Главное меню

  • К списку уроков
«Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік
16.10.2015 1154 90 Каражанова Азиза Жантасовна

Даярлық тобы
Мақсаты:Балаларға күз мерекесі жайлы түсінік беру.
Міндеттері:
1) Алтын күз мерекесін өткізу.
2)Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әр түрлі суреттер,фортепиано аспабы, үнтаспа т.б.
Барысы:
Кейіпкерлер: Күз ханшайымы¬ - тәрбиеші.
Саңырауқұлақ - тәрбиеші
Кірпі ¬– бала
Тиін –бала
(Балалар музыка ырғағымен залға кіреді. Жұптармен өз орындарына тұрады.)
1 Бала: Күз!
2 Бала: Күз!
3 Бала: Күз!
4 Бала: Күз!
5 Бала: Күз!
Бәрі: Сен жапырақтармен шулайсын!
1 Бала: Күз!
2 Бала: Күз!
3 Бала: Күз!
4 Бала: Күз!
Бәрі: Сенің мерекең келе жатыр!
1 Бала:
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойнайық та, күлейік,
Мәз боп, бірге жүрелік.
2 Бала:
Күз сыны бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де
Күзбенен сәулетті.
3 бала:
Алақай,күз келді.
Қарық қып жеміске,
Сарғайды түз, белде.
Толқысын егіс те.
Жүргізуші-
Күз ханшайымы: Сәлеметміздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен сіздерді көргеніме өте ризамын.
Мінеки, бізге Алтын күз келді.
Ал ормандағы күз қандай екен?
Ағаштардың арасында,
Сарғайып тұр жапырақтар,
Шулайды, шайқалады.
Сап¬-сары жапырақтар.
(Балалар Күз туралы ән орындайды.)
«Күз» әні орындалады.
Күз ханшайымы: Бәрекелді!
Балалар, сендер өз туған жерлеріңді сүйесіңдерме?
Балалар: Иә!
Күз ханшайымы: Дұрыс, мен де өзімнің туған жерімді өте жақсы көремін, өзіміздің ормандарымызды, даламызды, өзендерімізді, құстардың әндерін жақсы көремін.
Сүйікті біздің туған жеріміз,
Көгілдір өзендеріміз.
Ағаштар мен қайыңдар,
Сәнденіп тұр әдемі.
Мерекемізге біздің,
Сіздерді шақырамыз.
Туған жерлерімізді мақтап,
Әндерді біз айтамыз.
«Күз келіпті!» әні орындалады.
(Кенеттен саңырауқұлақ келеді.)
Саңырауқұлақ: Сәлем, Күз!
Күз ханшайымы: Сәлем, сен кімсің?
Саңырауқұлақ: Сен мені танымай тұрсыңба?
Сәлеметсіздерме балалар! Мен осы ормандағы
үлкен саңырауқұлақпын. Мен бүкіл әлемде бәрін білемін!
Күз ханшайымы: Олай, болмайды ғой!
Саңырауқұлақ: Мен қазір балалардың нені ойлап тұрғанын білемін.
Балалар: Нені?
Саңырауқұлақ: Сендер өткен жаз туралы ойлап тұрсыңдар, осы жаз ешқашан бітпесе екен деп ойлап тұрсыңдар. Қалай, дәл ма?
Балалар: Иә!
Күз ханшайымы: Иә, саңырауқұлақ балалар жаздың аяқталғанын қаламайды. Олар, далада әрқашанда жылы болғанын, далада ойнап, көлге барып шомылуды қалайды. Біздің балаларымыз жаз туралы тақпақтарын айтқылары келіп тұр!
(Балалар жаз туралы тақпақтарын айтады.)
Саңырауқұлақ: Балалар, сендер жаздың қайтадан келуін қалайсыңдарма?
Балалар: Иә! Тек олай бола ма?
