Главное меню

  • К списку уроков
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге және балабақшадағы қазақ тілі мұғаліміне арналған құрал
11.07.2015 4027 151 Жасуланова Тогжан Темирхановна

Түсініктеме 

Мектепке дейінгі балалардың жан – жақты ана тілінде дамыту және оның тілдік қарым – қатынаста болуын басты мәселе деп есептеуі қажет. Себебі тіл- адамның қатыныс құралы. Басты мақсат, өз ана тілінде балалардың сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені,табиғатты бақылап, түсіндіріп әрдайым сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, баланың ана тілінде дұрыс сөйлеу, оқу, жазу машықтарын меңгеруі үшін тіл дыбыстарын дұрыс айта білуінің маңызы зор. Сондықтан балабақшада оқыту мен тәрбиелеу кезінде сәбилер тобынан бастап балаларға сөзді дыбыстық жағынан дұрыс айтқызып үйрету мәселесі қарастырылған.
Әрине, балалардың тіл мүкістігін жоюдың, сөзді дұрыс дыбыстап үйретудің өз әдіс - тәсілі, жүйесі, әдістемесі болады.Сондықтан баланың тілін жаттықтыру үшін көптеген қазақ жазушыларының өлең, ертегелерімен жұмбақ, жаңылтпаштарымен бойларына сіңірген жөн. Ұлттық ойындарды үйреткен кезде, жатқа айтатын сөздерді дұрыс жаттатқызып бала есінде қалғандай етіп үйреткен дұрыс.Мысалы «Қуырмаш» өлеңін айтқанда кіші топ балаларына қимылмен және атрибудпен болмаса саусақ тертры арқылы көрсеткен жөн.
Ана тілді дамыту үшін балалармен ата- аналары да, тәрбиешілермен қосылып осылайша жұмысын жасауы тиіс. Менің ойымша осындай тәрбие бұрыс. Өйткені бала жасынан осыған үйреніп кейіннен үйреншікті ісі болып қалады. Балабақша осы мәселе туындамас үшін, тәрбиені ойыншықтар арқылы емес, тілмен жеткізіп дұрыс. Егер де оқу мен тәрбие бір жақты ғана болса, онда ол жүзеге аспайды, қудырап қалады, сондықтан оқуда, ата – ананың рөлі ерекше болу керек. Қазіргі заманда жас ата –аналар балаға тәрбиенің орнына, қымбат сыйлықты ұсынып үйренген. Қазақта мақал бар «Жұмыла көтерген жүк - жеңіл», болады деген. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, біздің қолымызда.

Мақсаты: Баланың тілін, ойын дамыту, әр бала ойындағысын мүдірмей жеткізе білуге дағдыландыру. Мемлекеттік тілімізді жетік білуге, болашақта есті, еңбек сүйгіш қайырымды бала тәрбиелеу.

Міндеті: Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың жан- жақты дамуына, білімдерін тереңдетуіне ықпал тигізу.

