Главное меню

  • К списку уроков
Қазақстан тарихы «Сақ тайпалары туралы антикалық деректер» 10 сынып
25.09.2015 2549 137 Абишева Айнур Муратбековна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:ежелгі Қазақстанды мекендеген тайпалар туралы жазылған жазба деректермен таныстыру, деректерді салыстыруға, қорытынды жасауға үйрету
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Тәрбиелік: өз елінің тарихын құрметтеуге, елін, жерін сүйюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың типі:меңгерген білімдеріне шолу жасау
Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, ой қозғау, сұрақ -жауап , пікір алмасу
Көрнекілігі: карта «Қола дәуірі», «Темір дәуірі», слайдтар, видео
Пәнаралық байланыс:география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдсу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылар ұяшықтарды таңдау нәтижесінде, берілген сұрақтарға жауап береді

1. Қола дәуірінің негізгікезеңдерін ата
2. Қола дәуірінің ерекшелігін ата
3. Қола дәуірі тұрақтарының ерекшеліктері қандай?
4. Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық қатынастар қандай болды?
5. Түгіскен кесенесі мен Беғазы-Дәндібай ескерткішінің ұқсастығы неде?
6. Андронов мәдениеті турал не білесің?
7. Беғезы-Дәндібай мәдениеті туралы не білесің?
8. Қола дәуірінде зергерлік өнер қалай дамыды?
9. Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қандай болды?

ІІІ. Өзектілік кезеңі:
-Ерте темір дәуірінде б.з.б.8-3ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалық одақты атаңдар
-Сақтар туралы кімдер дерек қалдырып кетті?
-Деректің қандай түрлері бар?
-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
1. Көне парсы деректері
2. Көне грек авторларының шығармалары
3. Скиф данасы---Анахарсис
4. Қытай жазба деректері

Мұғалім көне парсы деректері туралы сипаттама беріп кетеді.
Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.

Топтық жұмыс:
1-топ. Көне грек авторларының шығармаларына талдау жасау


2-топ. Скиф данасы---Анахарсис

3-топ Қытай жазба деректеріне талдау жасау

Видео: Скиф-сақ алтыныңың жинақтамасы

V. Жаңа тақырыпты бекіту
Тест
1. Ахура Мазда Құдайына арналған «Авеста» жырларының авторы
+А ) Заратуштра
Б )Страбон
В ) Геродот
2. «Авеста» жыры неше кітаптан тұрады?
А ) 18
Б ) 20
+ В ) 21
3. Ежелгі грек географы әрі тарихшысы «География» еңбегінің авторы
А ) Геродот
+ Б )Страбон
В ) Заратуштра
4. «Тарих» атты б.з.д 5ғ еңбек неше томдық
А ) 7
Б ) 8
+В ) 9
5. Ежелгікиелі «Авеста» кітабы қай тілдежазылған
А )Көне роман тілінде
Б ) Көнетүріктілінде (Орхон-Енесей)
+В ) Көне парсы тілінде(Иран)
6. Қытай тарихшысы Сыма–Цяньның «Сюнну туралы хикая» деректер жинағында қай тайпаның өмірі суреттеледі?
+А )Ғұн
Б )Үйсін
В ) Авар
7. «Авеста» қасиетті кітабында кездесетін ұлы құдай
А )Ахура тур
+Б )Ахура Мазда
В )АхураМанью
8. Б.з.д 5 ғасырортасындажазылған «Тарих» атты 9 томдықеңбектің авторы
А )Страбон
Б ) Заратуштра
+В ) Геродот
9. Анахарсистің скиф және Эллин халықтарыныңөміртіршілігі , салт- санасыжайлы,әдет-ғұрыптары,кәсібітуралықаншаеңбегі бар
А ) 650-700
+Б ) 800 астам
В ) 750
10. Заратуштра 30 жасында қандай дінді ойлап табады
+А )Заростризм
Б ) Буддизм
В ) Христиан

VІ. Қорытындылау
Ежелгі Қазақстан тарихын оқып-үйренуде жазба деректердің алатын орны қандай?

VІІ. Бағалау кезеңі
Оқушылардың білімін бағалау

VІІІ.Үйге тапсырма
- §6 оқу, параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру (35 -бет)
-Ежелгі Қазақстанды мекендеген тайпалар туралы жазылған жазба деректер туралы қосымша мәлімет жинау

ІХ. Рефлексия кезеңі
-Сабақ қалай өтті?
- Бүгінгі сабақта қандай әсер алдыңдар?

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.