Саңырауқұлақ: Менің қолымнан бәрі келеді!
Мінеки жаз, Мархабат!!!
(Алақанмен үш рет соғады, ортаға саңырауқұлақтар жүгіріп шығады да жарты-шеңберге тұрады.)
Саңырауқұлақ: Мінеки, қараңдар жазда келді!
Қандай әдемі саңырауқұлақтар мерекеге келді!
Саңырауқұлақ : Біз достармыз, ағайынбыз,
Санап көрші біздерді.
Өтінеміз, жемеңіз,
Біз өнерлі баламыз!!!
Күз ханшайымы: Кәне, өз өнерлеріңді көрсетіңдер бәріміз тамашалайық
« саңырауқұлақтар биі!» орынадалады.
Саңырауқұлақ: Тамаша! өте жақсы!!!
(Үйшіктің ішінде балтаның дауысы естіледі, үйшік залдың бұрышында тұр!)
Күз ханшайымы: Саңырауқұлақ, сен білмейсіңба, бұл қандай дыбыстар шығып жатыр?
Саңырауқұлақ: Мен ақ саңырауқұлақпын, мен бәрін де білемін.
Бұл құмырсқа ғой, ол қысқы дайындықтар жасап жатыр.
Ол өте жұмыскер. Ал, бізге балалар құмырсқа туралы тақпақтар айтып берсін!
(Балалар шығып құмырсқа туралы тақпақтар айтады.)
Саңырауқұлақ: Біздің күзгі балымызға,
Кірпіні де шақырдық.
(Залға кірпі себетпен кіреді, көңіл-күйі жоқ!)
Саңырауқұлақ: Кірпі, тоқта, сенің неге көңілің жоқ?
Кірпі: Сендер мында би билеп, ән айтып отырсыңдар, ал менің көңіл-көтеруіме уақытым жоқ, тек жұмыс істеймін
(Ренжіп шығып кетеді.)
Саңырауқұлақ: Кірпі тоқта, сен себетіңді ұмытып кеттің!
Кірпі: Жоқ, ол менікі емес?
Саңырауқұлақ: Кімнің себеті, балалар?
Тиін: Бұл менің себетім! Әзер тауып, алдым ғой!
Рахмет, сендерге балалар!
Саңырауқұлақ: Кәне, бәріміз қарайықшы себеттің ішінде не бар екен?
(Алып қарайды.)
Тиін: Мен өзіммен бірге бір қызықты ойын алып келдім!
«жеміс – жидектің дәмін ажырат»
ойыны ойналады.
Тиін: Бәрекелді, балалар! Сендер өте жақсы жеміс – жидектердің дәмін өте жақсы ажырата аласыңдар.
Күз ханшайымы: Тиін, біздің балаларымыз сізге көңілді ән айтқылары келіп тұр!
« Күз жомарт» әні орындалады.
Тиін: Рахмет, балалар! Маған өте ұнады!
Менің сендерге әкелген сарқытым бар!
(Себеттен кәмпиттерді шығарып таратады!)
Саңырауқұлақ пен тиін: (Балалармен қоштасады.) Сау болыңдар балалар! Музыка әуенімен балалар топқа шығып кетеді.
Жүргізуші: Күзгі бақтағы қонақтар!
Айналайын балалар,
Мерекеміз бүгінгі,
Естен кетпес күн болды.
Бақыт тілеп бәрімізге.
«Сау болыңыздар» деп,
Аман-саулық тілеп,
Мерекені аяқтайық.
Осымен «Алтын күз» мерекесін аяқтауға рұқсат етіңіздер. Зейін
қойып тыңдағандарыңызға көп, көп рахмет!

Келісілді Бекітілді
МҚКК № 12 сәбилер МҚКК №12 сәбилер
бақшасының әдіскері: бақшасының басшысы
А.М.Арыкпанова Г.С.Сердалина
Қолы қолы



«Күз мерекесі» атты ертеңгілікке даярлық тобына арналған әзірлеме

Музыка жетекшісі: А.Ж.Каражанова

2015 – 2016 оқу жылы

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.