Главное меню

  • К списку уроков
Қазақстан тарих "Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары" 9 сынып
19.09.2015 765 98 Сарсембетова Ботакоз Серикбаевна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі
тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,
халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік құралдар: Карта, тірек схемалары, Абылай, Тәуке портреттері, әр түрлі кестелер.
Сабақтың түрі: Қайталау, қорыту сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, зейінді сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалімнің сөзі: Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі - Әбілхайыр хандығындағы ру – тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырауы - халық бұқарасының Әбілхайыр ханға наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты. Көшіп - қону тәртібі жиі бұзылады. Халық бейбіт өмірді аңсады. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайда дер кезінде, өз мақсат - тарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Оларға Шу бойынан қоныс бөліп берді.
1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.
Қазақ мемлекетінің ХVI - XVII ғғ. әлеуметтік - экономикалық жағдайы бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы 7 сатыдан қаланды: ауыл – ауыл басы, ата - аймақты - ақсақал, руды - рубасы, арысты - би, ұлысты - сұлтан, жүзді - хан, хандықты - қаған басқарды.
Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 - 1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 - 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас арқылы шешті. Ұлтының азаттығы үшін күрескен, өз заманының азаматы.

Картамен жұмыс
1. Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсету.
2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды.
«Тарихи үйірме» атты рөлдік ойын
Сынып екі топқа бөлінеді. 1 - топ Тәуке, 2 - топ Абылай. Әр оқушының атқаратын рөлі болады:
1. Реттеуші – ұйымдастыру(Әр оқушыға сөз беріп отырады).
2. Баяндаушы – топта өткен ой талқысын мұғалімге айтып береді.
3. Бейнелеуші – ол ханды көз алдына қалай елестейтінін, соны сурет арқылы бейнелеп, мінездеме береді.
Абылай хан тобы: ұстамды, жауына қатал, досына адал, қолбасшы, қаhарлы адам.
Тәуке хан тобы: дипломат, данышпан қолбасшы, ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға.
4. Сұрақ қоюшы – ой талқысы болған кезде сұрақтарды қояды.
Абылай хан тобы:
1. Абылай ханның ата тегін ата?
2. Абылай ханның XVIII ғ. әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткері, дипломат болғанын қалай дәлелдеуге болады?
3. Әбілхайыр ханның билігінің әлсіреуінің басты себебі не болды?
4. Қазақ тайпалары Әбілхайыр ханға неліктен наразы болды?
5. Моғолстан ханы Есен - бұға қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейге қай жерлерден жер бөліп берді?
Тәуке хан тобы:
1. Жеті жарғы қандай заң?
2. Жеті жарғы заңы неше тараудан тұрады?
3. Ұрлық жасағандарға қандай жаза қолданылды?
4. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды?
5. Керей мен Жәнібек хандарының туыстық жақындығы қандай?
6. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы қандай шаруашылық болды?
7. Қазақ хандығының құрылуының, нығаюының тарихи маңызы қандай?
5. Із қуушы – оқушы даталар бойынша жұмыс істейді.
Абылай хан тобы: 1711 - Абылайдың туған жылы.
1742 жыл Абылайдың Жоңғарларға тұтқынға түсуі.
1771 жыл Абылайдың хан болуы.
1757 - 1777 жж. Пекинге 10 елшілік жіберген.
Тәуке хан тобы: XVII - XVIII ғ. Жеті жарғы заңы шығарылды.
1687 - 88 ж. Орта Азиямен сауда дамытты.
1686 - 1693 жж. орыс - қазақ қатынастарын дамытты.
1718 жыл Тәуке хан қаза тапты.
6. Дәнекер – қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны. (ескерткіштер, кітаптар).
Абылай хан тобы: Абылай хан ескерткіштері Астанада, Алматыда, Қарағандыда орналасқан. Қасиетті Түркістан қаласында 2000 жылы Н. Назарбаевтың пәрменімен Абылай ханның басына орнатылған құлпытасқа М. Жұмабаевтың:
Қиын күн туған алаш басына,
Шұбыртып жапанның сар даласына.
Күндерде сонау – қара топсырған ел.
Сол күнде ел қорғаған Абылайдың
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына,- деген өшпес өлеңі жазылған.
Тәуке хан тобы: М. Жұмабаев «Түркістан» деп аталатын әйгілі өлеңінде құқық жүйесін жүйелеу ісінің күрделі, қиын және маңызының тарихта зор болғанын былайша суреттейді:
Әділ хан аз болды Назардайын,
Алашқа Есімханның жолы дайын,
Тәукедей данышпан хан құрған екен,
Басында Құлтөбенің Құрылтайын.
Қ. Байболұлының «Төле бидің тарихы» деп аталатын әйгілі дастанында да «Жеті жарғы» туралы айтылады.
7. Іздеуші – оқушының рөлі тақырыптан тыс мәліметтер, деректер келтіру.
Абылай хан тобы: Абылай сонымен қатар күйші болды. Күйлері: «Ақ толқын», «Дүние қалды», «Қайрат елім», «Қоржын қақпай», «Майда жел», «Сары бура».
Абылай жетпіске келіп дүниеден өтер кезде Бұхар жырауды шақырыпты.
Сонда Бұхар жырау Абылайдан былай деп сұрапты: «Не арман – тілегіңіз бар» деген екен?. Жауабы: Абылай жыраулармен мақұлдаса келе, үш арманын айтқан екен:
1. Көп қан төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болды.
2. Халқым жер емшегін еме алмады, қала кент салғызып үлгермедім.
3. Елдің басы бірікпеді, тентегі телесі көп болды.
Тәуке хан тобы: Ақылы асқан Әз - Тәуке хан бұл дүниеден өтер кезде: «Қазақтың ұраны бірлік» деп көзін жұмған екен.
Тәуке ханның елшісі, әрі кеңесшісінің бірі болған Қожаберген жырау «Жеті жарғының» пайда болуы – хақында былай дейді:
Шығайдан соң орнына Тәуке қалды,
Кезінде Әз - Тәуке деп атақ алды,
Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп,
Дейтұғын «Жеті жарғы» заң шығарды.
8. Жазушы – Абылай, Тәуке ханға арнап өлең жолдарын шығару.
9. Сілтеме жасаушы – осы тақырыпта қызықтырған оқиғаларды, мағлұматтарды келтіру.
10. Сөз тапқыш (Осы адамдар туралы мақал - мәтелдер, нақыл сөздер келтіреді).

