Главное меню

  • К списку уроков
Ислам дінінің пайда болуы және оның әдет ғұрыптары
24.08.2016 326 50 Жолдыбаев Ерлан Умарович

Сабақтың тақырыбы:
Ислам дінінің пайда болуы және оның
әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ислам діні пайда болғанға дейінгі Араб түбегіндегі наным - сенім жағдайы, Ислам дініндегі сенім негіздері, бес парыздың міндеттелуі мен жалпы ерекшеліктері және бүгінгі күнгі таралу деңгейі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тарих сабақтарында араб халықтары туралы алған білімдерін еске түсіре отырып, білімге құштарлығын арттыру, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушылардың бойында адамгершілік дүниетанымның негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, кесте толтыру, ой бөлісу, интерактивті
Сабақ формасы: жеке, топтық
Көрнекілігі: Аравия картасы, суреттер, сызба, слайд, үлестірме қағаз
Пән аралық байланыс: тарих, география

Күтілетін нәтиже:
- Тақырыптың маңыздылығын түсіну;
- Кітаппен жұмыс жасай отырып, өз пікірлерін білдіреді;
- Оқу материалын меңгеруде өмірмен байланыстырып, өз ойларымен тұжырым жасайды.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Өзектілік кезеңі
IV. Жаңа тақырып
V. Бекіту
VI. Үйге тапсырма
VII. Қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Топқа бөлу (Әлемдік діндердің эмблемасын мозайка жинақтау арқылы үш топқа бөлу).
- Қызығушылықты ояту.
«...Бүгінгі біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.
Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл-факт.Бірақ,өздеріңіз білетіндей,шексіз еркіндік деген болмайды.Ол дегеніміз-хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс.
Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені,адамның өмірлік салты,тұрмысы,көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты.
Бүгінде,интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпарат тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болуы керек....»
(ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан)

II. Үй тапсырмасын тексеру.
(Топ басшылары таңдаулары бойынша үш конвертің бірін таңдайды)
1-топ. Ізденіс-зерттеу әдісі.
Тапсырма: «Христиан дінінің пайда болуы мен таралуы»
2-топ. Кесте толтыру.
Тапсырма: «Христиан басты бағаттары мен салалары»
№ Христиандықтың басты бағаттары мен салалары Негізігі белгілері




3-топ. Сұрақ-жауап.
1. Христиан діні қай ғасырда пайда болды? (І ғасырда).
2. Христиандық діни түсінікте Иисус кім? (хритиандықтың негізін салушы).
3. «Христос» сөзі мағынасы қандай? (көне грек тілінен аударғанда «құтқарушы» деген мағынадан шығады).
4. Рим императоры Теодосиус қай жылы хритиан дінін Рим империясының ресми діні деп жариялады? (380 жылы).
5. Христиандардың басты кітабы Інжіл кітабы неше бөлімнен тұрады? (Екі бөлімнен: «Көне Өсиет» және «Жаңа Өсиет»).
6. Секулиризация деген не? (қоғамның әртүрлі салалары мен топтары, жеке адамдарының дін ықпалынан арылуы).
7. Католиктердің шіркеу мен мемлекетке қатысты позициясы қандай? (олар шіркеу мен мемлекеттің қатынасын мақсат бірлігіне негізделген ымыраластықты құрады).
8. Шіркеу дегеніміз не? (қоғамдық-организм).
9. Діннің қоғамдағы мәртебесі қандай? (әлемде тепе-теңдікті сақтауда, бейбітшілік жолындағы күресте үлкен роль атқарады).

III. Өзектілік кезеңі.
Сонымен, оқушылар, біз әлемдік кең таралған діндердің бірі христиан діні туралы жалпы түсінікті қарастырдық. Исламнан кейін елімізде қалыптасқан дәстүрлі дін православие екенін білдік. Біздің Отанымыз егеменді Қазақстан болғандықтан, мұндағы басты дәстүрлі дін – Ислам. Осы ислам дінінің шыққан жері Арабия екені белгілі. Ислам діні пайда болғанға дейінгі араб түбегі халықтарының қоғамдық жағдайы, наным-сенімі туралы және Ислам діні жөнінде бүгінгі жаңа сабағымызда қарастырамыз. Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ислам. Ислам діні пайда болғанға дейінгі Араб түбегі халықтарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері».