Күтілетін нәтижелер : Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады, сондықтан оның тілін байытып ойын кеңейте түсу үшін өлең, ертегі, әңгіме, мақал – мател, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділерін оқып таныстыру. Сол арқылы ойлау қабілеттерін арттырып, көргендерін ойға түйіп қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Қазақ тілінің дамытудың кейбір мәселелері
Тіл дамыту мәселесі – күрделі әрі ұзақ жүргізілетін процесс, сондықтан балабақша топтарында тіл дамыту жұмыстарының алдына белгілі бір мақсат қойылады. Тіл дамыту жұмысын белгілі тақырыптарға негіздей отырып, тәрбиеші тілдік процестің төмендегідей басты мәселелерін үйретуді мақсат етуі керек.
Ол мәселелер мыналар: белгілі бір тақырыпты оқытуға байланысты баланың сөздік қорын дамыту, мәтінде кездесетін жаңа сөздерді үйрету, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларын меңгерту, ойын ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру, сөз бен сөзді байланыстыруға, сөйлем құрауға үйрету.
Тіл дамыту жұмысында сөздікпен жұмыс істеудің үлкен мәні бар. Сөздік – тілге қажетті материал. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Қазақ топтарында сөздікпен жұмыс істеуге үйретудің маңызы зор, себебі, қазақ тілі – олардың ана – тілі болғанымен де, кішкентай балалардың тілдік қоры өте аз, оны байыту тәрбиешінің маңызды ісінің бірі болып есептеледі.
Тіл дамыту – үнемі жүйелі түрде жүргізіліп отыратын оқу жұмысы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміз балалардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдануы, ойын жүйелі түрде жеткізуі. Тіл дамыту балалардың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау процесін үнемі кеңейтіп отыру тәрбиешінің басты нысанасы болуға тиіс. Сондықтан қазақ кіші тобында тіл дамыту жұмыстары балалардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Демек, балалардың тілін дамыту- олардың жалпы ойын дамыту деген сөз.
Балабақшада баланың сөздік қоры екі түрлі жағдайда байып, толығып, жетілдіріп отырады; бірі – сөзді активті қолдану, екіншісі – сөзді пассивті қолдану. Сөз байлығының аздығы балалардың өз ойын ауызша дәл, жүйелі, ықшамды етіп жеткізуіне қиындық келтіреді. Сондықтан сабақта сөздік жұмысын, сөздікпен өткізетін жұмыстың дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Біріншіден, ол балалардың сөз байлығын молайтып,кеңітсе, екіншіден, мектепке барғанда үйренген сөздерін қатесіз сауатты жазуға бейімдейді, үшіншіден, сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасында сөйлеп үйренеді, төртіншіден, анықтама құралдармен жұмыс істеуге дағдыланады.

