Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті "Жылдың төрт мезгілі"
20.08.2015 695 103 Байгутанова Гульдарига Мараткызы

Мақсаты: Жыл бойы өткен тақырыптарды дидактикалық ойын арқылы тиянақтау; жыл мезгілі туралы білімдерін пысықтау, тіл мәдениетін жетілдіру; жаттығулар орындату арқылы мемлекеттік тілге қызығушылықтарын арттыру;
Дамытушылық мақсаты: Ойлау, есте сақтау, зейін қаблеттерін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру инабаттылыққа, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу;
Қолданылатын тәсілдер: қайталау, сұрақ жауап, дидактикалық ойындар,сергіту жаттығулары.
Қолданылатын көрнекіліктер: магнит тақта,үн таспа,жыл мезгілдерінің көрінісі.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңберін құрайық.(Круг радости)
Армысың жарқын күн,
Армысың жер ана!
Армысың көгілдір аспан!
Армысың апайлар,
Армысың сен және мен!
Сабақ теледидар көруден басталады. (Балалардың көңілдерін теледидарға аудару)
Мәтін.
Әселдің түрлі- түсті көбелектерімен әдемі көйлегі болады. Ол жаз бойы ойнап көйлегін кигендіктен кірлетіп алады. Бір күні Әсе ұйықтап жатқанда, оған ренжіген көбелектер ұшып кетеді. Әсел жылап отырады.
Балалар, біз Әселге көмектесейік.
Олай болса бірінші жаз еліне барайық.
Балалар жаз айына келеді. Балалар алдымен менің тапсырмамды орындаңдар, сосын мен сендерше жол көрсетемін.
Сұрақ - жауап:
Жылдың неше мезгілі бар?
Әр жыл мезгілдерінің айларын атап шығайық.
Жақсы балалар менің тапсырмамды орындадыңдар. Рахмет.
Жаз балаларға жол көрсетеді. Балалар сапарға аттанып кетеді.
Олар жолда келе жатып күзге кездеседі.
Сәлеметсіңдер ме балалар? Қайда жол тарттыңдар?
Әсел әдемі көбелектерін жоғалтып соны іздеп бара жатырмыз.Сіз көрген жоқсыз ба?
Көрген жоқпын бірақ, жол көрсетемін, егер менің тапсырмамды орындасаңдар.
Бірінші тапсырма:
Күз айларын атаңдаршы. Күзде қандай өзгерістер болады? Қүзде табиғат қалай өзгереді? Күзде не жинаймыз? Жақсы балалар менің тапсырмамды орындадыңдар, Енді кішкене бой сергітіп алайық :

Алдымен күн шығады,
Сонан соң жел соғады.
Бұлт келеді аспанға
Сонан соң жаңбыр жауады,
Бұлт келгенде аспанға ,
Күн күркіреп тұрады.
Рахмет балалар. Сендердің іздегендерің мына жақта. Сау болыңдар!
Қыс еліне келеді.
Сәлематсыңдар ма балалар , қайда жол тарттыңдар?
Балалардың сөзі. Көрген жоқпын бірақ, егер менің тапсырмамды орындасаңдар, жол көрсетемін.
Менің тапсырмам былай, Қыста қандай қызықтар болады?
Балалардың жауабы: Қыст қар жауды, біз шана тебеміз, суық болады, аяз болады, аққала жасаймыз. Денесін қоямыз бәрін айтып шығады.
Жақсы балалар менің тапсырмамды орындадыңдар, сендердің іздегендерің анау жақта. Сау болыңдар!
Сәлематсыңдар ма балалар! Сендерге мына көбелектерді сыйға тартамын.
Әсел мына көбелектеріңді ала ғой.
Достарым маған мына көбелектерді жапсыруға көмектесіңдерші.
Рахмет, сендерге балалар көп жасаңдар. Енді менің сендермен қоштасатын уақытым жетті сау болыңдар.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.