Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті «Жаңа достар» 7 сынып
15.05.2015 886 0 Жолдаспаева Гульмира Мухтаровна


Сабақтың мақсаты: әңгіменің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мазмұнын мәтінге сүйене отырып ашу.
Білімділік: өткен сабақта алған білімдерін тиянақтап, өз ойларын қорытынды жасай білуге дағдыландыру, оқушылардың әңгімені толық оқып меңгергендіктерін тексере отырып әңгімедегі кейіпкерлер туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру.
Дамытушылық: түрлі тәсілдер арқылы оқушылардың байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: әңгіме идеясы негізінде оқушыларды достыққа, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау, салыстыру, зерттеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ: бізге қонақтар келіп отыр. Қалай ойлайсыңдар бұған не себеп болып отыр?
- үй тапсырмасын тексеру.
Ғ. Мүсіреповтің өмірбаяны мен шығармаларын сұрау.
ІІ. Жаңа сабақ:
1. Өткен сабақта біз «Жаңа достар» мазмұнымен таныстық. Бүгін сабақта толықтай талдап қорытындылаймыз. Талдамас бұрын маған мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер.
- «Жаңа достар» қай романнан алынған үзінді?
- «Жаңа достар» деп аталу себебі неде?
2. Композициялық талдау. (Оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)
Оқиға қалай басталады – оқушылардың жауабынан кейін слайд ашылып отырады (Қайроштың Гурьев қаласына көшіп келуі.)
Қалайша дамиды - оқушылардың жауабынан кейін слайд ашылып отырады (Шеген мен Борашпен танысуы мен олармен бірге базарға барулары, концерт көрулері.)
Шиеленісуі - оқушылардың жауабынан кейін слайд ашылып отырады (Қайырғали, Бораш пен Шегеннің милиционерлердің қолдарына түсуі. )
Шарықтау шегі – оқушылардың жауабынан кейін слайд ашылып отырады
( Қайырғалидың апасының балалар үйіне келуі.)
Шешімі - оқушылардың жауабынан кейін слайд ашылып отырады (Қайроштың оқу үшін балалар үйінде қалуы.)
3. Сұрақ-жауап:
1. Шығарма оқиғасы кімнің атынан басталады?
2. Роман қай кездегі өмірді суреттеп отыр? Оны қандай оқиғаларға, адамдардың сөздеріне қарап білулеріңе болады?
3. Қайрош қалаға кіммен және неге қашып келеді?
4. Қалада кездесетін достары кім?
5. Топпен жұмыс
Балалар, сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін біз топқа бөлінеміз. Топқа бөлініп кейіпкерлерге мінездеме береміз. Мінездеме бергенде кескін-келбетін, мінез-құлқын , іс-әрекетін, тұрмыс-жайын суреттейтін көріністерге сүйене отырыңдар (оқушылар өз беттерімен тапсырманы орындайды 3-4 мин, оқушылардан жауап алынған соң , слайд ашылады)

І топ ІІ топ

Қайырғали Мария апай
Қайсар, намысқой, ақылды, өнерлі, арманшыл. шыншыл 50 баланың анасы, денесі толық, балалардың арасында ұршықтай иіріліп жүреді, анаға лайық жылылық, мейірімділік бар, әр баланың қасына барып еркелетіп кетеді. Қонақжай, мейірімді.

ІІІ топ ІV
Шеген Бораш
Күнге күйген, ашаң, сұңғақ денелі, үстінде шолақ шалбардан басқа ештеңе жоқ. Қамқоршыл, сұлу бұлшық еттері болаттай иірілетін күнге күйген, тобылғы торы.
Тазалықты, тәртіпті жақсы көреді. Достарын тастамайды. «цирк» жасы 15-те, білімге құмар. Менімен тұстас, ақшыл денелі, арық, бір аяғы ақсақ. Аққұба , қағымыз, қыз мінезді, көздері жаңа туған бұзаудың көзіндей. Бар дүниеге таңдана қарайды, қуануы да, ренжіп калуы да тез. Мөлдір қара көзінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай. Өгей шешесінің қолында өскен «опера». Мойны үзіліп кеткелі тұр (жүдеу). Мойны қылқиып, көк тамырлары тарам-тарам болып тұр. Тәртіпті.

5. - Балалар үйі «детдом» дегенді біз түсінеміз бе? Ал, сол кездегі балалар үйі мен қазіргі балалар үйінің айырмашылығы неде? Салыстырып көрейікші .
Слайд

Сол кездегі балалар үйі Қазіргі кездегі балалар үйі
Жоқшылдықтан
Соғыстың салдарынан жетім қалған балалар Тәрбиесіздіктен
Тастанды балалар мен ата-ана құқығынан айырылғандардың балалары.
Балалар, Қайрош ана құрсағында қандай шаттық сезімге бөленеді? Мәтіннен оқып беріңдер.
Қайрош шешесімен бірге ауылға қайтып кетпей, неге балалар үйінде қалды? Ол не арман етеді?
Апасы оған қандай аманаттар тапсырды?

6. Қорытындылау:
Сатылай-кешенді талдау.
Авторы: Ғ. Мүсірепов
Тақырыбы: «Жаңа достар»
Жанр түрі проза (роман)
Идеясы: достыққа, адалдыққа, әр адам өз арманына жету жолын іздестіру.
Әдеби-теориялық ұғым: -портрет
Мақал-мәтел: «Өлімнен ұят- күшті»
«Қарға баласын аппағым дейді.»
Жер, су аттары: Гурьев, Каспий теңізі, Ақ Жайық, Саратау
Түйіні тәрбиелік мәні: адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Үй жұмысы: Өздеріңе ұнаған үзінді жаттау.

7. Бағалау