Главное меню

  • К списку уроков
7 сынып Полиглот
02.02.2016 759 108 Маканова Бархыт Серикпаевна


                                             

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың  міндеттері:

Білімділік: оқушылардың  білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын  айта білуге үйрету.Оқушылардың логикалық ойлау  қабілетін дамыту.

Дамытушылық: оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету,  сөздік қорып байытып, қызығушылық белсенділіктерін  арттыру, сөйлеу дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды мемлекеттік  тілді  құрметтеуге, туған  жерін, Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін  мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім мен дағдыны жүйелеу сабағы.

Сабақтың типі: қорытындылау және қайталау  сабағы.

Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту сабағы.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: интерактивті әдіс,  проблемалық сұрақтар,  сын тұрғысынан ойлау,  көрнекі және техникалық  құралдар көмегіне сүйену,  тіл дамыту, әңгімелеу.

 Сабақтың көрнекілігі:  суреттер, қиықшалар, интерактивтік тақта «Бәйтерек» бағдарламасы 7 сынып 2 модуль «Сан есім»,  ЭДП «Мемлекеттік тіл».

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы.

Оқыту формасы: жеке, топтық, жұптық.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.   Амандасу.

Балаларды сабаққа ынталандыру, белсенділігін арттыру.     

   Қайырлы таң достарым,

   Қайырлы күн болсын.

   Бейсенбі  күннің әр кезі,

   Сәттілікке толсын. 

   Біздің алар бағамыз,

   Кілең «бестік» болсын.   

ІІ Үй тапсырмасын  тексеру: (10 мин)

 1) Теориялық  тренинг: Биыл сен нешінші сыныпта оқисың? Мектепте қазақ тілінен басқа  қандай тілдерді оқытады? Қазақ тілі аптасына неше рет болады? Қазақ тілі сабағы қалай өтеді? Сабақта  қалай жұмыс жасайсыңдар?  Қазақ тілі сабағы  аптасына неше рет  жүргізіледі? Қазақ тілі сабағына  қалай  дайындаласың?       

  2) Интерактивті  тақта  ЭДП «Мемлекеттік тіл» тыңдау.

 Тіл туралы Н. Назарбаевтың, Б. Момышұлының, А. Байтурсыновтың қанатты сөздерін,.Қ. Мырза Әлидің өлеңін, Қайымовтың «Ана тілі»  өлеңін оқушылар жатқа айтады. Диалогты  тексеру.  

ІІІ Жаңа сабақ (20 мин).

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру: «Қазақ  тілі  сабағында».

 1. Ой қозғау. Тіл әрбір адамға  өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Қазіргі

 кезде  көп тіл білу -  өмір талабы. 

 2.Оқылым. «Полиглот» мәтіні  бойынша жұмыс (қиықшалар  таратылады).  

Полиглот

 

 Қазіргі уақытта  көп тіл білу  -   өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот  деп атайды. Жер шарында полиглоттар өте көп. Мысалы атақты ойшыл, ғұлама Әл  -  Фараби жетпіс тіл білген. Қазақтың ұлы  ғалымы, зерттеуші, географ Ш. Уәлиханов араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін білген.

Ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай тілдері - Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмыс тілдері.Сондықтан әр жасөспірім  бір шет тілін меңгеруі міндет.

 

Мәтінді оқимын.

Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды. Мәтін бойынша  берілген сұратарға жауап береді.

Тапсырманы  интерактивті тақтаға шығып орындайды.

 

 Сөйлемдердің  дұрыс, бұрыстығын анықта.

   Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

1.  Көп тіл білу  -   өмір талабы емес.

 

 

2. Көп тіл білетін адамды полиглот  деп атайды.

 

 

3.  Жер шарында полиглоттар өте аз.

 

 

4.   Әл  -  Фараби жетпіс тіл білген.

 

 

5 Ш. Уәлиханов араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін білген.

 

 

6. Қытай, испан  ғана тілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмыс тілдері.

 

 

 

3.Жазылым.  «Сан есім»  интерактивті  тақта  «7 с\п, 2  модуль»  Ережені  қайталау.

Сан есім  заттын санын, ретін  білдіреді. 6  түрі бар:

Есептік (неше? Қанша?), реттік (нешінші? бірінші), жинақтық (нешеу? жетеу), болжалдық  (қай шамалы?  ондаған),  топтау  (нешеден? үштен, он -  оннан,), бөлшектік.( неше? Қанша? 1\2  екіден бір, 2,5  екі жарым)

Мысалдар  келтіріп, Сөз тіркесін,  сөйлемдер құрастыру.

Жетінші (Мен  жетінші  қабатта тұрамын)

 4. Тілдесу. Мәтін бойынша әңгімелесу.  «Қай тіл көп тараған?» (қиықшалар  таратылады). Сұрақтарға жауап беру: Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсысы? Қытай тілінің сөйлеушілерінің саны шамамен қанша? Ағылшын тілінің  сөйлеушілерінің саны қанша? т.б.

Интерактивті тақтада жұмыс.

 Сөйлемдерді толықтыр. Сан есімдерді жазбаша түрінде жаз:

Сөйлемдер

Мен  ...  тіл білгім келеді

Ең көп тараған    тіл    ...  тілі екен.

Бұл тілде  .... миллион  адам   сөйлейді екен

Ағылшын тілінде ....  миллион, хинди тілінде ... миллион,

Испан тілінде  ...  миллион адам  сөйлейді.

5. Айтылым. Топтық жұмыс (10 мин)

Әр топ  берілген тақырыпқа диалог құрастырады.

I топ:   «Қазақ тілі сабағында» 17 бет 3 тапсырма (Ұ.Қ. Қосымованың оқулығы)

IIтоп:  «Полиглот» мәтіні бойынша (қиықшалар  таратылады).

III топ: «Қай тіл көп тараған?» (қиықшалар  таратылады).

Сергіту сәті.(2 мин)   Жұмбақты дұрыс оқып,  шешуін табу.

1)Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?   (Ә…е)

2) Қабат- қабат қатталған,

    Асыл сөзбен апталған.

    Парағы бар сөйлейтін,

    Ол қазына өлмейтін.

    Бұл не?                           (К…п)                        

 Оқушылар дайындаған жаңылтпаштарды жатқа айтады.

 IV Сабақты бекіту, қорытындылау.  (1 мин)

  
Топтастыру:                                                  диалог, өлең

                                                   


компьютер




                                                    Сабақта                    сурет бойынша  


шығарма,

мазмұндама

диктант                     

                           интерактивті тақта        мақал - мәтел, жаңылтпаштар

 

V Бағалау. (1 мин)  Оқушылардың  жауаптарын  бағалау

VI. Үйге тапсырма:(1 мин) 207 бет. 4 тапсырма  Сұхбат  дайындау,

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.