Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті "Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» повесі. Құдық қазу—Енсептің ата кәсібі" 6 сынып
11.04.2015 7981 320 Касыбаева Майра Багдатовна

Сілтеме Қосымша материалдар: интербелсенді тақта, үлестірме кестемелер, флипчарт, маркерлер, Оқулық материалы.
Мақсаты а) білімділік: оқушылардың Әбіш Кекілбаевтың өмірімен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету.
«Шыңырау» хикаяты жайлы, құдық қазу—Енсептің ата кәсібі екендігі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке,сауапты іс жасауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Жазушы өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет алады.«Шыңырау» сөзінің мағынасын түсінеді.«Шыңырау» хикаяты жайлы, құдық қазу—Енсептің ата кәсібі екендігі жайлы толық талдайды. Өзін-өзі бағалай біледі.
Сабақ түрі: іздендіру білімді нақтылау: география, Ата кәсіпті дамыту.
Ой қозғау Жеке тұлғаға бағытталған тапсырмалар ұсынылады.
Бірлесіп іздеуге, керегінде олардың пікіралмасуға, диалогтік әңгімеге араласады
Түйінді идеялар 1) Өздігінен іздене отырып меңгеру өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.
2) Сыни тұрғыдан ойлау балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.
3) Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше жаңа ақпаратты қорыта білуге үйренеді.
Блум таксаномиясы 7 модуль Ресурстар
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Нақты мақсатқа бағыттайды. Оқушыларды дербес таным іс-әрекетіне негіздеп, оған түрткі болады. Оқушының іс – әрекеті
Мақсатқа дербес өзінің белсенді іс-әрекетімен жетуге тырысады
5 мин. Сыни ойлау Ой қозғау Ұйымдастыру. (Психологиялық жағымды ахуал, жағдай туғызады.Топқа бөледі)
Қызығушылығын ояту. «Жылы лебіз» стратегиясы арқылы бір-біріне гүл беру арқылы тілек білдіреді.
«Миға шабуыл»
Тақырыпқа шығу. Видео «Құдық қазу» кәсібі туралы. Біздің сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ. Осы шығарманың авторы кім? Не айтасыңдар? Сабақтың мақсатын анықтап алайық.
Ендеше Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» повесімен танысамыз. Әр топ қосымша материалды пайдалана отырып автор жайлы қысқаша постер қысқаша қорғайды.
Құдық, су, тас, арқан арқылы топтарға бөлінеді.
(оқушылардың тарау бойынша оқып-үйренген білімдерін қорыту)
Өз бетінше гипотеза құру, шешімдер әзірлеу
Диалог
Ынтымақтастық атмосферасын құрады.
Бір-бірімен диалог арқылы пікіралмасады.
Жеке, жұптық жұмыс түрлерін орындайды. Проблеманы шешеді.
Білу
Сыни ойлау Ой шақыру стратегиясы «Түртіп алу» стратегиясы. Ең алдымен шығарманың атауына мән берейік. Шыңырау сөзінің мағынасын ашайық.
Шыңырау дегеніміз не? Түсінік берейік. Шыңырау сөзі - шың және орау деген екі сөздің бірігуінен жасалған деген болжам жасалған.Қазақ тілінде шың сөзі- биік шың дегенді білдіреді.Маңғыстаулықтар тілінде Көлденең шың, Құба шың, Ала шың болып сан атауды иеленіп, құбылып, түрленіп кететіні бар. Ал орау – етістігі тұйықтап, доға жасап әрекеттену мағынасын береді. Орап байлау, орап тарту, т.б. Демек, бұның түбірі шың бойлап, орап қазу дегеннен шығады. Ал түсіндірме сөздікте шыңырау – тұңғиық, терең мағынасында келтірілген. Мәтіннің ішінде сендерге қандай қиындық тудырған сөздер кездесті? Ол үшін оларды
«Мені түсін» стратегиясын қолдану арқылы анықтаймыз. Сөздікпен жұмыс.
Кәтеп- жүк артқанда нардың өркешіне ауыр салмақ түспеу үшін салынатын қом, тазы.
Қом- түйеге жүк арту үшін оның жотасына орай салынған қабат-қабат киіз.
Ауыт- нар түйенің ершік тәрізді етіп істелген шом ағашы
Зауза- мамыр айының арабша аты.
Шеген- құдықты шегендейтін құрсау тас, қима ағаш, өрме тал.
Метей- жергілікті сөз. Ағаштан жасалған кішкене күбі, ыдыс . Кәсіби сөз.
Рефлексия жасау. Мәтіндегі сөздердің барлығы түсікті болса келесі тапсырмаға көшейік. Өз білетіндерін айтады. Жұбымен талқылайды.
Тақырыпты оқып игереді, талдап талқылайды.
Өз еңбегін өзі саралайды,қорытындылайды.
«Бағдаршам» арқылы түсіну дәрежесін бағалау.
Түсіну 5мин. ОЖК «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі және Білімдену технологиясы.
Жоспар бойынша әр топ шығарманың мазмұныны бойынша Тезис жоспарын құрайық.
( ықтимал жауап)
1. Еңсептің таңдауы.
2. Ала қырдағы тастақ жүлге
3. Үзіліс кезі.
4. Еңсептің көңіл күйі.