Балабақша балаларының ойын арқылы тілін дамыту
Балабақша балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды- бейнелі, қимыл – қозғалыс, дидақтикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды – бейнелі ойында бала ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс – әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс – әрекетке бағдарлайды. Ойын жағдайын оған араласқан әрбір баладан тіл қарым – қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер бала ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастарымен түсіну қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады. Сонымен, балалар ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін көрнекті орыс педагогтары Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, К.Д. Ушинский, П.Г. Саморукова, психолог – ғалымдар Д.Б. Эльконин, А.В Запорожец және т.б. зерттеп еңбектер жазған. Н.К. Крупская ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді. «Ойын өсіп келе жатқан бала организіміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш – қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қыралығы артып, тапқырлық, сезімталдық, инициатива көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді» - деген болатын.
Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектерінде балалардың тілін дамытуға күн тәртібі, тамағы және ойынның маңызы зор екендігіне үлкен мән берген.
Баланың шығармашылық қиял, қабілетін, тілін дамытуда ойынның айырықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф – ғалымы Ш. Уәлиханов, ағартушы – педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ж.Аймаутов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б. атап көрсеткен. М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістерін көрсетумен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татыпкөру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған.
Балалардың ойынға деген қызығушылығы және оның бала өміріндегі мәні психологиялық- педагогикалық мақсаттарда пайдаланылады. Балаларды физикалық, тілдік тұрғыдан дамытуда, өлшем бірлігімен, түс және форма ұғымдарымен таныстыруда дидактикалық ойындар таңдалып алынады. Бұл ойындар балалардың еркін күшін, тілін, қимылын – қозғалысын, ақыл – ойы мен қажырлығын қалыптастырылады.
Балалардың қозғалысқа құрылған дидактикалық ойындарды меңгеруі өзіндік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін ойындардың мүмкіндіктері мол. Ойынның балабақша балаларына тәрбиелік тұрғыдан ықпал ететін мүмкіндіктерінің бар екені күмәнсіз: дұрыс ұйымдастырылған ойын балалардың тілін дамытып қана қоймайды, сабаққа, еңбекке баулиды. Мектепке дейінгі шақта ойын іс – әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл баланың көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінде емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызып, тілін дамытуға ықпал ететіндігімен байланысты.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс- әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір ролді алады да, сол рөлге сәйкес іс- әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың орнына тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер – баланың өз басына алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған рөлді дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының рөлінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемейді кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің рөлі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардың рөлін орындайтың басқалардың құқықтарына ие болады. Мәселен, сатып алушының рөліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген затты жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқығы бар.
Кезінде,К.Д. Ушинский байқаған ерекше мәнді дидактикалық бір жағдайға тоқталайық: үнемі баланың тілін жөндеп отыру (болмай қоймайтын жай, өйткені балалар енді ғана тілді меңгеруде ғой) тіпті балаларға елеусіз іс болып қалады, өйткені тілден кеткен қате жол – жөнекей түзетіледі немесе балаларды жалықтырып жібереді. Балаларға тіл үйрету мұндай қателерді болдырмау жағын ойластыруға мүмкіндіктер береді, сол арқылы тәрбиеші бұл істен босатады, ал баланы оның қатесін түзетуден сақтандырады. Әрине, бұл ережені ерекшелеп байыптауға болады, алайда тіл үйрету процесі өзінен – өзі – ақ оның дұрыс дамуын қамтамасыз етуге тиіс.
Сонымен қатар, оқыту жайшылықта нашар дамитын, біраз жекелеген ерекшеліктер арқылы көрінетін тіл дамуындағы сапаларды да қамтиды. Балалар ойын кезінде бір – бірімен қарым – қатынас жасауды сүйеді. Алайда, мектепке дейінгі балалардың бәрі бірдей тілінің дұрыс қалыптаспауының салдарынан ойын кезінде қарым – қатынас жасауда еркін араласа алмайды. Балалардың тілін дамытуда заңдылықтарды ескере отырып жасалған жоспарлы ойын арқылы оқыту тәсілдері баланың тілін қалыптастыруды жеңілдетеді.
Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда, олардың ақыл – ойы, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды. Баланың талғамын, қызығушылығын, тілін дамыту барлығы ойын арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойынның рөлі басым бола түседі. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығын сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым- қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:
1. Мазмұнды бейнелі ойын: Отбасы, балабақша, аурухана, құрлысшы, шаштараз,т.б.
2. Қимыл – қозғалыс ойындар:ақ серек, көк серек, ұшты – ұшты, аңшылар, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, қуыспақ, соқыр теке.
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын –қысқа, аласа- биік, әр құстың мекенін тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары - төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;
4. Құрлыс ойындары: лото және басқа конструкторларды пайдалану;
5. Спорттық ойындар: футбол, воллибол, теннис, баскетбол, хоккей;
6. Рөлді - сюжетті ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.
Балалардың дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш- келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек- бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау, топтастыру үшін тапқырлық, байқағыштық, зеректілік көрсетеді. Құрылыс ойынында әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір –бірінен келісімді болуын жоспарлайды, қадағалайды. Құрылыс материалдарың пішіні, түсі бойынша семмитриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Ұлттық қимылды ойыннында балалар санамақтар, көлемдер, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың тілі сөздік қоры дамып, қалыптасады, кеңістікте уақытта бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшандылық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Киіптендіру ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Мұндай ойындарда ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық еңгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуына маңызды рөл атқарады.
Балалардың тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше. Ойнда адмдар өмірінің сан қыры, тұрмыс тіршілігі, еңбегі, дүние танымы, арман –тілегі, болашаққа деген сенімі ер жүректілікпен жігерлікке құлшынысы көрініс табады. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін – бірі қайталанбайтындай сан алуан, әрі қызықты. Олар, «Алақан соқпақ», «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Аңдардың айтысы», т.б. Мәселен «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әңдер орындап, онда аңдардың дауыстары, қылықтарын бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтасып ән айтудағы дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Ойын ережелерінің тәрбиеленуші үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібімен іс – әрекеттерін, олардың өзара қарым –қатынасын бақылап, ерік- жігіренің қалыптасуына ықпал етеді.
Ұлттық ойындардың мазмұндық ерекшеліктері, біріншіден, ұлттық ойындар мазмұн жағынан да, мәнерлі әрі түсінікті. Ойын балалардың ақыл – ойының белсенді жұмыс істеуіне, дүние танымының кеңеюіне, қоршаған ортаға деген көз қарасын нақтылап, барлық психикалық процестерді жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Екіншіден, ойын ережелерінде жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін үлкен тәрбиелік мәні бар. Үшіншіден, тәрбиеленушінің қимыл –қозғалысын дамытып, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Төртіншіден, бала қиятын, ақыл- ойын дене қимылын дамытатын тәрбие құралы. Бесіншіден, ұлттық ойындар баланың тілін ширатады, ойын дамытады, зейінділікті, ұстамдылықты, ойлылықты, зерделілікті, кеңістікті бағдарлай білуді, әрекет үйлесімділігін, өжеттілікті, тапқырлықты, шапшандықты, төзімділікті, мергендікті, батылдықты дамытады. Тақырыбымызға орай таңдап алған балабақша балаларымен ойналатын ұлттық ойындар: «қасқыр қақпан», «арқан тарту», «ақ серек- көк серек», «айгөлек», «асық ойыны», т.б. балалардың ширақтық, қозғалғыштық, жинақтылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып , тілі дамып, сөздік қоры молаяды және физиологиялық дамуын жетілдіре түседі деп ойлаймын.
Бала өміріндегі ойынның маңызы туралы В.А.Сухомлинский былай дейді: «Ойын дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың ширек тасқыны келіп құйылады. Ойын дегеніміз – бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын». Дидактикалық ойындарды оқыту процесінде кеңінен пайдалана отырып балалардың тілін дамытудың тиімділігін арттыруға болады. Әрбір ойынның өзіндік ережесімен ойнау тәртібін біліп, рөлдік сипатын сақтап, дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Ол балалардың білімге деген ынта – ықыласын оятып, танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады. Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс. Олар:
- Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;
- Дидактакалық ойындарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі және ол ақыл – ой іс – әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;
- Ойындарды тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал етуі керек;
- Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
- Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт;
Осындай ойындардан балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды. Дидактикалық ойындарга «лото», «домино», «қуыршақты киіндір» т.б. арнайы таңдалып алынған ойындар ( «не жоқ?», «тап», «жоғары - төмен», «сиқырлы сандық», «ғажайып қоржын» т.б.).Ойын түрлері баланың сабақта берілген тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады.
Ойын жаттығулар жүргізілсе де, сабақтан көп уақыт алмайды. Бұл ойындар белгілі бір іс – әрекеттерден тұрмайды. Олар баланың белгілі бір қабілетін жетілдіруге бағытталған. Мұндай ойындарға викториналар, жаңылтпаштар, «кім не істеді?», «не қалай дыбыстайды?», «қай дыбыстан басталады?», «буынды жалғастыр, қандай сөз пайда болды», «сөз ойла, тез ойла»т.б. Осындай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор. Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез бейімделеді.
Қимыл – қозғалыс ойын белгілі бір іс – әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі баланың барлық психиологиялық қабілетін дамытады. Қимыл – қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы: «Кім керек?», «Мысық пен тышқан», «Сыңарынды тап», «Көңілді поезд», «Ақ терек, көк терек»т.б.
Сюжетті – рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс – әрекетін қайталайды. Олардың қарым – қатынасын көрсетеді. Мысалы: «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта»т.б. ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды. Сонымен қатар, бұл ойындар балаларды кішіпейлділікке, бауырмашылдыққа тәрбиелейді. Балалардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамытады.

