Главное меню

  • К списку уроков
Ана тілі "Халқыңа адал бол" 4 сынып
22.09.2015 1116 122 Мусаева Айгул Сулайманкуловна

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:оқушылардың Төле би туралы  білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып шешендік сөздерді түсініп оқуға дағдыландыру.Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

Дамытушылығы:оқушылардың ой-өрісін сөздік қорын  және  ауызекі сөйлеу мәдениетін арттыру шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі:өз елін сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену

Көрнекіліr: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан  дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:1-топ.Мәтінмен жұмыс.Мәтін бойынша мазмұнын сұрау.

2-топ.Мәтінен Төлебидің сөздерін жатқа айт, мағынасын түсіндір.3-топ.Берілген ұйқсас бойынша құрастырған өлеңдерін оқыту.

lll.Үй тапсырмасын бекіту.--- Сонымен, балалар,  жасынан ой қозғап, қалың қазақ намысын ұштаған,елдің туын ұстаған, жеріне пана болған Төле би кім болған?

 

    жырау                   шешен

би                        Төле би                        кеңесші

ақылгөй                 ұлт мақтанышы

n  --Шешендік сөздер деп нені айтамыз?

n  -- Жоңғар – қалмақ билеушісі кім? (Қалдан Серен).

n  --Ел басшылары Күлтөбенің басына не үшін жиналады?

n   --Қарабек батыр қандай ұсыныс жасайды?

n  --Төле би қандай төрелік сөз айтады?

n  --Бұл төрелік сөзден көңіліңе не түйдің?

ІV. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

 V. Жаңа сабақ:

--- Бүгін қазақтың ұлы үш биінің бірі, тапқыр, батыл, шешен атанған Төле бидің шешендік сөзімен танысамыз.

а)Мәтінді тұтас оқыту.Рөлге бөліп оқу.

ә)Топпен жұмыс.Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қою.

1-топ.1.Қалай ойлайсың,Жетес Төле биден неліктен естен кетпес бір сөз сұрады?

2.Бұл әңгіменің авторы кім?

3.Бұл әңгіме арқылы айтушы бізге не айтқысы келеді?

2-топ.. Төле бидің шешендік сөзіне сүйеніп, бір шумақ бата – өлең жазып көр.

Бір үйдің баласы болма!                            Бір елдің атасы болма!

Көп үйдің санасы бол!                               Бар елдің данасы бол!

б)Төле би туралы толығырақ мағлұмат беру. Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.

     Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке раласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.

 Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.

в)Ой-толғаныс сатысы

1-топ.Бес жолды өлең құрастыру.

1.Кім?

2:Қандай?                                              4.Не істейді?

3.Не істеді?             5.Төле би

V1.Сабақты бекіту.

—Төле би қандай бата берді?

-- Бата  неге тәрбиелейді?

 

V11.Үйге тапсырма:Оқу, батаны  жаттап ал.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.