Главное меню

  • К списку уроков
10 сынып, әдебиет. Д.Бабатайұлының шығармашылығы
11.11.2015 1106 146 Нұржанова Сәндігүл Түйебайқызы

Пән: қазақ әдебиеті

10 «Ә»-сынып                            Күні: 17.09.2015 ж                                                       

Тақырыбы:

Дулат Бабатайұлының шығармашылығы

Мақсаты:

Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы төменгі сыныптарда алған білімдерін еске түсіріп, білімдерін толықтырады.Өлең, толғауларының тақырыптарын, идеяларын анықтайды.

 

Күтілетін нәтиже

Д.Бабатайұлының өмірін, шығармаларын толық меңгереді. Толғауларының айтар ойын анықтайды.

 

Керекті жабдықтар

интербелсенді тақта, оқулық, сабаққа қатысты құралдар (постер, маркер, т.б.)

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Түстерді таңдау арқылы үш топқа бөлу. (Сандықшадан  оқушылар өздеріне ұнаған түрлі-түсті қағаздарды алады. Қызыл түсті таңдағандар 1-топқа, жасыл түсті таңдағандар 2-топқа, көк түсті таңдағандар 3- топқа орналасады) Психологиялық дайындық.

 

Мұғаліммен амандасады.

 

Тұсаукесер

Сабақтың тақырыбы айтылыды. Мақсатты оқушылар қояды.

Сабақ үстінде қолданылатын әдіс-тәсілдер мен бағалау түрлері айтылады.

Оқушылар, бүгін біз сабақта  «Білімділер елінен» саяхатқа шығамыз. Біздің қолымызда Қазақстанның түпкір –түпкірін аралайтын  жолдама бар. Бұл жолдама арқылы қазақ еліне белгілі ақын, жырау, жыршы, жазушылардың бізге қалдырған мұраларымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді.

Ал балалар, әуежайға бару үшін автобусқа отыру керек.

 

Оқушылар өздері осы сабаққа мақсат қояды

 

 

Саяхатқа дайын екендіктерін айтады.

Үй жұмысын пысықтау

Автобуста «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» деп жазылған сандықшада 3 топқа мынадай сұрақ беріліп отыр.

1. Абыл Тілеуұлы кім? 2.Абыл ақынның өлең- жырларында қандай мәселелер сөз болған?3.Абыл ақынның өлеңдерін жатқа айт

 

Берілген сұраққа топ ішінен бір немесе екі оқушы жауап береді.

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ.

Әуежайға келіп, ұшаққа жайғасамыз. Оқушыларға жолдама бойынша  қайда баратынымызды айтамын.                                 Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданына жол тартып келеміз. – Оқушылар, бұл кімнің туған жері еді?

Дулат Бабатай ұлы туралы не білеміз?

 Ал,енді оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Д.Бабатайұлының шығармашылығы. Осы саяхатта біз алдымызға қандай мақсат қоямыз?

Слайдтан Аягөз ауданы көрінеді және Дулаттың Аягөз өлеңінің бір шумағы  жазылып тұрады

 

 

 

 

 

 

оқушылардың пікірлері тыңдалады

 

мәнерлеп оқиды және өлең мазмұнына тоқталады.

«Іздеген жетер мұратқа»

Әр топқа тапсырма беріледі.

 

1-топтың тапсырмасы. Д. Бабатайұлының өмірі және оның сүрген дәуірдегі қазақ даласындағы тарихи -әлеуметтік жағдай қандай еді?

 

2- топтың тапсырмасы. Дулат шығармалары қандай тақырыптарды қамтиды және тақырыбы мен идеясы қандай?

3- топтың тапсырмасы. Ата – қоныс, туған жер туралы  өлеңдерін мәнерлеп оқып, айтар ойын анықтап беріңіздер.

 

  Тапсырманы топпен бірігіп, постерге орындайды.

 

Жазғандарын ортада қорғайды.

«Өзіңді –өзің сынап көр» сабақты бекіту

 

«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша сабақты бекітемін.

Ыстық орындықтағы оқушыға сұрақ қояды, жауап тыңдалады

Бағалау

Стикерлерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып, тақтаға ілу.  

 

Өз ойларын еркін білдіреді.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.