Главное меню

  • К списку уроков
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
21.04.2016 336 92 Аширбекова Айжан Аукишовна

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Аширбекова Айжан Аукишовна
Қарағанды қаласы
№10 жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Берген алар,
Еккен орар
(Ахмет Байтұрсынов)
Біз ХХІ ғасырдың зиялы қауымымыз. Балалар күннен күнге дамып келе жатқан заманда мұғалім одан екі есе дамуы тиіс. Ол үшін үздіксіз еңбек етіп, ғылым шыңында шыңдалуы керек.
Қазіргі заман – ғылым мен білімнің дамып келе жатқан кезі. Елімізде дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар сансыз көп. Әсіресе, білім саласында күн санап тың өзгерістер бет алып келуде. Дамыған мемлекеттің дамыған қызметкері болу үшін ең алдымен өз мамандығыңды сүйе білуге, қадірлеуге, керісінше, қадірлетуге, сыйлауға дағдыландыру керек сияқты. Бұл – бүгінгі заман талабы.
Бүгінгі таңның баласы да өзгеше, қашан да жаңалықты тосып отырғандай. Ескі дәстүрмен өтілген сабаққа қанағаттанбағандық танытарлықтай іспетті. Ақпараттық құралдарға тәуелденіп бара жатыр. Ал бұл біздің ауқымды мәселеміз. Сондықтан заманауи мұғалім жеткіншектерді заман талабына сай сауатты етіп тәрбиелеу, салауатты өмір сүруге үйрету үшін ең алдымен өзі жан-жақты білімді, шығармашыл және ойшыл болмағы керек. Бәлкім, сол себепті болар, соңғы кездері «өз шәкірттерімді қайтсем сауатты, қатесіз жазуға үйретемін, қалай етсем олардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыра аламын» деген ойлар жанымды мазалап жүр. Ақыры қолыма қаламымды алып, жазуға кірістім.
Кез келген басылым беттерінен, немесе ғаламтор желілерінен функционалдық сауаттылық жайында жазылған мәліметтерді кездестіреміз. Мен де ең алдымен осы мәселеге тоқталдым. 2012 жылы жиырма бесінші маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы бекітті. Онда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған жоспарды жүзеге асыру мақсаты көрсетілген болатын. Демек, менің тұжырымдауымша, функционалдық сауаттылық дегеніміз — сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдарын өздігімше қарап бақтым. Олардың ертең дамыған қоғамда емін-еркін, байсалды да сауатты ғұмыр кешуі үшін қалай жаттықтыруға болатын қырларын қарастырдым. Семинар мен конференциялардан алған мәліметтер мен әдістемелік құралдардан оқыған білімімді ұштастырдым. Балалардың кітап оқуға қызықпайтын басқа себептерін қарастырдым, яғни, әр сабағымның соңында қосымша әдеби пікір сұрап, және оның қай кітапта, нешінші бетінде, электронды кітапты оқымағандығын тексеру мақсатында баспаның аты мен баспадан шыққан жылын, авторы мен тақырыбын арнайы уақыт бөліп тексетіп отырдым. Нәтижесі жаман болмады. Оқушылар құрбы-құрдастары мен сыныптастарының алдында ұятқа қалмау үшін біртіндеп оқуға кірісті. Ал егер де мен сұраған оқушы оқымай келген болса, қосымша сабаққа шақырып, оқытып отырдым. Мысалы, 5 сыныпта Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романынан алынған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» үзіндісін өткен кезде, сабақ соңында балаларға «Ұшқан ұя» романын кітапханадан алып, осы үзіндіні тауып келуді тапсырдым. Олар үздіксіз ізденіп, шығарманың қай бетте басылғанын, сонымен қатар шығарма жайында қысқаша түсініктерін де айтып өтті. Жоғарыда айтылған тапсырмаларды түгелімен дерлік орындады. Осылайша әр сабақта осы тәсілді үздіксіз қолданып отырдым. Ал қазір, біртіндеп қатесіз жазуға үйретіп жүрмін. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы мақалалар мен жұмыстарды біршама оқып бақтым. Халық даналығы «Жаттанды білім жарға жығады» дейді. Бойымдағы іліміімді күнделікті өмірде қажетіме жаратып, шәкірттеріме білімсыйлауға кірістім. Бұл тақырыпДегенмен, та жұмыс келе жатқан мұғалімдер көп болғанымен, функционалдық білім беру жүйесінде толық меңгермеген ұстаздар да жеткілікті.
Болашақ – сауатты жастардың кезеңі. Ал жастар – біздің алдағы өмір айнамыз. Сол айнаға қарап отырып, өз келбетімізді, өзіміздің білім деңгейімізді көреміз. Сондықтан, құрметті әріптестерім, өз айнамызға күнде қарап, бақылап, және оны әрлеп жүрейік.

.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.