Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті "Ілияс Жансүгіров" 8 сынып
05.12.2015 533 124 Туякбаева Маржан Кабдоловна

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ілияс Жансүгіров  өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.

2.Дамытушылық:оқушылардың білімдерін қолдана білуге дағдыландыру,ауызекі сөйлесу   қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: отанымызға,туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін арттыру-ұлы адамдарды                       құрметтеуге халықтың өткені мен бүгінгісін танып,білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жазба жұмысы,білімдерін жинақтау, жүйелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімеклеу,қазақьтың әдеби тілінің гормасына сай

                                              сөйлей білуге үйрету

Сабақтың көрнекілігі: Ілияс Жансүгіровтың суреті, кітап көрмесі

Пәнаралық байланыс: ҚР тарихы,қазақ тілі. орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен сұхбатттасу,тіл дамыту жұмыстар (бір                                          шағын тақырып бойынша әңгімелесу)

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Шұғаның белгісі» повестін мазмұнын айту.

3. Жаңа сабақ.

I.Ой қозғау – побуждение

   Мұғалім тақтадағы Ілияс туралы сөздерге назар аударады:

«Мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым»   М.Әуезов

«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана  жарық жұлдыздардың бірі»     

                                                                                                                                       Ә.Тәжібаев

«Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп, күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр жасаған қайраткерлігін бірінші орынға қойған абзал. Ілияс Жансүгіров ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері».

Т.Кәкішев

-Міне, балалар, қазақ поэзиясының зерттеушілері Ілияс Жансүгіровке осылай деп баға берген екен.

II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление

«Құлагер»   поэмадан үзіндіні мәнерлеп оқу.

Сұрақтармен жұмыс:

1. 1 топ оқушылары3-5 сұрқтартар бойынша жұмыс.

2. 2 топ оқушылары6,7,10 сұрқтартар бойынша жұмыс.

3. 3 топ оқушылары – 2 сұрақ бойынша жұмыс.

III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.

Әр топтан 1-2 оқушы ортаға шығып өз ойларын айтады,немесе дәптерге жазғаннын оқып береді.

 

Бағалау.

 

Үйге тапсырма: «Құлагер трагедиясы – Ақан трагедиясы» атты шағын эссе жазу.

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.