Главное меню

  • К списку уроков
"Оқушылардың жетістіктерін бағалаудағы халықаралық зерттеулер: психологиялық-педагогикалық аспект"
09.01.2016 720 94 Шаймердинова Гулдер Елтаевна

"Оқушылардың жетістіктерін бағалаудағы халықаралық зерттеулер: психологиялық-педагогикалық аспект"

Бүгінгі күні жер жүзінде білім беру саласындағы ғалымдар мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны «ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындаймыз?» деген мәселе.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі – оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында болып отыр.

      Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA  халықаралық зерттеуіне қатысуда.

   Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.

Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.

PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.

        2015 жылы білім алушылармен: математика, оқу, ғылым, жалпы мәселені шешу бағыттары бойынша тестілеу жүргізіледі. 2015 жылы басты қызығушылық ғылыми сауаттылыққа бағытталады.

Бағыттың бастыларының бірі - оқудағы сауаттылық. «Оқудағы сауаттылық» бағытындағы PISA тест нақты құзыреттіліктерді анықтап алып отыр, мектептегі білім беру сапасын бағалау саласындағы сарапшылар көзқарасына сүйенсек, ол оқушылардың алған білімі мен дағдысын нақты өмір жағдайында сәтті қолдана алуына қажет деп санайды.

Тестідегі әр тапсырмада 15 жасар білім алушы нақты өмірде кездесуі мүмкін шынайы оқытушылық тапсырма жасалады.

Оқушылар мектепте алғысы келген білімге көп жағдайда қол жеткізе бермейді. Өмір бойы білім алу үшін жастарға тек білім мен дағды ғана қажет емес, сонымен қатар қалай және не үшін оқу керек деген сауалға жауап алу үшін ізденулері қажет. PISA білім алушылардың оқу, математика және ғылыми сауаттылығын тексеріп қана қоймайды, сонымен қатар олардың уәжін анықтау, өзіне деген сенімі және оқытудағы стратегиясын анықтауға тырысады.

 

Жоғарыда айтып өткеннің нәтижесінде 15 жасар білім алушыларды PISA зерттеулер деңгейіне жеткізу үшін жасалатын нақты шаралар ұсынылды.

Айта кететін жағдай, ұсыныстар тізімі білімберу мекемелеріне бағытталған десек болады, ал мектеп мұғалімдеріне қатысты нақты ұсыныс болмады. Сондықтан, қазіргі жағдайда мұғалімдер алда тұрған мақсатқа қол жеткізу үшін күнделікті жасалатын жұмыс кестесін құрып алуы керек пе деген ой келеді. Ол кесте, ең біріншіден,мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін шыңдауға бағытталған жұмыстан тұратыны түсінікті.

Тәжірибеде, қазақ тілін оқыту кезінде оқушылардың ойлау мен сөйлеу әрекеттері бір-бірімен тығыз байланысты қалыптасады және дамиды. Сондықтан PISA жобасының бір бағытын жүзеге асыру оқыту арқылы оқушы тілін дамыту — ойлау амалдары мен ойлау тәсілдерін игертіп, ойын жарыққа шығара білу және сөйлеу іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Ал ойлау мен сөйлеуді дамыту оқушылардың оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырумен байланысты.

Қазіргі дидактикада Л. А. Аристова, Ю. К. Бабанский, Л. В. Занков, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, К. А. Половникова сияқты педагог-әдіскерлер тілді дамыта оқытудың құрылымдық-жүйелілік мәселелерін негіздесе, ал Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Л. С. Рубинштейн, А. Р. Лурия, Л. И. Божович, А. Я. Галыперин, Д. Б. Эльконин, Ж.Аймауытов, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов т.б. ғалымдар сөйлеудің психологиялық іс-әрекет арқылы даму теориясын жасады.

Психологиялық әдебиетте мәтінді іріктеудің жобалау, жоспарлау, іске асыру және бақылау фазалары анықталған. Демек, оқушылардың мәтінді оқу және меңгеруде дамыту үрдісінде сөйлеудің осы фазаларына сәйкес төмендегіше шеберлік мен дағдылар қалыптастырылады:

- сөйлеудің міндеті мен шарты бойынша болжамдауда сөйлеу мазмұны мен көлемін белгілеу, яғни шығарманың шекарасын анықтай білу шеберлігі;

- сөйлеуді жоспарлау бойынша қажетті материалды жинақтау, жүйеге келтіру, реттеу шеберлігі;

- сөйлеуді жүзеге асыру бойынша - мазмұнды, ойын дұрыс, жүйелі, нақты, таза, мәнерлі т.б. жеткізе білу шеберлігі;

- сөйлескенді бақылау бойынша –жазған, айтқанды жетілдіру шеберлігі.

Бұл тәжірибе барысында оқушылар бойында икемділік пен дағды және тілдік ұғымдар игеру кезеңдері бойынша қарастырылды.

