Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті "Киімге қатысты мақал-мәтелдер" 10 сынып
03.06.2015 2468 144 Токпанова Гульнара Мухамбетфазыловн

Сабақтың мақсаттары: 1) Оқушылардың өз білімін практикада қолдана алуды қалыптастыру.
2) Қисынды ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін артттыру.
3) Қазақ халқы ырымшыл, дана халық екенін көрсетіп, жақсы қасиеттерін бойына сіңіру.

Көрнекіліктер. Кеспе қағаздары .

Сабақ барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бүгін біз «Киім» модулін аяқтай отырып, соңғы сабақта өз білімдерімізді жүйелеп, халқымыздың даналық көзі - мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер мен ырымдарын білеміз. Ал енді сабаққа мына тапсырма арқылы кірісеміз.
Тапсырма: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар.
І топ: Киім , қаламызда, көп, дүкендері, біздің.
ІІ топ: Оқушыларды, формасы, үйретеді, мектеп, тәртіпке.
ІІІ топ: Көремін, киінуді, мен, сәнді, жақсы.

Енді мына тапсырма беріледі:
І топ: «Қаламызда» деген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.
ІІ топ: «Тәртіпке» деген сөзге фонологиялық талдау жасаңдар.
ІІІ топ: Құрған сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.

ІІІ. Жаңа тақырып: КИІМГЕ ҚАТЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР.
1. Тапсырма: Бірінші бағандағы мақал-мәтелдердің басы мен екінші бағандағы жалғасымен сәйкестіріңдер.

1. Сыпайы киімді киіп тоздырады, А) танымаған жерде тон сыйлы.
2. Кең киім тозбайды, В) тарылтуың оңай.
3. Таныған жерде бой сыйлы, С) кеңесші ел азбайды.
4. Киім пішсең, кең піш, Д) жолдасының тоңғанын білмес.
5. Қасқыр ішігі бар кісі Е) сараң киімді жиып тоздырады.

2. Ой қозғау.
Сұрақтар бойынша:
1) Алдымен танымаған адамды неге қарап қарсы алады? (киіміне)
2) Киімді кию дұрыс па, жию дұрыс па? (кию)
3) Мақалға сай киімнің кеңі жақсы ма, тары жақсы ма? (кеңі)
Қазіргі кезде жастар сәні бойынша тар киімді киюді жақсы көреді, бірақ дәрігерлердің айтуынша, тар киім адам ағзасына, органдарына зиян келтіреді, сондықтан тар киім киюге тырыспаңдар.
4) Орыс тіліндегі мына мақалдарына баламасын табыңдар.
А) Встречают по одежке, провожают по уму.(Таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы)
Ә) Сытый голодного не разумеет.(Қасқыр ішігі бар жолдасының тоңғанын білмес)
Сендерге ұнаған мақал-мәтелдерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Қазақ халқымыз дана халық та, ырымшыл халық. Оның киімге қатысты да ырымдары мен тыйым сөздері бар. Соған назар аударайық.Мен жұп-жұптарыңа тыйым сөздерді үлестіремін, сендер оларды оқып, қалай түсінетіндеріңді айтыңдар.

1. Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.

2. Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолджан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

3. Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.

4. Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.

5. Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау - жаман ырым. Егер адам оны кигісі келмее, біреуге сыйлау керек.

6. Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.

7. Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды,

8. Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.

9. Кір киімді киюге болмайды. Киімді әрқашан таза және ұқыпты ұстаған жөн.

10. Қыз басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ - жаулық, қара - қайғының белгісі болып саналады.

І V. Бекіту.
1. Осы тыйым мен ырымдарға қарағанда халқымыз туралы не айта аламыз? (халқымыз дана, ақылды, ұқыпты, ырымшыл)
2. Қазақ халқы киімге қалай қарайды? ( үлкен мән береді)
3. Әсіресе киімнің қай түрін қастерлейді? (бас киімді)

Тапсырма. Енді мына сөздерге көңіл аударып, сөйлемдердің түрлерін ажыратыңдар.

1) Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.
2) Ер баланың киімін кию жаман ырым саналғандықтан, қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды.
3) Егер адам тозбаған киімді кигісі келмесе, оны біреуге сыйлау керек.
4) Бас киімді аяқ астына тастамау кереке, себебі бастан бақ тайып, бас ауруына тап болады.
5) Киімге улы жәндіктер жабысады, сондықтан киімді сілкіп киген жөн.

Енді ата-бабаларымыздың осы сөздерін есте сақтап, киімге жауапты қарап, әрқашан таза, ұқыпты болып жүрулеріңе тырысыңдар деп, сабағымызды аяқтаймын.
Сабақта не жаңалық білдіңдер?
Естеріңде не сақталады?
Сабақта не ұнады, не ұнаған жоқ?
Өздеріңнің жұмысыңды қалай бағалайсыңдар?

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.