IV. Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, түсіндіру.
«Инсерт» картасы
білемін білгім келеді білдім
Жаңа сабақ жоспары:
Кіріспе: Арабия түбегіндегі елдер. «Миға шабуыл».
Арабия түбегіндегі қандай елдерді білеміз?
(оқушылар дүниежүзі тарихынан алған білімдерін еске түсіріп, картадан көрсетеді).
Қазіргі заманда Арабия түбегінде Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Оман тағы да басқа елдер бар. Бұл мемлекетте тұратын халықтар ежелгі арабтардың ұрпақтары болып табылады. Арабтардың ата-қонысы әрі Ислам дінінің бесігі болып табылатын Араб түбегі немесе Арабстан жері Азия құрлығының оңтүстік-батыс аумағында орналасқан. Оның шығысында Омман теңізі Парсы шығанағы, батысында Қызыл теңіз, солтүстігінде Ирак пен Сирия оңтүстігінде Аден шығанағы мен Үнді мұхиты орын алады. Кейбір географтардың айтуы бойынша Сирия мен Ирактың жерлері де Араб түбегіне қарайды. Ол жерлерде шығыс арабтары өмір сүреді. Арабтардың ата-мекені болып табылатын Арабия бүгінгі таңда Сауд Аравиясы мен Йемен мемлекетіне қарайтын географиялық кеңістік болып табылады.
Түрлі отбасылардан тұратын рулардан пайда болған тайпалардың бір бөлігі көшпелі (бәдәуи), басқа бір бөлігі отырықшыл (хадари) болған.
Егіншілікпен айналысқан көшпелі бәдәуи арабтар араб түбегінде ғана емес, көршілес Месопотамия, Сирия, Палестина жерлерінде де мекендеген. Йемен, Мекке, Ясриб сияқты Оңтүстік арабияның шағын қалалары сауда жүретін жолдардың бойында орналасқандықтан, бұл қалаларда негізінен сауда-саттық ісі қарқынды жүрген.
Топтық жұмыс:
1-топ: Рухан азғындық «Араб халықтарының наным-сенімдері» сипаттама
2-топ: «Қараңғылық дәуірі»
3-топ: «Шешендік өнер»