Қазақ тіліндегі фонетика ерекшеліктері
Балабақшада 1- ші сәбилер тобынан бастап дыбыстарды дауыс ырғағына келтіріп үйреткенде көптеген қиындықтар туады, әсіресе әлі дұрыс сөйлей алмайтын балалар тәрбиешінің қойған сұрағына – ым - мимикамен жауап бередім.Мимика дегеніміз жан сырының дене арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау, қолмен, ауызбен белгі беру) т.б. Балалармен жұмыс барысында, әсіресе дыбыс ерекшеліктерін практика жүзінде көрсету кезінде, септігі болар деген оймен, енді әр дыбыстың артикуляциялық жөнінде қысқаша тоқталғым келеді.
/А/ дауысты дыбысын айтқанда ауыз кең ашылып, тіл ауыз қуысында еркін жатады. Дауыс шымылдығы ашық болады.
/ О/ дыбысын айтқанда ерін дөңгеленіп, тілдің ұшы астыңғы тістен алыстап, артқы жағы сәл жоғары көтеріледі.
/ У/ дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп, алға созылады. Тілдің ұшы жиырылып, артқы жағы көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық.
/Э/ дыбысын айтқанда ауыз, тіс сәл ашылып, тіл ұшы астыңғы тістің түбіне тиіп, ортасы сәл көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық.
/ И/ дыбысын айтқанда ерін күлгендегідей екі езуге қарай керіліп, барлық тіс түгел көрінеді. Тіл ұшы төменгі тістің түбіне жанасады да, ал тілдің ортасы көтеріліп, ауыз қуысының артқы жағына қарай лықсиды. Дауыс шымылдығы ашық болады.
/ Ы/ дыбысын айтқанда ерін ашылып, тістер түгел көрінеді, тілдің ұшы сүйірленіп, артқы жағы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.
/ Ү/ дыбысын айтқанда ерін түтікшеге ұқсап алға қарай созылып, тіл ауыз қуысының түбінде жатады да, ұшы сәл сүйірленіп, жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық.
/ Ұ/ дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп, алға қарай жиырлады. Тіл ұшы астыңғы тістен алыстап, артқы жағы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.
/ Ө/ дыбысын айтқанда, ерін дөңгеленеді, тіл ұшы астыңғы тістерге тиеді де, ортасы көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.

