикалық   мәселелерді   шешумен  қатар  өз  атынан  бұйрықтар  шығарып  отырған. Хан  билігі  әкеден  балаға  мұраға  берілген,  оның  мұрагерін  сұлтан деп  атаған. Ханның  жеке  туы  мен  қасына  ертіп жүретін  нөкерлері  болған.  Ханның  жеке  шаруашылығын жүргізетін,  малын  бағатын  адамдарды  төлеңгіт  деп атаған.  Ел  басқаруда  хан жанындағы  ақсақалдарға,  билер  мен  батырлармен  ақылдасып, келіскен.

        Сабақтың келесі сатысында қазақ хандарының тарихына тоқталамын. Қазақтың  аты  аңызға  айналған  хандары  туралы  сеттерді пайдалана отырып, әңгімелеп беремін. Оқушыларға Алаша ханға, Жошы ханға арналып салынған күмбездердің суреті көрсетемін.Одан кейінгі Қазақ хандары тақырыпшасын оқушыларға кезек-кезек оқытып, қалған оқушылардан мазмұнын сұраймын. Дәптерге оқушылар «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «өз Тәукенің «Жеті жарғысы» деп жазып қояды.

        Билер туралы негізгі мәліметтерді оқыта отырып қысқаша конспект жазғызамын

Сабақтың негізгі жоспарына сәйкес әр Ұлы билерге жеке тоқталамын.

Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүзінің үйсін тайпасынан шыққан ірі мемлекет қайраткері. Жастайынан ел билеу ісіне араласкан Төле жоңғар шапкыншылығы кезінде елшілік қызметті де аткарды. Бұл оның халқын шапқыншылықтан, жаугершіліктен аман сақтап қалуына септігін тигізді.

Төле би қазақтың атақты «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі.

Қазыбек би Келдібекұлы Орта жүздің арғын тайпасының Қаракесек руынан шыкқан. Оның шешендігі мен саңқылдаған дауысына қарап халық Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. Тәуке хан бір кездері Орта жүздің билігін осы Қазыбекке сеніп тапсырған. Қаз дауысты Қазыбек би Тәуке ханның басшылығымен жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі.

Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің биі және белгілі мемлекет қайраткері. Әйтеке жастайынан мемлекеттік істерге араласып, ел арасында билік айта бастайды. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батыс өлкесінде Әйтекенің аты ертеден белгілі болады. Төле, Қазыбек билермен қатар Әйтеке де Тәуке ханның бастауымен құрастырылған XVIII ғасырдағы Қазақ халқының әдет-ғұрыптық жинағы болып табылатын «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.

Бұдан кейін жоғарыда сөз болған «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы оқушыларға түсіндіремін. Мұнда мұғалімде аталған заңдар жинағының қағазға жазылған нұсқасы болуы керек.

«Жеті жарғы» ХҮІІ-ХVIII ғасырдағы Қазақ халқының тұрмыстық әдет-ғұрыптық ережелерінің негізгі жиынтығы болып табылады.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы Тәуке ханның кезінде өмірге келген. Әуелден бастап ханның жанындағы Ұлы билердің кеңесі «Жеті жарғы» атанған. Оның құрамында жоғарыда аталған Ұлы билерден басқа да беделді адамдар болған. Бұл қазіргі парламент деңгейіндегі билік жүйесі. Аталған заңдар жинағьш құрастыруға Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты казақтың белгілі билері қатысқан.  

          Қорытындылау: Қазақ дәстүрінде ірі ұлыстарға билік жүргізген сұлтандарды да хан деп дәріптеді. Дегенмен алтын тақта отырған ұлы хандардың орны жоғары болған. Қазақ халқы хандарын сыйлап ак киізге кетеріп отырған, сонымен бірге Қазақтың хандары караша елін, туған жерін құрметтеген, игі жақсыларын сыйлаған, елге жау келгенде алдымен қарсы тұрған. Хандардың ішінде жауымен жағаласып соғыста қайтыс болғандары да аз емес.

Бекіту үшін   мына сұрақтарды қоямын:

         1. Ханның атқаратын қызметіне баға беріңдер.

         2. Хан болу үшін қандай басты талап қойылды?

         3. Қазақтың қандай хандарымен, олардың ерлік істерімен таныстыңдар?

Оқушыларды  бағалау.

Үйге тапсырма. 13-параграфты оқу.  Сұрақтарға  жауап  беру.  Тақырып  соңындағы  сызба мен  кестені  толтыру.

 Кестені   толтыр.

Қазақ  билері.

Билер

Өмір сүрген  жылдары

Атқарған  қызметі

 

 

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.