Главное меню

  • К списку уроков
Cабақтың тақырыбы: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
18.01.2017 271 57 Наурызбаева Гулзира Табелгановна

Cабақтың тақырыбы: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
(6-сынып)

Сабақтың мақсаты: 1) Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру, ақын шығармашылығының тақырыбы туралы мәліметтер беру, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі адамның, ер жігіттің сенімді серігі-бәйге атының сыны мен бағасының берілуі; 2) тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту; 3) ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету, ақын шығармалары арқылы балалар бойына адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге үслес қосу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту. Әдісі: сұрақ – жауап, баяндау,мәнерлеп оқу, лингвистикалық түсіндірмелі оқыту, сұхбат жүргізу. Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі. Күтілетін нәтиже: Абай шағырмашылығындағы өмірлік құндылықтарды тану; жүйрікті баптау, оны бәйгеге қосу – қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын білу. Көрнекілігі: ақын портреті, интерактивті тақта, оқушының дәптері.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері.»
Жақсы адам қасиеттері: ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, елдің басшысы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, жүзі жақсы, жыл құсындай, алысты жақын етер.
Жаман адам қасиеттері: көкірегі көр, жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші, өсегі көп, іріткі салушы, ел арасын сөзбен бықсытушы, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, жылқының қотыр болған аласындай, кеудесіне нан піскен.
Қызығушылықты ояту. «Ойқозғау» әдісі.
Интерактивті тақтадағы ойқазығы етіп алған пікірлерді оқу.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Мағынаны тану» кезеңі
А) Абайдың ХІХ ғасырдағы қазақтың данышпан, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер – білімге үндеген ойлы ағартушы екендігін түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс: Бала Абай туралы оқу. «Ассоциация» әдісі (дәптеріне жазып отыру, түртіп алу). Шартты белгілерімен жұмыс: «v» білемін, «+» жаңалық, «-» білмеймін, «?» толығырақ білгім келеді.
Ә) «Абай туралы не білеміз?» тақырыбында сұхбаттасу.
Б) Ғасырлар бойында мал өсірумен, көшпелі күйде тірлік еткен елдің ақыны аттың бағасын өзгеше түсінеді. Соның ішінде бәйге аттың орыны мүлде бөлек. Ол қазақтың бағзы заманнан бергі ауыз әдебиетінде де сан алуан «қиял пырағы» болып жырланып келген. Абай өмір кешкен кезде де «ер қанаты – жүйрік ат» болған, әсіресе, қазақ білген жануардың ішіндегі адамға ең ыстығы, қадірлісі екендігі.
В) «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін барлық оқушылар оқулықтан дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуы, интерактивті тақтадан жылқының сыртқы мүшелерін көрсету, сондай – ақ ақын суреттеуінен аттың түр – тұлғасы, жүріс – тұрысы, шабыс – желісі бейнелі сөздермен айшықталғаны жайлы оқушыларға мәліметтер беру.
Г) Сөздік жұмыс:
Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы. Жерсоғар – ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелі. Ашамайлы – ашамай салынған деген мағынада. Шідерлік – ат сирағының шідер салатын жері. Шідер – ат сирағының екі аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау.
Ғ) Жүйрік баптап, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған. Бұо өлеңде Абай бәйгеге атының мүсінін берген. Ат сипатын беретін әрбір сөзге тоқталайық, мәселен, «жауыны етсіз тақтайдай – ақ» деген өлең жолына үңілейікші. Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін емес. Сол себепті де жауырынды етсіз тақтайға теңеуі нанымды болып келеді. «Арты талтақ» деген суреттеме бар. Бәйге артының қолтығы, саны ықшам болып, бір – біріне жабысып жатса, шапқан кезде адымы ашыла ма? «Қоян жақ», «қой мойынды» деген суреттемелер қаз –қалпындав алғанда тым қарапайым-ақ. Ал қоянның жағы ол қураған етсіз жақ. Жүйріктің жағы майлы болып келмейтіні ақын осы «қоян жақпен» беріп отыр.
Осылайша әрбір бейнелі сөзге түсінік беру керек
-Енді, балалар, айтыңдаршы, өзіміз қандай атақты бәйге аттарын білеміз?..
-Иә, Ақанның Құлагері.
-Ол туралы қандай шығармалар бар?
-Ілияс Жансүгірұлының «Құлагер» поэмасы, Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романы.
-Енді осы романда Күреңбай сыншы Құлагер сипаты қалай берген екен, тыңдап көрейік.
Д) Оқушыларға мысал ретінде романнан үзінді оқып беруге болады.
Асқа келген жұрт ауызына Ақан мен оның Құлагері түсті. Күреңбай сыншының Құлагерге берген бағасы: кез келген жылқыда 12 қабырға болады. Ал Құланерде 1 қабырға артық, міне, қанат деген – сол қабырға, көріктей өкпені қыспай, кең тыныстануына бірден – бір себеп – сол. Терінде сықпа құрттың дәміндей дәм жоқ. Жеті тері алынған. Құмалағында қоянның көз жасуындай бір тамшы су жоқ. «Ат шаппайды, бап шабады» деген бар емес пе? Шіркін ат та екен, баптаушысыда сабаз екен.
Е) Сұрақтар:
Ақын қазақтың күнделікті пайдаланып жүрген ауызекі тілінен қандай бейнелі, айшықты оралымдар жасаған? Шоқпар деген не? Ол өлеңде қандай бейнелі сөзге айналған?
Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін бе?
Жүйрік аттың аса биік болмайтынын қалай береді?
Жаңа сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Абай атамыздың суреттеуіндегі аттың сыны өнердің қай түріне жатады?
2. Өнердің басқа қандай түрін білесіңдер?
3. «Ат – ер қанаты» деген қанатты сөздің шығу неліктен деп ойлайсыз?
4. Жылқы малы туралы қандай ән, би, күй аттарын білесіңдер?
5. Ат туралы қандай мақал – мәтел білеміз?
Ән, би, күй аттары: «Бозжорға», «Жылқының әні», «Құлагер», «Жылқының ішінде бір ала», «Қара жорға», «Ақсақ құлан» т.б.
Мақалдар:Ат – биеден, аруана – түйеден. Тұлпар шаба жетіледі, Сұңқар ұша жетіледі. Ат – құлыннан, батыр баладан. Ат тұяғын тай басар. Аттың аты үлкен, түйенің табаны үлкен. Ерге лайық ат бітеді, Қызға лайық сән бітеді.
- Оқушылар, жақсы атты танып білдік па?
Өлеңнің идеясы: ер қанаты – жақсы атты суреттеу, тану.
Өлеңнің түйіні: «Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас. Разы емес осындай ат мінбесем».
Үйге тапсырма. 1 – топқа: өлеңнен өздеріне ұнаған 3 шумағын мәнерлеп жатқа оқу, эпитет сөздерді жазу. 2 – топқа: мазмұнын қара сөзбен жазу. 3 – топқа: теңеу сөздерді жазу, аттың суретін салу.
Оқушылар білімін бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.