Главное меню

  • К списку уроков
Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян"
27.03.2017 196 34 Садыкова Алма Шаяхметовна

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
Ильинка орта мектебі КММ
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Садықова Алма Шаяхметқызы
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушының білім дәрежесін көтеру, жаңа тақырыпты сапалы меңгеру.
2.Дамутышылық: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын және «Батыр Баян» поэмасының тақырыбын толық меңгеру.
3.Тәрбиелік: ел бірлігін сақтаған батырларды құрметтеуге. Ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріккен сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру, баяндау, зерттеу, диалогтық оқыту, шығармашылық жұмыс, оқушы алдына проблема қоя оқыту, жүйелі ойға төселдіру.
Сабақтың корнекілігі: М.Жұмабаевтың портреті, шығармалары.
Сабақтың барысы:
1.ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг
2өйткенді қайталау. М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі.
-Өлеңдегі ақынның айтпақ ойын коллаж жасау арқылы көрсету.
3. Жаңа сабақ.
Тақтада сабақтың эпиграфы:
О, батыр баба!
Қайтсем сенің ерлігіңді жеткізем,
Ол үшін мен ғұмырымды өткізем.
Таңданамын қалай ғана сұм жаулар,
Жүрек жұтып айқасты екен бір сізбен.
Поэманы төмендегі жоспарды негізге ала отырып талдаймыз:
1.Ақынның Кокшетаудың әсем табиғатын жырлауы.
2.Поэмадағы Абылайдың бейнесі.
3.Ер Баянның қалмақ қызын тұтқындауы.
4.Ноянның қалмақ қызына деген сүйіспеншілігі.
5.Шығармадағы Баян мен Ноян бейнелері.
6.Сәтсіз аяқталған махаббат.
Поэма композициясы:
1.Оқиға алдындағы жағдай: Бурабай көлі.
2.Оқиғаның басталуы: Қалмақ қызын тұтқындауы.
3.Дамуы:Қалмақ қызының қулығы.
4.Шиеленісуі:Ноян-қалмақ қызы-Батыр Баян.
5.Кульминациясы:Ашу мен ыза.
6.Шешімі: Қайғы-қасірет.
Би қандай хан Абылайдың диалогы. Екі оқушы орындайды(шағын көрініс). Төмендегідей сұрақтар төңірегінде оқушылар өз толғанысын, ойын ортаға салады.
1.Ақын Бурабай табиғатын қалай суреттеген?
2.Абылай хан жайында не білесіңдер?
3.Жоңғарлардың XVIII ғасырда қазақ даласына жасаған шабуылдары.
4.Поэмада туған елге, туған жерге деген махаббат, азаттық намыс мәселелері қалай көтерілген?
Ақын идеясын, көзқарасын байқай отырып, өзің не түйдің?
Топпен жұмыс.Эссе.
Абылайдың қонысы.
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.
Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Кокшетауға
Бөлекта: «Ой, бауырым»-дер анадайға.
Солардың ортасында Бурабай көл,
Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек, ұқсайды айға.
Бурабай-Арқа аралы, жер еркесі,
Ертеде қоныс болған Абылайға.
Батыр Ьаянның бойындағы ашу мен ақыл, құштарлық пен ар алдындағы борыш сезімдер қақтығысының поэмада қалай суреттелгеніне көңіл аударыңдар.
Зарданып күңіреніа батыр Баян,
Мезгілде күңгірт тартқан кешке таман:
«Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным»,-деп,
Ер едім еркелеткен алаш тамам.
Сындырым аз ғана Уақ елім белін,
Елімнен кетіп елді қайдан табам?
Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,
Ісімді мынау ағат немен жабам?
Қара бет болдым алаш баласына,
Ер дер ме енді мені Абылай данам?
IV сабақ қорытындысы: Батыр Баянды тарихи тұлға ретінде танып білу.
Үйге тапсырма.
1. XVIII ғасырдағы қалмақтардың қазақ жеріне жасаған шапқыншылығы жөнінде реферат жазу.
2. Ерлік, батырлық жайында мақал-мәтелдер жазу.
3. «Батырды намыс өлтіреді» атты тақырыпта шығарма жазу.
4. Өздерің қалаған бір өлең жолдарын жатқа айту.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.