Главное меню

  • К списку уроков
Ұйкыдан кейінгі шынықтыру шаралар
17.05.2015 2467 0 Шуленова Қарлығаш Хасеновна


Мақсаты: Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, дұрыс тыныс алуға, қан айналымын, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу,ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау.
Балалар ұйқыдан оянады.
Бойымызды жазайық,
Қолымызды созайық.
Жаттығулар жасайық.
Ұйқымызды ашайық.
1.Ояну жаттығу.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым!(құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)
2.Саусақ жаттығу.
1. Бас бармақ,
2.Балан үйрек
3. Ортан терек
4.Шылдыр шүмек
5.Кішкентай бөбек
3.Тыныс алу жаттығу.
Қолға шарды аламыз,
Қатты, қатты үрлейміз.
Уф-ф-ф, Уф-ф-ф...
Қатты үрленген шарым
Жарылып қалды, пах.
Орындыққа отырып, аяқ киімдерімізді шешеміз.
4. Табанды шынықтыру массажы
Таяқтарды жылжытып,
Массаж жасау білеміз.
Он аяққа 1-2-3,
Сол аяққа 1-2-3.
5.«Денсаулық» жолымен жүру.
Әдемі ирек жолдармен,
Жалаң аяқ жүреміз.
Табаңға біз нүктелі,
Массаж жасау білеміз.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»