Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті "Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы" 10 сынып
11.06.2015 1656 0 Кулекина Айнаш Шормановна

Мақсаты: ақындардың шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, зейін қойып тындауға тәрбиелеу, адамның жақсы қасиеттер туралы білімдерін бекіту.
Құралдар:
Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру: үзінді жаттау, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінен (жақсы не жаман қасиеттер туралы) оқулық
Жаңа сабақ :
Майлықожа Сұлтанқожаұлы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы туған,
өлеңдерінің идеясы- қарапайым халықтың күйзелісін, махаббат бостандығын жырлап, адал еңбекке үндеген., жастарды парасаттылыққа , адамгершілікке шақырады.
Шығармалары: «Жігіттің көркі - өнері», «Жақсылардан шыққан сөз», «Ұрлықтың түбі қорлық-ты»
- үзінділерімен танысу, мәнерлеп қайтара оқыту.(104 беттегі тапсырманы орындау – жақсы және жаман қасиеттерін жазып алу)
- кімнің ұқсас шығармасын білесіңдер?
Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы қазіргі Түркімен Республикасында туған. өлеңдерінің идеясы – пейілі тар, сараң, надан адамдарды әшкерлейді.
Шығармалары: «Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға», «Адай тегі», дастандары -«Атамекен», «Топан», «Бұл дүниеде не жетім?», «Осы күні жолдас болдым сексенмен».
- 111-112 беттегі өлеңімен танысу, өлеңнің идеясы - өзіндік көзқарасын, ой талғамын, дүниетанымын көрсетеді.
- Мәнерлеп оқыту, сөздік жұмыс жүргізу.
Бекіту:
- Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы шығармашылықтар ы туралы не айта аласыңдар?
- Майлықожа Сұлтанқожаұлы кім ?
- Қашаған Күржіманұлы кім?


Үйде: 102-117 б, конспект.
Қорытынды: бағалау, қоштасу