Сөзжұмбақ шешу:

1. Абылай хан қазақтың қандай мемлекеттігін сақтауды көздеді?(Алаш)
2. Орта жүз ханы (Әбілмәмбет)
3. Үш жүздің өкілдері қол қойған тау аты қалай аталады?(Ұлытау)
4. Қазақтың соңғы ханы? (Уәлихан)
5. Үш жүздің бірі қалай аталады? (Орта)
6. Қазақстандағы өзен аты? (Жайық)

«Анаграмма»
анх, баыалй, әуек, натсул, кейер, аыср, кылса, нғсыыш.

Тарихи сынақ хат

Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі -................. хандығындағы ру - тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар,.............. ұрпақтарының билік үшін таласы.
............. сұлтандар қазақ тайпаларын бастап, қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс........... көш бастады. Моғолстан ханы.............. Керей мен Жәнібекке.......... өзеннің бойынан қоныс бөліп берді............. жылдары Қазақ хандығын құрды. Хан тағына.............. отырды. Қазақ хандығының құрылымы........... сатыдан қаланды. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы.............. шаруашылығы болды.

Қорытынды:
Тақырыпты қалай меңгергенін білу үшін, шығу парағын пайдаланамыз. Әр оқушыға шығупарағы таратылады, сол параққа олар бүгінгі тақырыптан не түсінді, барлығын қағазға жазып, тақтадағы ілініп тұрған конвертке апарып салады.
Бағалау. Жеңімпаздарды анықтап, баға қою.
Үй тапсырмасы: «Егер мен хан болсам.....» деген тақырыпта ой толғау жазу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.