Главное меню

  • К списку уроков
Баяндама "Ұлттық педагогикалық элементтерін бастауыш сынып оқушыларын оқытуда қолдану"
17.02.2015 1569 0 Кадырбаева Жумакуль шакимовна

Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы
қазақстандық сегіз қырлы азамат өсіріп тәрбиелеу. Бұл дегеніміз : еңбек
сүйгіш , бауырмал, батыр, өнерлі де өнегелі, шыншыл да әділ, адал азаматты заманымызға сай біліммен қаруландырып толық қанды азамат етіп тәрбиелеу дегенді білдіреді. Осындай алға қойған үлкен мақсаттарымызға жетуде жан-жақты ғылым , тарих жетістіктерін кеңінен оқу- тірбие жұмысында толығымен пайдалану.
Ұлттық педагогика жас баланы тәрбиелеуде , оны білім сусынымен қандыруда таптырмас асыл қазына болып табылады.
Ұлттық педагогика бүгінде ғылыми зерттеулердің тек объектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың , әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымастық педагогиканың ірге тасы болып табылады.
Сондықтан да ұлттық педагогиканың бүгінгі күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәнділігі зор екені даусыз.
Қай ғылымның болмасын , тұрақты ғылыми терминдері болатыны сияқты , қазақ ұлттық педагогикасының да белгілі терминдері бар . Оларға жалпы алғанда , мыналар жатады: шәкірт, мұғалім ,үлгі -өнеге көрсету, ақыл- өсиет айту, оқыту,тәрбиенің түрлері: дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі , ақыл- ой тәрбиесі , адамгершілік тәрбиесі, әсемдік тәрбиесі табиғатты аялауға тәрбиелеу, ерлікке.
2 слайд
1. Ұлттық педагогикасының мақсаты мен міндеттері: жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
3 слайд
2. Мазмұны: Ұлттық салт- дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, денсаулық .
4 слайд
3. Әдістер: әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету,үлгі көрсету.
5 слайд
4.Түрлері: Ойындар, еңбек мерекелері, ойын сайыстар.
6 слайд
5. Құралдар: Санамақ , жаңылтпаш , өлең -жыр, тақпақ,ертегі аңыздар , жұмбақтар, айтыстар , мақал -мәтелдер, шешендік сөздер .
7 слайд
6.Нәтижесі: «Сегіз-қырлы бір сырлы» ,жаны таза, тәні сау адам.
8 слайд
7. Тәрбиеге себепші күштер: Табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүрлер, өнеркәсіптер, дін, ана-тілі.
9 слайд
8 .Тәрбие ортасы: Отбасы, ауыл-аймақ, ұлт, мектеп.
10 слайд
9. Тәрбие объектісі: Бала
11 слайд
10 . Халық тәрбиешілері: Әке -шешесі, атасы мен әжесі,апа,ағалары

Ұлттық педагогиканың негізгі принциптерінің бірі -тәрбиенің біртұтастығы.Ұлттық педагогика отбасы ұлкендерінен бастап , ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатысатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген .
Ұлттық педагогика ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Ұлттық педагогиканың қайнар көзі мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдермен танысу алғашқы мектеп табалдырығынан басталады Осы кезден жас бүлдіршіндер білім, оқу туралы мақал- мәтелдердің алғашқы үлгілермен танысады. Мақал -мәтелдерді оқу , талдау барысында оқушының тілі дамып , ой -өрісі кеңейді. Бұл жұмыстың балалардың кітап, газет журналдары аз оқитындығын ескерсек, баланың ана- тілін терең түсініп , өз тілінде сөйлеу қабілетін арттырады. Ал ұлы Абайдың сөйлеген тілдің әсемдігімен әрлігін сезіп, түсінген бала өз елінің ардақты ұлдары болады дегеніне сеніміміз мол.
Ертегілерден көріністер , шағын қойылымдар баланың бойында мәнерлеп оқу дағдыларын , өзін-өзі ұстай білу әдеттерін баланың бойына дарытады.

