Главное меню

  • К списку уроков
Мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
02.09.2015 1849 128 садбаева айжан саятовна

Мектепте  өзгеріс енгізудің бірінші сатысы – мектептің жағдайына сәйкес келетін өзгерістерді әзірлеп, енгізу мақсатында мектептің ахуалын шынайы бағалау . (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. 5 бет). Білім кеңістігінде қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педогогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тәсілдерін тиімді пайдалануды меңгерту,өзара тәжірибе алмасу, тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге ықпал жасау деп ойлаймын. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі зерттеу жұмыстарыма аудит жасай келе мектептің даму жоспарының басымдықтарын  - «Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдірудегі   бірлескен  топтық  жұмыс»   деп алдым.  Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіруде  топтағы бірлескен  жұмыстың  әдіс-тәсілдерін меңгереді.  Нәтижесінде:

1.Мұғалімдер топта  жұмыс істеу не үшін қажеттілігін біледі

2.Бірлескен оқудың мәнін түсінеді

3.Топтық жұмыс жүргізу әдістерін тәжірибеде қолданады.

4.Мұғалім мен мұғалім, мұғалім мен оқушы арасындағы  жақсы қарым қатынас  құруға икемделеді.

Осы мақсатты алуыма мынадай негіздер бар:

Директордан, әкімшілік мүшелерінен отырып сұхбаттасқанда  әкімшілік құрам ата-ана, оқушы, мұғалімдермен сауалнама, сұхбат алып, бірлесе отырып мәселелерді шешпейді,кедергілер айтылып,  мәселелі тақырып ретінде   қайта жоспарланбайтындығы. Күнделікті өз жұмысымызды рефлексия жасап, оқушылардан кері байланыс алып, сынға ұшыраудан қорқатынымыз.

Мұғалімдер кәсіби біліктілігін арттырады, бірақ ол туралы ешкім білмейді, себебі олар өзінің кәсіби қуатын өз сыныбында, өз оқушыларына ғана қолданатындығы.

Мұғалімдер тәжірибесін ешкімге көрсетпейді, жақсы тәжірибе таратылмайды. Оның басты себебі, семинарлар мен тренингтердің жүргізілу деңгейінің сапасыздығы мен тек қағаз жүзінде ғана қалып қойғандығы.

Мұғалімдердің тәжірибесімен танысу аз, дұрыс жолға қойылмаған. Мұның себебі әкімшілік тарапынан  сауатты түрде жүргізілетін семинарлар мен тренингтердің аз ұйымдастырылуынан деп ой түйіндеуім.

Қалай оқитындығы туралы ойларын айтуғаоқушыларға әр кезде мүмкіндік беріле бермейді. Біздің мектептің мұғалімдері оқушылардың оқу үдерісі туралы ойлауын жандандырудың түрлі тәсілдерін барлығы бірдей қолдана бермейді. Мұғалімнің бағалауы оқушы білімін  жетілдіріп дамуына әсерін тигізбейтіндігі.

          Майкл Фулланның «Білім жүйесінде шешім қабылдау үшін тек болашақты ойлау жеткіліксіз, ол үшін тұжырымдамаларды нақты жағдайға сай әзірлеп , қолданыстағы жүйені  тиімді тәсілдермен өзгерту қажет »  деген пікіріне сүйене отырып, мектептегі « өзгеріс » алдында жинақталған тәжірибелерді  осы бағдарлама негізінде қайта тұжырымдап іске асыру міндеті тұрғаны анық. Міндетті талаппен ұштастырсақ онда мен межелеген мақсатыма жете аламын.  Мұғалімнің көшбасшылығы – оқушылардың табысқа жетуіне ықпал ететін, мектеп деңгейінде шешім қабылдауды жақсартатын және мұғалім мамандығын дамытатын әлеуетті стратегия болып табылады деп ойлаймын.Мен  мұғалімдерді көшбасшылығын дамытумен қатар, оқушының да көшбасшылық қасиетін дамыту өте маңызды, сондай-ақ өз идеясы мен өз ойын еркін жеткізуге көмектесемін. Келешекте, оқу үрдісі мектеп мәдениетін құру мен шешім қабылдау орталығы болып саналғандықтан, мұғалімдерге даму жоспарын жасауға, жалпы мектеп жұмысына толықтай қатыса отырып, көшбасшы бола алатындығын айтамын. Нәтижесінде оқыту мен үйрету білім беру үрдісінің негізі болғандықтан, мектепке көшбасшылық идеясын әр мұғалімнің мүмкіндігі ретінде енгізуге көмектесемін. Жоспарымды SMART мақсатымен талдап көрсетер болсам :

Алғашқы іс шара жоспарым  топ құру,әрқайсысына  өз ролдерін бөлу.

Топ құрудағы мақсатым: оқыту мен оқудағы  өзгерістің қажеттілігі туралы  ой бөлісу.Нәтижесінде мұғалімдер өзгерудің  қажеттілігін біледі, мектептің білім беру жүйесіне неге өзгеріс енгізу қажеттігін түсініп,өз тәжірибесіне  қолданады. Тәжірибе алмасуды семинар ретінде өткіземін. Маған қолдау көрсететін мұғалімдер  2-3 деңгей мұғалімдері.Іс шараны бірінші аптаға жоспарлаймын.  Мен бұл жерде апталық  10_L1W4D1_Бағдарламалық жоспар әзірлеу жөніндегі қысқаша ақпарат ресурс материалдарын пайдаланамын. Семинарды бағалау мақсатында сұхбат алып,кері байланыс ұсынамын.

Жоспарымның келесі жоспарында «Топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында коучинг өткіземін. Коучингтің мақсаты: Мектептің білім беру үрдісіндегі өзара әрекеттестік жұмыстың сапасын анықтайды.Нәтижесінде, оқыту үрдісіндегі олқылықтарды біледі, біз қай жердеміз деген сұраққа жауап алуға ықпал ету. Коучинг барысында, бірлескен оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара іс-әрекеттің құрылымы болып табылатындығын айтып өту. МАН.39 бет. Коучингке таныстырылым презентация жасап, мектептің обьективті жағдайын анықтау мақсатында сауалнама парақшаларын үлестіремін. Маған көмек қолын ұсынатын адамдар  коуч   пен деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер, бірлестік жетекшілері. Бұл жұмысты мен екінші аптаға жоспарлап отырмын. Сапалық зерттеу жүргізуге қолдану  мақсатында  бейнежазбаға түсіріп,суреттерге түсіріп аламын.

Коучинг соңында коучингтің мақсатын қалай түсінгендерін білу мақсатында кері байланыс ұсынамын.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.