Главное меню

  • К списку уроков
Баяндама «Қазақ тілінің төл технологиясы - сатылай кешенді талдауды қолдаудың тиімділігі мен нәтижелілігі»
05.04.2015 1539 198 Тоқпанова Гүлнара Мұхамбетфазылқызы

Еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістер мен білім беру саясатын жүргізу барысында қазақ тілін оқытуға жоғары талап қойылуда.
Сондықтан қазақ тілі оқытушысының міндеті – қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы мен білімінің жаңа мазмұнынан туындайтын уақыт ағымына сәйкес жаңаша сабақ үлгісін құру және оны жетілдірудің негізгі жолдарын тауып, оның нәтижесін жоғарылатудың тәсілдерін меңгеру.
Оны шешудің бір жолы - қазақ тілінің төл технологиясын жасап, кеңінен енгізу. Соңғы жылдары қазақ мектептерінде қолданылып отырған Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова енгізген сатылай комплексті талдау қазақ тілінің төл технологиясы болып табылады. Әбден қызықтырған осы технологияны түсініп , меңгергеннен соң қазақ тілін тереңдетіп оқитын сыныпта пайдаланудың тиімділігін байқап, оны тәжірибеме енгізуді жөн көрдім.Оқу құралдар материалы негізінде бағдарлама құрылып, қосымша кестелер мен сызбалар және тексеру жұмыстары жинақтары жасалды.Орыс тілінде оқитын оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, кейбір қиын да күрделі тақырыптарды жеңілдетіп өзгертуге тура келді. 5 сағаттық көлемінің 2 сағаты сатылай комплексті талдауды енгізуге бөлінді. Сонымен, 68 сағат санына фонетикалық талдау математикалық тәсілмен, фонологиялық , морфологиялық талдау , сөз тіркестер мен жай сөйлемді талдаудың ережелері кірді. Әр тықырыпты өткеннен кейін тексеру жазба жұмысы ұсынылады. Тексеру жұмыстар жинағында тест, бақылау, өздік және лабораториялық жұмыстар орын алды. Аталған жазба жұмыстар екі нұсқамен немесе деңгейлі тапсырмалар түрінде берілді, себебі бір жастағы оқушылардың күші мен мүмкіндіктеріне қарай жеке-жеке қамқорлық жасау талап етіледі.
« Істей алатын адам – күшті , ал БІЛЕТІН адам істей алады» дегенді дәлелдей отырып, оқушыларды теориялық біліммен қаруландыру сатылай комплексті талдаудың алғашқы шарты деп танимын.Бұл кезде мен оқушының ақыл, ес, ойлау қабілеттеріне әсер ететін кестелер мен тірек сызбаларды үнемі пайдаланамын. Олар қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, тіл байлығы мен әдеби тілінің нормаларын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға көмек етеді.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім әр жаңа сабақты бастарда әуелі жазып алады, сонан соң сөйлеп түсіндіреді немесе түсіндіріп алып, сонан кейін жазады. Ал сатылай комплексті талдауда сөйлеу, жазу, тыңдау әрекеттері бір мезгілде қатар жүзеге асады.
Мысалы, сөздің фонологиялық талдауын жасауды меңгерту үшін әуелі тірек сызбасын ,содан соң талдау үлгісін қолдануымыз керек;

ТІРЕК СЫЗБАСЫ:

СӨЗ
1.Айтылу, жасалу, жазылу тәсіліне қарай
а) жуан
ә) жіңішке буынды сөз, себебі …
б) аралас
2. Буындарға бөлінуі, буын түрлері, себебі…
3.Тасымалдануы ( неше тәсілмен
тасымалданады), себебі …
4.Екпіннің түсуі , себебі …
5.Буын үндестігінің бар-жоқтығы (дәлелдеу)
Дыбыс үндестігінің бар-жоқтығы (дәлелдеу)

Талдау үлгісі:

МЕКТЕПТІ
1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу тәсіліне қарай жіңішке буынды сөз, себебі сөз құрамындағы дауысты дыбыстар – жіңішке дауыстылар.
2. Бұл сөз мек-теп-ті болып, 3 буынға бөлінеді, себебі сөз құрамында 3 дауысты дыбыс бар. 2 буын мек-теп – бітеу буын, себебі дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр және 1 буын ті – ашық, себебі дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр
3. Бұл сөз мек-
теп-
ті болып,2 жолмен тасымалданады
себебі сөз 3 буыннан құралған, яғни сөз буын жігіне қарай құрылған.
4.Екпін сөздің соңғы -ті буынының і дауыстысына түседі, себебі қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі, ал сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады.
5. Сөзде буын үндестігі бар, себебі сөз жіңішке буынды болғандықтан, табыс септіктің жіңішке –ті жалғауын талап етіп тұр, жуан –ты жалғауын оған бере алмаймыз.
6.Дыбыс үндестігі бар. «Мектеп» сөзі қатаң дауыссызға аяқталғаннан соң ,өзіне қатаң дауыссыздан басталатын табыс септіктің -ті жалғауын талап етеді, сондықтан ұяң және үнді дауыссыздан басталатын -ді және -ні жалғауларын алмаймыз.