Жаңылтпаштар – баланың жылдам оқу қабілетін арттыруға көп көмегі тиеді. Баланың оқу жылдамдығын орындай алмау себептнрінің бірі-оның жақ сүйектерінің бұлшық еттерінің нашар дамуынан деп те саналады . Ал жаңылтпаш жаттау , оны тез, жылдам айтқызу баланың оқу қарқынын жоғарлатуға өз үлесін қосады деп ойлаймыз. Бұл әрине оқу сапасының артуына көмегін тигізеді. Өз жұмысымда балалармен осындай жұмысты ана-тілі сабақтарында көп қолданамын.
Бастауыш сыныптағы тақырыптар бір- бірімен тығыз байланыста жылдан-жылға баланың ой-өрісінің өсуіне сәйкес дамып, кеңейтіліп отырады.
Бұның өзі баланың алған білімінің сапалы , терең болуына көмектеседі . Мысалы : Төрт түлік мал туралы тақырып 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін әр сынып сайын күрделене отырылып берілгенін байқаймыз . Бұл оқушының сол тақырып бойынша білім сапасының артуына әсер етеді. Осы тақырыптарды оқу кезінде оқушылар өзін қоршаған ортамен кеңірек танысып, өз дүниетанымдарын тереңдете түседі.
Балалар сүйіп айтатын санамақтарды алатын болсақ балаға тәрбиелік жағынан да білімдік жағынанда аса құнды мұра . Санамақты жаттай отырып бала сан қатарын да дұрыс айтуға үйренеді. Бастауыш сыныптарда сандармен танысуда қазақтың киелі сандары(7,3 )туралы таныстырып өтуді жөн көреміз. Сандардың құрамын өткен кезде осы киелісандардың құрамы тез есте қалып баланың білім сапасын арттыра түсетіне көз жеткіздік.
Геометриялық фигуралардың ішіндегі әртүрлі ою- өрнектер халқымыздың әсемдікті көргендігін , сұлулықты өз бойына дарытқан халық екенін көрсетеді.
Ұлттық ойындар баланың дене бітімінің дамуына әсер ете отырып,күш қайраты жақсы дамыған азаматтар тәрбиелеуді көздеген . Денсаулық күнінде өткізілетін жарыстар оқушыларымызды ұлттық ойын түрлерімен таныстырып қоймай , сол ойындарды ойнап өз күштерін сынасуға мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушылар топпен жұмыс жасауға , бір- біріне көмектесуге үйренеді. Мектебімізде жақсы дамып келе жатқан ұлттық ойынымыз- тоғызқұмалақ. Ал тоғызқұмалақ ойыны баланың математикалық ойлау қабілетін дамытатынын еске алсақ математика сабақтарындағы оқушылардың ауызша есептей білу қабілеттерінің артқаның көре аламыз.
Өз Отанын сүюге оның бай тарихымен табиғатын тану мақсатымен сыныптармен мұражайға , табиғатқа серуендеуге баруды өз жұмыс тәжірибемізде қолданыста ұстаймыз.
Ұлттық педагогика элементтерін сабақта қолдану кезінде біз ойын түрінде жарыс, сайыс ретінде топпен жұмыс түрінде өткіземіз.
Біздің ұжымымыз ұлттық педагогика элементтерін өз іс- тәжірибесінде кеңінен қолдана отырып , балаларымызға саналы да сапалы білім беруге бар күш жігерлерін жұмсайды. Еліміздің жан-жақты жетілген азаматын тәрбиелеу үшін ұлттық педагогиканың мүмкіндіктері сарқылмас қазына екенін ұмытпағанымыз жөн.

Мен үшін шәкірт- жас ұлан,
Көзімнің ағы мен қарасы.
Үйретсем деймін ұрпаққа
Саналы сөздің сарасын.
Төл тілін еміп арда өскен,
Елінің ойлар парасын.
Жеткізем деймін биікке ,
Қазақтың қара баласын!