Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті "«Қаңбақ шал» ертегісі" 5 сынып
20.08.2015 1028 110 Аманбаева Айжан Шакировна

Мақсаты Оқушыларды «Қаңбақ шал» ертегісінің мазмұнымен таныстыру.
Ертегінің мазмұны бойынша сұхбат құрап, түсінгенін айта білуге жетелеу. Оқыған мәтінінің қысқаша мазмұнын айта білуге, өзара сұхбаттаса алуға үйрету. Ертегілерді оқуға қызығушылығын арттырып, қиялын, ойын дамыту.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері Оқушылар «Қаңбақ шал» ертегісінің мазмұнымен танысады.
Ертегінің мазмұны бойынша сұхбат құрап, түсінгенін айта білуге жаттығады. Оқыған мәтінінің қысқаша мазмұнын айта білуге, өзара сұхбаттаса алуға үйренеді. Ертегілерді оқуға қызығушылығы артады, қиялы, ойы дамиды.

Күтілетін нәтиже «Қаңбақ шал» ертегісі туралы айта алады. Сұрақ құрастырып, оған жауап беріп, ертегіні оқып, аудара алады.


Әдіс - тәсілдер ЖИГСО, Аквариум, деңгейлік тапсырма, «Көңілді доп»,
«Екі жұлдыз, бір тілек»

Сілтеме Қ.Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті», Астана: «Арман - ПВ», 2012,
Электронды оқулық
Ресурстар Маркер,флипчарт,стикерлер, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, ғаламтор ресурстары
Сабақтың барысы Сабақтағы әдіс-тәсілдер Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу.
Өз қалауы бойынша топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Ертегілер, оның түрлері туралы сұраймын.
Өз қалауы бойынша топқа бөлінеді.

Ертегілер, оның түрлері туралы баяндайды.
Бағалау: смайликтер бойынша
Жаңа сабақ 1.Қызығушылығын ояту
2.Мағынаны тану Сұрақтар қоямын
Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар? Жұмбақтар, мақалдар туралы не білесіңдер? Қандай мақалдар, жұмбақтар білесіңдер?
Ертегінің қандай түрлері бар?
Сөздікпен жұмыс.
Зар болыпты – нуждался
Кедейліктен шықпапты – жил в бедности
Ау салу – расставлять сети
Тамағын асырау – кормиться
Домалау – катиться
Қаңбақ – казахское название травы «перекати-поле»
Тартып жеу – отбирать
Қорлық – унижение
Дүние-мүлік – вещи, имущество
Көму – зарыть, закопать
Ішек – қарын – требуха
Дәу – великан
Шал сасып, қайтерін білмейді – от растерянность старик не знал, что делать
Өш алу – отомстить
Атамның құны – невыплаченный моему деду долг
Тақсыр – господин
Лашық – лачуга
Ортаншы дәу – средний великан
Тым-тырақай қашу – разбегаться в разные стороны
Басқы дәу – главный великан
Түк жоқ- ничего нет
Нені асу – чем угощать
Орасан күшті – очень сильный
Пәрмен – сила
Жердің миы – мозг земли
Әлімжеттік жасау – показать превосходство силы
Күш сынасу – помериться силами
«Қаңбақ шал» ертегісі туралы түсіндіремін.
Қысқаша мазмұнын айтамын.
Тапсырма орындату.
Топтық тапсырма беремін.
1.Ертегіні 3 бөлікке бөліп, оқытып, аударту.
2. Ертегі бойынша кестені толтыру
(Қосымша №1)
3. «Суретті сөз» ойынын ойнату.
«Даналық ағашы» ойыны.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Сөздіктегі сөздерді оқып, қайталайды.

Мәліметпен танысады.
Тапсырмаларды орындайды.

Ертегі бойынша сурет салып, әңгімелейді.
Оқушылар ертегі бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс Қорытындылау.
«Көңілді доп» ойыны арқылы сабақ бойынша кері байланыс орнатамын.
Бүгін қандай тақырыппен таныстыңдар?

Балалар бүгінгі тақырып бойынша өз бетінше сұрақ қояды да, келесі бір оқушыға допты тастайды, допты алған оқушы жауап береді.
Бағалау Басбармақ,бағдаршам, шапалақ, смайлик сияқты формативті бағалау түрлерімен бағалаймын
Үйге тапсырма Ертегінің мазмұнын айту. Қосымша тағы бір ертегі оқып келу.
Тапсырманы орындайды.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.