5. Өткенге ой жіберуі.
6.Көмекші жігіттер ықыласы.
7. Құдыққа қайта түскен Еңсеп.
8.Сыз қабырғалардан ескен леп.
9.Қызу қарқынмен кіріскен Еңсеп.
10. Оқыс дыбыс. Суыл.
11.Қуанышты күтуі.
12. Ағын судың ашылуы.
13. Хабарсыз кеткен Еңсеп.
14. «Еңсеп өлген» шыңырауы.
Топтық бірін-бірі бағалау. Жаңа білімдерін талқылап, дамытып,жетілдіреді.
Қошеметпен бағалау
Қолдану 10 мин. ОЖТ Оқыту нұсқау стратегиясы «Қалыпқа келтіру» әдісі бойынша мына сөйлемдерді мәтінге сүйеніп жалғастыру
Мәтінмен жұмыс ( әр оқушыға тапсырма беру)
1.Еңсеп Байсал байдың келе-келе түйелерін аралап жүріп.....................................
2. Еңсеп тастарды көріп шыққан соң, құдықтың түбінен алынған..........................
3. Құдықтың аузындағы жігіттер шыңыраудың түбіне бір тал шаштай боп, сымша тартылып,.................................................
4. Еңсеп жан-жағынан анталап тұрған сыз қабырғаларды.....................................
5. Дірдектеп тұрған денесіне.......................................
6. Еңсеп сүйменді сыз қабырғаға сүйеп қалды да,..............................................
7. Еңсеп тақтай тасты ұрғылап жатып,........................................
8. Зымыран қара үңгірдің іші сол бір сарқыраған.............................................
9. Есіл-дерті тақтай тастың..............................................................
10. Кенет сүймені тасқа тимей,.......................................
11. Еңсеп зіп-зілдей кірпіктерін әзер көтеріп,....................................
12. Не де болса, ол бүкіл Үстірттің үстіндегі ең терең,..............................
13. Мынау сыз қабырғалар да жер астынан шыққан беймәлім .................................
14. Біраздан бері жұртқа есесі кетіп.............................
15.Біреудің аялы қолдары қос алақанын ....................................
16.Топырақ шығарып тұрған төрт жігіт......................................
17. Төрт жігіт енді қара атанды..............................................
18.Есі шыққан жігіттер төртеуі төрт жақтан........................
19. Жігіттердің құлағына сонау жер ........................................
20 Миына біреу құм құйып құйғандай басы зіп-зілдей.............................
21.Бір уақыт манадан бері сыз жерде...............................................
22.Шөл далада, қапелімде сай-салада ұшырасып қалатын..................................
23.Енді ішіне жарты қасық су.............................................
24.Ақсақалдар әрі ақылдасып, бері ақылдасып, молда апарып,........................
(Бағалау парағындағы өзін-өзі бағалайды.
Өзін-өзі бағалау.
Талдау10мин Оқудағы көшбасшылық Оқулық, үлгілей талдау І топ Еңсептің бейнесін топтастыру. Топтық жұмыс. Мәтінге сүйене Еңсепке мінездеме бер.
ІІ топ Шығармада қандай кәсіп түрі суреттелген? Шыңырау құдық қалай қазылады? Мәтіннен тауып ойыңды сурет арқылы жеткіз.
Қ. Бітібаева үлгілеу технологиясы бойынша сызбаға түсіру.
ІІІ топ Сызбаға түсіру ( 4 бағыт бойынша) тақырыбы, идеясы,жанры, шығарманың тәрбиелік мәні.
ІҮ топ Мәтінмен жұмыс
Еңсептің киімдері
Мәтіндегі тастардың түрлері
Диалект сөздер
Шалбар, қыл аркан, жейде, жылы көкірекше, саптама етік.
Шеген тастар, сұр тас,қылауытқан тас, тастақ тас, сандық тастар, тоқаш тастар, көк тас, көк тас, сар кемік тастар, қиыршық тастар, шығыр тастар.
Зымыран, түнемелік, шайланып, өңшең, метейлер, шоқайма етік, шығыр аркан, қыл аркан, күбі.
Рефлексия : Біз мәтінді талдай отырып, Еңсептің ата кәсібі жайлы білдік. Әңгіме бойынша талдау жұмыстары жасалады, өзара бағаланады.
Өз еңбегін өзі саралайды, қорытындылайды.
«Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалау.
АКТ Сергіту сәті «Жүрдек пойыз» би билеу.
Жинақтау
Оқу мен оқытуды бағалау
Еңсептің ерен еңбегі елге қандай жақсылық әкелді? Ойды жалғастырыңдар. Жаңа білімдерді қолданады. Шығармашылық жұмыс арқылы білімдерін жинақтап, ортаға салады.
Бағалау
Дарынды және талантты
Рефлексия «Гүлшоғы» арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады.
Бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалау.
Критерийге сай бағалау парақтарына қорытынды бағаларын қояды.
Бағалау. Әр оқушы өз білімін бағалау парағы арқылы жүзеге асырады.
Үй тапсырмасы Шығармашылық жұмыс. «Еңсептің ерлігі- елге өнеге» немесе «Еңсеп өз ісін жетік білетін, еңбекқор, қарапайым адам» эссе жазу. Күнделікке үй жұмысын жазады.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.