Главное меню

  • К списку уроков
9 сыныпқа қазақ әдебиетінен сабақ жоспары
23.10.2018 63 11 Курсарина Салтанат Жаркенбековна

Сабақ тақырыбы: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры
Жалпы мақсат: Көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі-эпостық поэмаға жататын лиро-эпостық жырлар жайында теориялық түсінік беру. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын түсініп оқу.
Оқу нәтижесі: Көшпелі қазақ елінің салт-санасын, кәсібін аңғарады.
Жырдағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты әрқайсысының басында болған күйініш-сүйініштерін пайымдайды, мінез ерекшеліктерін байқайды,ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді.
Топта бірлесіп жұмыс істеуге, қажетті іс-әрекетте оқушының өз бетінше белсене орындауына мүмкіншілік беріледі.
Сабақта қолданылатын материалдар: «Түртіп алу» стратегиясына байланысты, сызба кесте, ватман, мәтін.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Оқушының іс-әрекеті

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
ІІ.Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау стратегиясы»
1. Батырлар жыры туралы білетіндерін естеріне түсіріп, жырдың халықтығын, жырдың басты кейіпкері ел қорғаушы батырдың күш-құдіреті, патриотизімі, отанды сүюі, еңбекшілдігі, зор адамгершіліктің иесі болатындығы жайлы, өзіне тән шарттылығын оқушылардың өздеріне дәлелдету.

2. Кіріспе сөз (мұғалімнің). Көркем әдебиеттің негізгі жанры жайында, түрлері жайында айта келіп, авторы белгісіз халықтық мұра болатындығын, олардың туу негізінде шындық болмыс жатса да, шығарушылардың ой-санасының әлі сәбилігімен байланысты қиял араласып отыратындығын және халықтың ауызша шығармашылығының негізінде туған зор оқиғаны жыр еткендігін, жыр өлеңмен жазылған ірі шығармалардан эпостық жырлар туатындығын баяндай, отырып, осы эпостық жырлардың бір түрі- лиро-эпостық жырлардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру, теориялық анықтама беру.

3. Дәптермен жұмыс.
Теориялық түсініктерді әдебиет дәптеріне жаздыру.
4. Оқулықпен жұмыс. Жырды оқыту.
Мәнерлеп түсініп оқу.
5. Сөздік жұмыс
Қосымша ақпарат Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі – Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов “Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері” жинағының 3-томына еңгізді (1870).

ІІ. Жаңа тақырып Жыр мәтінін құр оқумен шектелмей жырдағы білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып, ұжымдасып мұғалім көмегінсіз өздері дербес атқарады. Құр мәлімет алумен шектелмей, өз пікірлерін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге жағдай жасайды.
а) Жеке жұмыс I.W.S.E.R.T-стр. ұсынамын, өйткені бұл ұтымды құрал, өздері оқыған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан түсінігін тексеруге, өз ойын айтуға басшылық жасайды.
ә) Жұппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша кесте жасалынады және сол кестеге жырды қаншалықты түсінгендерін әр түрлі белгілермен белгілейді. Топтың тақырып туралы ой қозғауы
V – Олардың білетіндері.
+ — Олардың үйренгендері.
= — Менің ойлағаныма кері, келісе алмаймын.
? – Мені жұмбақтандырады.
Сабақты, үйренгендерін бекіт
Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.
IV.Шығармашылық жұмыс Ғашықтық жырдың, батырлық жырдан айырмашылығы сүйіспеншілік, достықтың ең басты мәселесі деген бір пікірге келу. Оқушылар сұрақтарға жауап береді
V.Қорытындылау Топпен жұмыс: Лиро – эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.
Лиро – эпостық жырлар

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
Айман – Шолпан
Сұлушаш
Қыз жібек
Ләйлі – Мәжнүн
Құсырау – Шырын
Қалқаман – Мамыр Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
VI. Үйге тапсырмасын беру
Лиро-эпостық жырлар туралы оқып келу және жырдан үзінді жаттау
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау Формативті бағалау
Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.