/ Ә/ дыбысын айтқанда тіл алға қарай қозғалып, тіл ұшы астыңғы тістердің түбіне тиіп, ортасы таңдайға қарай көтеріледі. Ауыз кеңінен ашылады (а дыбысын айтқандай).
/ Е/ дыбысын айтқандай ауыз қуысы кеңінен ашылып, тіс ашық көрінеді де, тілдің алдыңғы екі шеті астыңғы тістердің түбіне тиіп, тілдің ортасы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.
/С-З/ дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей керіліп, тістер көрінеді. Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді де, тіл ортасы сәл дөнестіліп, екі жағы астыңғы тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шығады.
Жабық дауыс шымылдығының дірілінен /з/дыбысы жасалады.
/Ш-Ж/дыбыстарынайтқанда ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады. Үстіңгі, астыңғы тістердің аралығы /с-з/ дыбыстарын айтқандағыдай тіл ұшы жалпақтанып қысқа тістердің түбіне жуықтайды, бірақ тимейді. Тілдің алдыңғы жағы ойықталады да, екі жағы үстіңгі тіске тиеді. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен /ж/ дыбысы жасалады.
/Ң/- дыбысы да /н/ дыбысы сияқты мұрынмен айтылады, /ң/ дыбыснан /н/ дыбысының айырмасы – тілдің ұшы тістің түбіне тиеді.
/Т,Д,Н/ дыбыстарының дұрыс айтылу артикуляциясы мынандай: ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің түбіне тиеді, тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Дем тіл ұшы мен тістің арасынан шығады да, /т/ дыбысы жасалады; дауыс шымылдығының дірілінен /д/ дыбысы жасалып, ал тілдің төмен түсуіне /н/ дыбысы жасалады. Дем мұрын арқылы еркін шығады, тіл үстіңгі тістің түбіне тиеді.
/Ф- В/ дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынанадай:
- Үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта болады да, тіске тимейді.
- Иек 1- 2 мм төмендейді.
- Астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады.
- Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіс пен астыңғы ерін арқылы шықса - / ф/ дыбысына, дауыс қосылса, в дыбысы жасалады.
/П,Б,М/ дыбыстарының дұрыс, артикуляциясы мынадай:
- Еркін бір – біріне қатты тиеді.