Ақпаратандыру: Ислам дінінің пайда болуы.
1-оқушы: Ислам – біздің заманымыздың 609 - 632 жылдар аралығында ( VII ғасыр) шығыс пен батыс мәдениеттері тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болған әлемдік діндердің ең жасы. Ол әлемде кең таралу жағынан екінші орында. Бұл кезде Араб түбегіндегі діни наным - сенім өте күрделілігімен ерекшеленді. Көне ғасырлардан келе жатқан иудейлік пен христиандық діндері де өз ықпалын сақтап тұрды. Христиан дінінің несториандық бағыты Сирия, Палестина, Месопотамияға тарады. Бұл кезеңде Арабияның маңайында Византия, Мысыр, Ақсум секілді христиан мемлекеттері қалыптасты. Оңтүстік Арабияның қалаларын христиан қауымдары мен храмдары жайлады. Бұдан басқа оңтүстіктегі арабтарға Ираннан келген зороастризм де өз әсерін тигізді. Арабтардың өз ішінде көпқұдайшылдық, пұтқа табынушылық та кең тараған еді. Бірақ, Ибраhим пайғамбардан келе жатқан бір Құдайға сенетін, пұтқа табынбайтын Ханиф дінін ұстанушылар да кездесті. Ислам діні міне, осындай күрделі уақытта пайда болды. Ол ортағасырлық араб халқын ортақ идеяға ұйыстыруда, біртұтас ел қалыптастыруда, жаңа саяси құрылым «халифаттың» орнығуында, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды.
2-оқушы: «Ислам» сөзі арабшада «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсұну» деген мағыналарды білдіреді. Жаратушыны жалғыз, дара деп қабылдауымен Ислам монотеистік дін болып табылады. Негізгі ұстанатындары – Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс - амалдары (сүннеті). Деректер бойынша, хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл - ойы кемелденген 40 жасында қонған. Елшілік мітдетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жәбірейіл періште жеткізген делінеді. Періштенің жеткізген аяндары «уахи» деп аталған.
Мұсылмандарда адам Құдайдың құлы, ең алғашқы пайғамбар Адам (а. с.), ал ең соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммед (с. а. с.) болып есептелінеді. Екеуінің арасында жіберілген пайғамбарлардың баршасына иман етіледі.
Адам Ата мен Хауа Ана шайтанның азғыруымен өздеріне тыйым салынған жемісті жеуімен Жұмақтан жерге түскен. Алайда, бұл христиандықтағыдай адам баласы о бастан күнаhар деген ұғымды білдірмейді.
Исламда адамның ең үлкен жауы - шайтан мен нәпсі болып табылады.
Хазірет Мұхаммед (с. а. с.) бұрынғы пайғамбарлар сияқты белгілі бір қауымдарға ғана емес, күллі адамзатқа жіберілген Алла тағаланың елшісі ретінде ерекшеленеді.
3-оқушы: Қоғамның түзелуін жеке адамдардың түзелуімен байланыстырған Ислам діні жеке адамның міндеттерін бекіткен. Ол «шариғат заңдары» деп аталған (араб тілінде «шариғат – тура жол» деген мағынаны білдіреді).
Исламдағы шариғат негізінен төрт мәселені қарастырады: Сенім, Амал, Тәрбие, Құқықтық істер.

Топтық жұмыс: кластер құру
1-топ: «Ислам дінінің таралуы, «Шариғат заңдары».
2-топ: «Ислам дінінің бес парызы».
3-топ: «Иман шарттары».

Ислам дінінің таралу аймағы (мұғалім картадан көрсетіп, түсіндіреді).
VII ғасыр, ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.
Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың саны шамамен 2 млрд-қа жуық. Олардың 90 пайызы сунниттер. Шиттер Иран мен Ирак аймағында кездеседі. Ислам діні әлемнің 120-дан астам елінде тараған. Әлемнің 28 елінде, атап айтсақ Сауд Арабиясы, Мысыр, Иран, және тағы басқа елдердің ресми діні болып жарияланған. Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.
Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:
1. 1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы
2. 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы
3. 1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы

V. Бекіту:
1. Ислам діні пайда болғанға дейінгі Араб түбегіндегі наным-сенім жағдайы қалай еді?
2. Ислам діні сенім негіздері бойынша қандай дінге жатады?
3. Ислам діні қандай бес парызды міндеттейді?
4. Ислам дінінде нелерге сену міндеттеледі?
5. Ислам дінінің жалпы ерекшеліктеріне нелер жатады?
6. Ислам дінінің бүгінгі таралу деңгейі қандай?
Сөзжұмбақ
1. «Тура, дұрыс жол» дегенді білдіреді (Шариғат)
2. Ислам діні пайда болған түбек (Арабия)
3. Ясриб қаласының қазіргі атауы (Мәдина)
4. Бес парыздың бірі (Қажылық)
5. Мұсылмандар оны «әл-хажарул-әсуәд» деп атайды? (Қағба)
Ш А Р И Ғ А Т
А Р А Б И Я
М Ә Д И Н А
Қ А Ж Ы Л Ы Қ
Қ А Ғ Б А

VI. Қорытындылау.
Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз.
Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.
Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.
Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда.
Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек.
Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол - біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. (ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан)

VII. Үйге тапсырма.
1. §11.1 сұрақтар
2. Венн диаграммасы. Христиан мен ислам дінін салыстыру.
VIII. Бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.