Главное меню

  • К списку уроков
Қазақстан тарих "Ғылым мен білімнің дамуы" 7 сынып
06.06.2015 1096 0 Макратов Ерлан Сакенович

Сабақтың мақсаты.
Білімділік:X-XII ғасырларда ғылымның дамуын, көрнекті ғылымдар жайлы кеңінен мағлұматтар бере отырып, олардың еңбектерінің тарихы маңыздылығын ашып көрсету.
Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісінің артуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішпейілдікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Пәнарлық байланыс: Әдебиет, география пәндері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діні нанымдар болды?
2. Ислам діні қай кезде қабылданды және оны дін деп кім жариялаған?
3. Мұсылман дінінің мәдениет дамуына тигізетін әсері.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
IV. Жаңа сабақтың жоспары.
1.Ғылымның дамуы.
2.Тілбілімінің дамуы
3.Әдебиет.
Жаңа сабақты бастар алдында сабақтың мақсатымен таныстырамыз.
I. Ғылымның дамуы
1. Тарихшы: Әбу Насыр әл Фараби.
Шығыстың дүние дүзіне әйгілі, көрнекті ғылымы Әл Фараби туралы баяндағанда оның суретің, карта, тірек кестені пайдалана отырып, өмірі мен ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат береді.
2. Әдебиетші:
Әл Фараби әдебиет теориясымен жан-жақты шұғылданған ғылым. Осыған байланысты Сарапшы ғылымның еңбектерімен таныстырылады.
3. Сарапшы:
Тарихшылар мен әдебиетшілердңғ ойыны толықтыру енгізеді. Мысалы: «тархан» сөзі не нәрсені аңғартады.
1). Әл Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шың білдіреді.
2). Оның ата-бабасы дәулетті қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді.
II. Тіл білімнің дамуы.
1. Тарихшы: Махмуд Қашқари.
Тақырып сызба арқылы түсіндіріледі. Тіл білімінін дамуы оның шығармалары туралы түсінік беріледі.
2. Әдебиетші:
М. Қашқаридың «Диуани лұғмат ат-түрік» қазіргі түркі халықтарынығ бәріне ортақ мұра. Бұл еңбектің көшірме қолжазбасы ХХ ғ.бас кезінде табылған...
3. Сарапшы:
Тілші ғылым С.Мутталибов «Диуани лұғмат ат-түрікті » өзбек тіліне аударып, оны 1960-1963 ж. Ташкенттегі «Фан» баспасынан үш кітап етіп шығарады...

1, Тарихшы: Ж. Баласағұри.
Ж. Баласағұни- ХI ғ.аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі, қоғам қайраткері, энсиклопедист ғылым. Ақын өмірі туралы деректер мүлде аз сақталған. Оның өмірі мән ақындық қызметі жолында кейбірдеректерді «Құдатғу білік » дастанының соңғы үш тарауында әңгіме етеді...
2. Әдебиетші:
Ж. Баласағұнидің «Құдатғу білік» дастанынығ бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасымен таныстырады. Олар: «Вена», «Каир», «Наманған» нұсқалары
3. Сарапшы:
«Құдатғу білік » дастаны ақынның түркі тілінде жазған ең жақсы туындысы. Мысалы, Шың елінің адамдары «Әкімдердің әдептілігі» шығыс елдерінде «Әмірлердің сән-салтанаты», парсылары «Түркілердің шахнамасы » деп аталған...

X-XI ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар

Обю Аты жөні Еңбектері
Мазмұны

Ьлл 1. Махмұд Қашқари 1030-
109 1090 жж.ертедегі түрік тілін
Алғаш рет ғылыми тұрғыда зерттеген, түрік тілінің түсіндірме сөздігін жасаған бірінші ғалым. « Диуани лұғат ат-түрік» Түрік тілдерінің сөздігі. Түркі дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздігінң жиынтығы. Тіл тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар.
2. Жүсіп Баласұғыни 1021-
1075. « Құдатғу білік»( құт негізгі- білік). Онда түрік тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық саяси өмірі, әдет ғұрып, наным-сенімдерінен мағлұмат береді. Философия, алгебра сияқты ғылым салалары да қамтылған.

Осы ғалымдар сияқты Ахмет Иүгнеки және А.Яссауи туралы оқушылар өз ізденістерін баяндайды.
V.Жаңа сабақты бекіту
Кросворд шешу. Тақырыбы «ғалым»
«Чемпион» тест жүмысын жүргізу.
1. «Ғылымдар » 2. Еңбектері
1. М. Қашқари 1. «Диуани лұғмат ат-түрік»
2. Ж. Баласаұни 2. «Құдатғу білік »
3. Қ. А. Яссауи 3. «Даналық»
4. Әл-Фараби 4. «Өлең кітабы»
5. А. Күгінеш 5. «Аұиұат сыйы»
VI. Қорыту, бағалау.
X-XI ғасырлардағы тіл білімінің дамуы үлес қосқан ғылымдар

VII. Үйге тапсырма: & 20 оқу.
Әдебиеттер
1. Б. Коменов. «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» 7-сынып оқулығы және христоматиясы.
2. И. Келімбетов. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» 1950 ж .
3. «Шығыстың ұлы ғұмалары» «Аруана баспа сы».