Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті "Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі" 7 сынып
15.12.2015 1057 124 Джусупова Жайна Жанатовна

Сабақтың мақсаты:

 

        Білімділігі: Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін қорыту.

 

Тәрбиелілігі: оқушылардың бойына ізі қасиеттерді сіңіру, шығарма кейіпкерлерінің бойындағы жақсы қасиеттерджі үлгі ету.

 

Дамытушылығы:. Оқушы ойын ашық жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысуға, талдау жасау кезінде білімін, ойын дамытуға ықпал ету.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, салыстыру.

 

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, қима қағаздар, О.Бөкейдің шығармалар жинағы

 

Пәнаралық байланыс:  тарих, өзін-өзі тану.

 

Сабақтың барысы:

 

      I.      Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа назарын аударту.

   II.      Үй тапсырмасын тексеру.

 

О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын сараптап, хронологиялық кесте сызу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі.

 

I.Теориялық тұрғыда оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады:

1)Әңгіме дегеніміз не?

2)Оған қандай белгілер тән?

 

Әңгіме дегеніміз - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады.

 

Әңгімеге тән белгілер:

1) Көлемі  жағынан шағын.

2) Кейіпкерлер саны аз.

3) Автордың шеберлігін талап етеді, онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.

4) Сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады.

5) Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді.

 

II.Шығарманы оқушылармен бірлесе оқимыз. Әңгіменің желісі бойынша жоспар құрамыз.

 

Жоспар:

1.     Салықсалған ауылы

2.     Соғыстан кейінгі бейбіт өмір

3.     Тортай

4.     Ертегіші Тортай

5.     Тортай мінер ақ боз ат...

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту кезеңі:

Әңгіменің негізгі кейіпкері – Тортай.

Тортайға мінездеме бер.

 

Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі:

 

Проблемалық сұрақтар

1.     Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай?

2.     Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай сипатталған?

3.     Тортайдың жеке басының арманы не? Сол үзіндіні әңгімеден тауып оқы.

4.     Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?

5.     Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады?

6.     Тортай  кітап  туралы қандай  пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?

7.     Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?

8.     Ол таскүркеде  қандай  кітап  оқыды ?

9.      Әңгіменің соңында лирикалық кейіпкер қандай шындық  айтады?

10.           Тортай неге арманына жете алмады?

11.                                                                                                                                                                   Үй тапсырмасы: Шығарманы мазмұндау. Венн диаграммасын толтыру.

 

 "Жусан исі” повесі

Аян

"Тортай мінген ақ боз ат”

Тортай

 

 

 

 

Ұқсастығы

 

Бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.