Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті "Шешендік сөздер" 6 сынып
01.09.2015 1320 0 Касабаева Жазира Назаркызы

Сабақ мақсаты: Оқушыларға қазақтың шешендік сөздері және жанрлық түрлері туралы мағлұмат беру.
Міндеті:
1.Қазақтың би-шешендері туралы ойларын кеңейту, қазақ халқының сөз өнері, шешендік өнерімен таныстыру, мәтіндермен жұмыс жүргізу арқылы тілдік ортаны кеңейту;
2. Сөз өнері туралы білімдерін ұштастыра отырып, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып, ой – пікір, сөз еркіндігіне баулу;
3.Оқушыларды достыққа, бірлікке, сөз қадірін түсініп, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білім беру
Әдісі: баяндау, әңгімелеу,сұрақ-жауап, СТО элементтері
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі.
Көрнекілігі: шешен,билер портреті, интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы аңыз әңгімелерді қайталау мақсатында «ББҮ» кестесі толтыртылады.
III.Жаңа сабақ
Сабақ мақсаты айтылады.
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы-Майқы би»деген мақал бар.Қазақтың шешендік сөздері-би,шешен секілді сөз шеберлерінің дауда, жиында, терең ойға, көркем сөзге байланысты айтқан тапқыр сөздері. Көбіне авторы белгілі болып келеді және ол ежелгі ауыз әдебиетінің соңы мен жазба әдебиетінің бастау болып табылады.Құрылымы шынайы оқиғалар, өмірде болған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынас,әрі көркем образды түрде болып келеді.Түп төркіні сонау сақ, ғұн туындыларынан, Орхон ескерткіштерінен, бер жағында орта ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінен басталады.
Интерактивті тақтадан кесте көрсетіледі.
Ғасыр Би-шешендер
XII-XIII Майқы би, Аяз би
XIV-XV Асан қайғы, Жиренше шешен
XV-XVIII Шалкиіз, Бұқар жырау
XVIII Төле, Қазыбек, Әйтеке, Шортанбай, Дулат, Мұрат т.б.
XVIII-XIX Хан-сұлтандрға қарсы шыққандар: Байдалы би, Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешен.
Бек-болыстарға қарсы: Сырым Датұлы,
Досбол шешен

Қазақтың атақты үш биі Қазыбек,Әйтеке,Төле билердің суреттері ілінеді.Қысқаша мағлұмат беріледі.
Бұл кісілер хан, сұлтандардың кеңесшілері, ел мен елді татуластыру, бітістіру мақсатындағы жұмыстарды атқарған.Қазіргі таңдағы сот, прокурорлар міндетін атқарған.Ол кісілер жай сөзбен емес, көркем де, терең мағыналы,астарлы, айшықты сөздерді пайдаланған.Олар шешендік сөздер.
Шешендік сөздердің жанрлық түрлері: шешендік дау,шешендік арнау,шешендік толғау.
«Бұл дүниеде не өлмейді?», «Кімнен кім туады?» үнтаспадан тыңдату.
«Ассоциация » әдісі
Шешендік сөздер
Қынаптан суырылғандай қылыштай өткір.
Соқырға таяқ ұстатқандай анық.
Көңілге медет болатындай мағыналы.
Тапсырмалар:
Берілген шешендік сөздерді құрамына қарай талда.
Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді,
Білімсіз надан нені көріп, нені сезеді?
(антоним)
Әйел – үйдегі ырысың,
Ұл – айбарлы қылышың,
Қыз – түздегі өрісің,
Келін – кеңейген тынысың.
(метафора)
V.Сабақты бекіту
«Атаның сөзі – ақылдың кені» атты ойыны
– Ал, балалар, би-шешендеріміздің өнегелі сөздерін жадымызға жаттап, қаншалықты санамызға сақтағанымызды байқау үшін
«Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуалды ойынын жүргізбекпіз.
Ойын талабы – ұяшықтарда берілген би-шешендердің сөздерін жалғастыру.
VI.Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
Шешендік сөз дегеніміз не?
Қазақтың би-шешендері қандай мәселелерді шешіп отырған?
Қазақтың қандай би-шешендерін білесіңдер?
VII.Үйге тапсырма
Шешендік сөздер жаттау.
VIII. Бағалау