Бірінші кезең — оқушыларға жағдайға байланысты тілдік құралдарды дұрыс-бұрыстығын сезінуі немесе байқауы, ұғымдарды игеруі. Бұл – мәтінді игерудің алғашқы сатысы. Негізгі мақсат — сөз байлығын дамыту, жаңа сөз үйрету, лексикалық қорды кеңейту. Бұл кезеңде оқушының тілдік құралды қолдана білу дағдыларын қалыптастырып, өз тәжірибесінде сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемді қолдана білуге баулу қажет.

Екінші кезең - белгілі бір ойды құрастыру, сол өз ойын жеткізуге байланысты сөйлем құрай білу. Бұл кезеңде оқушының ойлау жүйесінің күрделенуі мен сөйлеу әрекетінде тілдік құралдарды сол ойына сай таңдай білу жұмыстары жүргізіледі. Онда сөйлемнің мағыналық, құрылымдық, стилистикалық түрлері т.б. игертілуі мақсат етіледі. Осы мақсатта түрліше жаттығулардың септігі тиеді. Әсіресе, сөйлесім жаттығулары мәтіндегі сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мағыналық, стилистикалық сипатын ашуға бағытталады.

Үшінші кезең — ой-пікірді жеткізе білудің, анализ-синтездік, индукциялық және дедукциялық ой қорытындыларының формаларын игеруі. Бұл кезеңде мазмұнды, жүйелі сөйлей білу дағдыларын игерту жұмыстары жүргізіледі. Жаттығулардың ауызша, жазбаша түрі, функциональдық стиль түрлері мен олардың тілдік ерекшеліктері, мәтіннің жанрлық түрі, т.б. туралы білім мен дағды беріледі.

Оқушыларда мәтінді меңгеру ерекшелігі және сөздік қор мен психикалық үдерістері ұлғайған сайын оның сөйлеуге кажетсінетін сөздер саны да өсіп отырады. Мұның өзі оқушының психикасы мен сөздік қорының арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстарында сөздік қор мен психикалық қасиеттерінің арасындағы қатыстар анықталды. Мәселен, мәтінді меңгеру нәтижесінде туындаған сөздік қор мынадай психикалық қасиеттермен тығыз байланысты:

1) сөздік қор және ойлау;

2) сөздік қор және сөйлеу;

3) сөздік қор және ұғым.

Игеруге тиісті материал мен оқу амал-әрекеттерінің бірлігін қамтамасыз ететін ойлауды дамыту - тілді дамытудың негізгі шарты. Сондықтан оқушының сөздік корының баюы да ойлау әрекетіне байланысты болады.

Адам әрекеті - күрделі үдеріс. Оның құрамына козғалыстардың жүйесі де кіреді. Оқушылар әрекет пен амалдар арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны өз шамасында өзгертіп, дамытып отырады. Сондықтан адам психикасы іс-әрекет үстінде дамып калыптасады. Ал адам әрекетінің әрқайсысы (ойын, оқу, еңбек және нұсқалары) әр уақытта белгілі бір мақсат, міндетгерге бағытталып отырады.

PISA зерттеуінің басты алғышарты мәтінді тек оқып, меңгеріп қана қоймай, ол мәтіннен алғанын күнделікті өмірде молынан қолдануға бағытталған осындай жұмыстар оқушылар жетісітігін онан әрі молайтуда септігін тигізеді деп есептейміз. Оқушылар жетістігін бағалаудағы халықаралық зерттеулерді сараптау кезінде байқағанымыз – шет елдік ғалымдардың ұсынып отырған әдіс-тәсілдері Отандық ғылымда кеңінен етек алған.

Мәтінді оқи және талдау білу әрекеті ретінде түсіндіру теориясы педагогика және психология ғылымының ана тілін оқытуды жетілдірудің ғылыми негізі бола отыра, әдістемелік ой-пікірлердің дамуына да жағдай жасайды:

- мәтінді меңгертуге бағытталған тіл дамыту жұмыстары психикалық танымға (түйсіну, кабылдау, ес, ойлау, қиял) негізделеді;

- психологикалық ерекшеліктерін ескеріп, мәтіндерді меңгеруге бағытталған ауызша, жазбаша жаттығуларды бір-бірімен байланыстыра, ұштастыра жүргізу, талдау, жинақтау, салыстыру, ассоциациялық әдістерді пайдалану, ой қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін қолдануға мүмкіндік жасайды;

- мәтіндерді меңгеру барысында жүргізілетін жаттығу жұмыстарын психикалық таным үрдістерінің даму заңдылықтары және оқушылардың ерік сезімдері мен жеке ерекшеліктеріне (темперамент, мінез, қабілет) сүйеніп жүргізіледі;

- логикалық ойлау амалдары анализ (талдау) және синтез (жинақтау) бен индукциялық және дедукциялық ой қорытындыларын жасай алу әдістерді меңгеруге байланысты ойы мен тілі дамытылады.

Біздің мақсатымыз – осы әдіс-тәсілдерді оңтайлы қолданып, халықаралық деңгейде мардымды білім көрсете алу. Осы ұлағатты жолда бәрімізге сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін.

Назарларыңызға рахмет!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.