Главное меню

  • К списку уроков
М дыбысы және әрпі
25.01.2016 554 143 Касенова Айгүл Кайрбекқызы

Технологиялық карта

Күні. 18.01.2016 ж

Білім саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: М дыбысы және әрпі

Мақсаттары:

а)білімділігі: Балаларға  М дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

 ә)дамытушылығы Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту. Дұрыс оқуға төселдіру.

б)тәрбиелігі Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Достыққаа тәрбиелеу.

Әдісі: Әңгімелеу, көрнекілік, бекіту.

Көрнекілік: Әліппе, суреттер, қима әріптер мен буындар, сызбалар.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-оятушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекстік -түзетушілік

Балалардың назарларларын сабаққа аудару

-         Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен таныстық?

-         Й,Ш,Т,П,Р,Л,О,Қ,Д әріптерімен таныстық.

 - Балалар бүгінгі сабағымызды "Ойлап, ойлан” атты ойынмен бастағым келіп тұр. Мақпал мата сатып алды.

- Мынау мата дүкені. Ондағы сөздерден естілетін әріпті атаңдаршы.

- Қандай әріптен басталып тұр.

- М дыбысынан

- Олай болса бүгінгі сабағымызда М әрпімен танысамыз.

- М дыбысы дауыссыз дыбыс.

- Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

- М әрпін хормен айту.

 

             Әліппе дәптермен жұмыс

             (мысық, бағдаршам, машина, алмұрт) сөздерді буынға бөлейік

-          Тақтаға екі оқушы шығарып, мата, алма сөздерін қима әріптерден құрату, алма сөзін қатыстырып сөйлем ойлату. Балалардың айтқан сөйлемдерінің сызбасын тақтаға сызып көрсету.

 

             М әрпін толтырып жазу.

            - Сергіту сәті

            Тербеледі ағаштар

            Алдымнан жел еседі

            Кіп-кішкентай ағаштар

            Үп-үлкен боп өседі.

            - Дидактикалық ойын

            "Кім тез?” ойынын ойнату.

 

Қорытындылау

- Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- М дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?

- М дыбысы қандай дыбыс?

- Балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы назарлары сабаққа ауады.

 

 

 

«Ойлан,ойлан» ойынын ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

Бәрі хормен М әрпін айтады.

 

Сөздерді буынға бөледі.

Қима әріптерден сөздер құрастырады.

 

 

Мм әрпін толтырып жазады.

Сергіту сәтін орындайды.

 

«Кім тез» ойынын ойнайды.

 

 

Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ қорытындылана

ды.

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Нені білу керек: М м дыбысына дыбыстық талдау жасауды;

Нені игереді:Сөздерді буынға бөлуді;сөйлем құрауды;

Нені біледі: М м әрпі мен дыбысын  таниды

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.