- Тіл ауыз қуысында еркін жатады.
- /М/ дыбысы кішкене тілден төмен түсіп, дем мұрын арқылы шығады.
- /П - Б/ дыбыстарын айтқанда кішкене тіл ашық тұрады, дем ауыз қуысы арқылы қатты жұмылған еріннің тез ашылуынан сыртқа шығу нәтижесінде жасалады.
/Р - Л/ дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынандай: ерін сәл ашылып, тілдің ұшы үстіңгі тістің түбіне тиеді.
/Л/ дыбысын айтқанда, тілдің ұшы жоғары көтеріліп, тістің түбіне тиеді. Ал тілдің артқы жағы көтеріңкі, ортасы ашық болып, екі жағы тіске тимей дем тілдің ортасынан шығады.
/Қ, к, ғ, һ, х/ дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынандай: ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дем тіл мен таңдайдың арасынан шыққанда /к/ дыбысы жасалады. Дауыс шымылдығының дірілінен /г- ғ/ дыбысы естіледі, дем тіл мен таңдайдың арасынан біраз созылып шыққанда /х- һ/ дыбысы жасалады.
/И/ дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: ерін керіліп, күлген кездегідей тістерге жақындайды.
Төмендегі дыбыстардың артикуляциясы қос дыбыстың айтылуы сияқты болады: я =и +а (иа), ю =и+ у (иу), ё = и+о (ио), ч=ть+шь (тьшь), ц=т+с (тс), щ шь – ч (шьтьшь).

Жеке дыбыстарды дұрыс айтқызып үйрету

Бала /с /дыбысын дұрыс дыбыстау үшін, осы /с/ дыбысы бар сөздер, соның ішінде олардың буындарында кездесуі тиіс. Сөздерді буйнға бөліп оқу:
Са – са – са – Са – ра Се – се – се –кесе
Со – со – со – со –соқа Ас- ас- ас- тас
Су- су – су- суық Ос – ос – ос -тос
Сы – сы – сы- сынық Ыс – ыс – ыс - тыс
Сө – сө – сө сө Өс – өс – өс төс

/С/ - дыбысы сөздің барысында басында,ортасында,соңында кездесетін сөзді айту.
Сұлы Асан Қыс

Сурет Қасық Тас
Сабын Асық Бас
Сағат Асыл Қарындас
/С/- дыбысы бар жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, т.б. балаға жиі айтқызып отыру керек.
Жұмбақ Жаңылтпаш
Бұдан кір қорқады, Шеше неше кесе ,

Судан ол қорқады. (сабын) Сынды кеше.

/Ш/- дыбысы дұрыс дыбыстау үшін келесі жаңылпашберіледі:
Ша – ша- ша – шана аш – аш- аш-ашық
Шу – шу- шу- шуда ұш- ұш- ұш - ұшқыш
Шы – шы- шы – шыны ыш – ыш- ыш- қыш
Ше –ше- ше - шелек өш- өш – өш -көш
Шө – шө- шө- шөп ош- ош – ош –ошақ.
/Ш/- дыбысың дыбысталуын бекіту:
Шана қашау қысқыш
Шаңғы қойшы қылыш
Шалғы пышақ ағаш
Шапан тышқан қарындаш

Қол шана.
Биіктен түссең, қол шана
Ауыр емес оншама!
Сүйретсең өрге, қол шана
Жеңіл емес оншама!
Ортақ болсын қол шана,
Ауыр – жеңіл болса да. (Ж.Смақов)

Жұмбақтың шешуін тап, онда /ш/ дыбысы дыбысталады.


Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

Жаылтпашты қайталау:

Шемішке шақсаң шақ,
Шапшаң шақ.
Шөбіңді шапсаң шап,
Шапшаң шап. (Қ. Мырзалиев)

/Ш/ мен - /С/- ның дыбысталу айырмашылығы:

Сана – шана
Жаңылтпаш
Асық – ашық Жоғалады бес шыбыш,

Қас – қаш Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыс.
(Қ. Мырзалиев)

Сандуғаш
Сандуғаш,сандуғаш,
Айтшы, қайдасың?
Сандуғаш, аузыңды аш.
Тілің сайрасын.
(Ж. Смақов)

/С/- мен /Ш/- ның дыбыстарының дыбысталуын таныстырғанда, міндетті түрде
/З/- мен, /Ж/- дыбысының дыбысталуын ескеріп отыру керек.
/Ә/- дыбысын дұрыс дыбыстауға үйреткеннен кейін, /З/- дыбысының дыбысталуын сөздермен сөз тіркестерінде үйреткен жон.
1) С-ж-л-з-р-м-з-н-л-з;
2) Па – са- за – жа – зо- зу- ши- зи;
3) Айтылған сөздердің ішінен З дыбысы бар сөздердің естеріне сақтап қалады.
Мысалы: самолет, қасық, қашық, жастық, арыстан.
/З/- дыбысының буын ішінде келуі:
За – за- за- таза аз- аз- аз-жаз
Зу- зу- зу- жазу ыз- ыз- ыз- қыз
Зы – зы- зы – қозы ұз – ұз – ұз- тұз

Зи- зи – зи- Зина үз – үз – үз - күз
Зе – зе – зе- зерек із – із – із - сәбіз
Зі- зі –зі – жүзім за – за – за – зал
/З/ дыбысы бар сөздерді еске түсіріп дыбыстап айту, сөздің басында , ортасында немесе аяғында.
Зәуре қозы қарбыз
Зал қазан қыз
Зығыр бұзау қаз
Завод қазақ қоңыз
Звено қызылша қораз
Балалардың тақпақты мәнерлеп оқуға үйретуге арналған тақпақ:
Бала, бала, баламыз
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз! (Е.Өтетілеуов)

Өлеңмен жұмбақты қайталау:
Ол көпке жарады,
Отынсыз жанады. (газ)

Бозда боз ат мінген атам,
Бозда бозда жүрген атаң.

/Ж/- дыбысы бар буындарды қайталау:
Жа – жа- жа – жалау
Жо – жо- жо – жол жө- жө- жө- жөке
Жу- жу- жу- жусан же – же – же - жер
Жы- жы- жы- жылан жә- жә- жә- жәшік
Жи – жи- жи- жиек аж – аж – аж – гараж

/Ж/- дыбысы бар тақпақ:
Жау жаңбыр
Жау – жау жаңбыр, жау, жаңбыр!
Жауған жаңбыр – жауған нұр.
Жердің шаны басылсын,
Гүлдің қаузы ашылсын.
Еккен егін көктесін,
Бізге нанды көп берсін!
Жау, жау
Гүлденсін, бау!

(Ж.Смақов)

Сөзде /Т/ дыбысын дыбыстау:
Та – ла - ту- ты – то – па – пи – ти.
Тарақ бұтақ хат
Торғай кітап от
Тұман балта сағат
Тауық ата шахмат

Та – та – та – ата ат – ат – ат - сағат
Ты – ты – ты – тымақ үт – үт – үт - сүт
Тұ – тұ- тұ- тұтін ет – ет – ет –ет

/Т/ дыбысын бекітуге тақпақ:
Торғай
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қоңғайсың.
Жем шашайын – тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың. (Х. талғаров)

Жұмбақтар
Жүйрік өзі оқтан да,
Ғарышқа өрле, тоқтама. (зымыран)

Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. (бидай)



Көрдім мен терезеден өрнекті,
Біреу қолмен жасағандай көрнекті. (қырау)

Асты тас, үсті тас,
Ортасында жанды бас. (тасбақа)

Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді. (қаңбақ)

Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш)

Қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс дыбыстау кестесі:

Әріптің
баспа түрі
Ә
Әріптің
жазба түрі Ә
Әріптің
айтылуы

Дыбыстардың
артикуляциясы

Сөздің дыбысталуы
1 2 3 4 5
Ә ә Ә ә ә Дауысты, жіңішке, ашық, езулік. Әже, әке, сәби, әулет, әпке, тәте.
Ғ ғ Ғғ ғ Дауыссыз, ұяң,
жуан дауысты дыбыстыла рмен жазылады,тіл арты. Аға, нағашы, ғасыр, ғалым, ғылым.
Қ қ Қ қ қ Қатаң,тіл арты, шұғыл,жуан дыбыстылармен жазылады. Қарындас, қыз, қалам, Қайрат.
Ң ң Ң ң ң Үнді, тіл арты, шұғыл, жуан дыбыстылармен жазылады. Сіңлі, мың, жаңа, жаңбыр, таң, аң.
Ө ө Ө ө ө Дауысты, ашық, еріндік. Бөбек, бөпе, сөз, өмір, көз, өнер, төрт.
Ұ ұ Ұ ұ Ұ Дауысты, қысаң, жуан, еріндік. Ұл, ұлт, құс, тұр, бұлт, сұлы.
Ү ү Ү ү ү Дауысты, жіңішке, қысқа, еріндік. Сүт, гүл, жүр, күл, күн, түн, үй, үш.
Һ һ Һ һ һ Дауыссыз, қысаң, қатаң, ызың. Жауһар, Гауһар, жиһаз, шаһар.
Ы ы Ы ы ы Дауысты, жуан. Отыр, жатыр, ыдыс, Ырысты, Ыдырыс.
І і І і і Дауысты, жіңішке, қысқа, езулік. Іні, тіл, білім, кісі, бір, кір, кілт, кілем, ішік.

Түйінді

Тіл дыбыстарын дұрыс айта білуді меңгеруді сөйлеу процесінен бөліп қарауға болмайды. Сөйлеу тілі алуан түрлі әуездігімен, дауыс ырғағының сан құбылып, сөйлеушінің көңіл күйі, сөйлеу мақсаты шеберлік машығымен астасып жатуымен ерекшеленеді. Осыған орай оның тыңдаушыға әсері де түрліше болады. Мәселен, көтеріңкі немесе баяу дауыспен сөйлеудің адамға әсері бірдей болмайды. Сондықтан ана тілінің дыбыс жүйесіне тән ерекшелігін жас баланың құлағына табиғи сіңруде қызықты ертегі, тақпақ, жаңылтпаш, санамақтарды оқып беру мен айтқызудың орны ерекше болмақ.
Тәрбиеші ертегіні мазмұнына қарай дауыс ырғағын құбылтып, мәнерлеп оқып беру арқылы балаларды сөйлеу машықтарына біртіндеп үйретеді.
Балаларға тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар айтқызғанда дауыс, қимыл – қозғалыс жағына ерекше назар аударылады. Балаларға арналып жеңіл тілмен жазылған көңілді өлеңдер мен санамақтарды да жатқа айтқызу тартымды.


Қолданған әдебиеттер.

1. Еденбаева З. Д, Попова Т. Н. – Алматы: Күншуақ – 2006
Қазақ тілінің дыбыстық үндестігі.
2. Дүйсенбай Е. Әліппе тілашар. Алматы, 1996.
3. Асқар Д. Әріптер әлеміне саяхат. Алматы. 1998
4. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы:
Ана тілі, 1991.
5. Мектепке дейінгі балаларды оқытып – тәрбиелеуде дидақтикалық ойындардың рөлі: методикалық нұсқау,
Алматы, 1988
6. Мухина В. С., Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы, Алматы, Мектеп, 1986
7. Баймұратова Б., Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселелері, Алматы, 1993

Мазмұны:
1. Түсініктеме.
2. Мақсатымен, міндеті.
3. Қазақ тілінің дамытудың кейбір мәселелері.
4. Балабақша балаларының ойын арқылы тілін дамыту.
5. Қазақ тіліндегі фонетика ерекшеліктері.
• Дыбыстармен таныстыру
• Дыбыстарды ажырата білу
• Дыбыстардың түрлерін ажырату
6. Жеке дыбыстарды дұрыс айтқызып үйрету.
7. Қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс дыбыстау кестесі.
8. Түйнді.
9. Қолданған әдебиеттер.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.