ЖАЗУ ҮЛГІСІ.
Мектеп
1.Жіңішке буынды сөз , себебі е,е –жіңішке дауыстылар
2. 3 буын: мек – теп –ті
Б.б б.б а.б.
3 мек-тепті , мектеп-ті

4. мектепті
5.мектеп – ті (ты)
6. мектеп – ті ( ді, ні )

Міне, мұғалім көрнекілікті тақтада немесе компьютерде орналастырып, оқушы ұғымына түсінікті етіп, осылай жазбаша көрсетіп , оны ауызша айтқызып, магнитофон арқылы тыңдатып, өздеріне осы сөзге ұқсас ( гүлді, мерекені, ұстазды, кітапты т.с.с.)сөздерді беріп, ауызша, жазбаша диалог арқылы талдап меңгертсе, оқушы санасына білім дағды арқылы тұрақталады. Бірте-бірте баланың талдауға деген қызығушылығы артып, машықтығы қалыптасады. Баланың бара-бара өз бетімен кез келген уақытта сөздерді талдауға икемділігі артады,яғни сөйлем әрекетінің оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім түрлері бір мезгілде, бір мақсатта, бір бағытта жүзеге асады.
Осы талдау түрін бекіту мақсатынла сатылай комплексті талдау үлгісімен берілген тест жұмысы ұсынылады. Онда балалардың «Фонетика» бөлімінің барлық сабақтарында алған білімдері жүйелендіріледі, себебі дауысты дыбыстардың жіктелуі де, дауыссыз дыбыстардың топтасуы да кездеседі.
Бұл технологияның тағы ерекшеліктері – ол оқытудың техникалық құралдарын ,әсіресе компьютер мен мультимедиялық кабинетті кеңінен пайдалануды керек етеді.Екіншіден, морфологиялық талдауды жасауда оқушылардың түсіндірме сөздігімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, өйткені сөздің лексикалық мағынасын анықтау қажет.
ҚР-сының «Білім беру» заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында жеке тұлғаны «азаматтық пен жандылыққа, өз Отаны – ҚР-сына сүйіспеншілікке,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге ,халық дәстүрлерін қастерлеуге … тәрбиелеу» туралы айтылады. Қазақ тілі сабақтарының тәрбиелік әлеуетін тиімді қолдану білім берудің сапасын арттыра түседі.
Атап айтсақ,оқушылардың кіші Отаны – туған қаласының елеулі азаматтары,соғыс ардагерлері, еңбек ерлері туралы, өлкеміздегі болып жатқан жағымды өзгерістері, қаламыздың көптеген елдерге әйгілі ірі кәсіорны – «Қостанай минералдары» комбинатының жұмысы мен еңбекшілері туралы сөз қозғаймыз ,аумақтық газет-журналдардағы мақалаларды талқылаймыз.Сондай-ақ лабораториялық жұмысында оқушыларға ұсынылған «Қазақстан тәуелсіздігінің шежіресі», «Ғасыр саңлақтары» мен «Мыңжылдық саңлақтары», «Қазақстанның экологиялық жағдайы», «Қазақ батырлары», «Қазақтың салт-дәстүрлері» т. б. тақырыптары қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушының жұмысы табысты, жемісті болуына сабақтағы жағымды психологиялық жағдай ықпал етеді.Жағымды психологиялық ортаны қалыптастыруға мен көбінен қазақтың ұлттық ойындарын, мақал-мәтел, қазақ халық әндерін, Қазақстан композиторларының әндерін орнымен тиімді қолдану арқылы қол жеткіземін. Мысалы, СКТ-ды жасау үшін тақтаға ұл мен қыз бала шақырылады. Жұмыс«Қыз қуу» ойынының шартымен жүріп отырады. Жеңіліп қалған , яғни талдауды жайрақ немесе қатемен істеген оқушы жеңген оқушыға комплимент айтады.
Жоғары сынып оқушыларының жастарына сай оларды қызықтыратын махаббат, достық туралы ой-толғауларын қозғаймын.Осы сезімдер туралы өлең жолдарын, белгілі тұлғалардың даналықтарын оқыттырамын, әндер айтқызамын. «Бала тілі бал» айдарында берілген әзілдерді оқып,көңіл-күйді көтереміз
Қорыта келгенде СКТ - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін , сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына , ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да танымдық психологиялық қасиеттерінің жақсы, үйлесімді дамуына бағытталатын оқытудың түрі.
Оны қоланудың нәтижесі – қазақ тілін тереңдетіп оқитын сынып оқушыларының білім-білік , дағды деңгейі мен білім сапасының басқа сыныптармен салыстырғанда біршама жоғары болғаны.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.