Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ әдебиеті "Шәңгерей Бөкееевтің "Қосаяқ"өлеңі" 10 сынып
13.03.2015 1281 194 Асаубаева Алтын Кувандыковна

Асаубаева Алтын Қуандыққызы.

 Шақа орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 Павлодар облысы, Лебяжі ауданы  (байланыс: 8(71842)23271, 87776000344)

Мақсаты: Ш. Бөкеев өлеңінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік сипатын зерттеу, зерделеу, жобаға салу.

Міндеттер:

·          «Қосаяқ» өлеңін зерттеу, талдау жасау, модульге түсіру және оны «Талдау» моделіне салу;

·         Материалдарды жүйелеу арқылы шағын проект жасау, рәсімдеу;

·         Проектіні қорғау.

Жоспар:

·         Өлең туралы оқулықтардағы материалдарды оқып танысу;

·         Қосымша зерттеу материалдарынан қажетті мәліметтерді теру;

·         Өлеңді талдау, теориямен дәлелдеу, модульдерге түсіру;

·         Жинақтаған барлық материалдарды жүйелеу, сызбаларға түсіру, проект жүйесіне келтіру;

·         Проект жасау, тексеру, рәсімдеу;

·         Проектіні қорғау.

Өзектілігі: Адам өзінің өткен өмірін, балалықтың өзіндік ерекшелігін естен шығармауды сол уақыттың белгісімен астарлай, қоса суреттеу арқылы оқырманға ұсынады, ой салады, суреткерлікпен ішкі жан дүниеге, сұлулыққа тәрбиелей білуі.

Болжам: осы өлеңді оқып түсінген жағдайда автор өмірінің бір белесімен қатар суреткерлік шеберлігін таниды, нәзік ойын сезінеді, сұлулық жақсылыққа жетелейтінін түсінеді.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 - оқушылармен амандасу, көңілдерін сабаққа аудару, жұмысқа сәттілік тілек білдірту;

- жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, сабақ мақсатын айқындау.

ІІ. Үй тапсырмасы:

1. «Автор орындығы» стратегиясы арқылы пікірлерін тыңдау, сұрақ-жауап ұйымдастыру.

2. Шығармасы бойынша талдауларын тексеру.

ІІІ. Тәжірибешілік сабақ:

1. Оқушылар: «Мәнерлеп оқу» сайысын өткізеді (бағалайды, ескерту жасайды, тілек білдіреді).

2. Мұғалім: өлең туралы қосымша әдебиеттер арқылы ақпарат көздерін береді, оқулықтағы материалдармен жұмыс істеуге нұсқау жасайды.

3. Оқушылар топтық негізде жұмыс жасайды, жұмыс бағыттары ұсынылады:

  • Бағыт 1. Өлең негізі
  • Бағыт 2. Тақырыбы, идеясы
  • Бағыт 3. Әдеби бағыт
  • Бағыт 4. Көркемдік ерекшелігі
  • Бағыт 5. Автор және қоғам
  • Бағыт 6. Өлең өлшемі
  • Бағыт 7. Өлең құрылысы
  • Бағыт 8. Үндестік.

4. Оқушылар жауабы:

Бағыт 1. Өлең негізі:

  • Қосаяқ – Нарын құмын мекендеген кішкене жәндік, тышқанның бір  түрі.
  • Нарын – Батыс Қазақстандағы жер атауы.
  • Нарын – Шәңгерейдің дүниеге келген жері.

Бағыт 2. Тақырыбы, идеясы:

  • Өмірдің бір кезеңін толғау.

              Алалы сақа атысқан,

              Жалаң аяқ құм басқан,

              Тал шыбыққа таласқан,

              Бір күні едім мен бала.

  • Қосаяқ арқылы бала күнін есіне алу.

              Сол қосаяқты қуалап,

              Тал шыбықты шудалап,

              Қарындай үрген домалап,

              Бәйшешек бетті бала едім.

  • Идеясы: балалықтық бал дәмін ұмытпау, адам жасы ұлғайса да тәттілікпен еске

алады.

Бағыт 3. Әдеби бағыт:

  • Бағыты – реалистік
  • Тегі – поэзия
  • Жанры - өлең
  • Түрі – толғау.

Бағыт 4. Көркемдік ерекшелігі:

  • Эмоцияға әсер ететін сөздер: «Бәйшешек түбін қолға алып,

                                                         Тілерсек басып тік тұрып,

                                                          Қарсы тұрып қайзаса, -

                                                          Бет біткеннен сұлуырақ».

                                                          «Сол көк орданың ішінде

                                                          Ләззат тауып бір-бірімен

                                                          Зауықтасқан ата-ана».

  • Теңеу: алтындай, меруерттей, шытақтай, мөріндей, қарқарадай, көзіндей, жұлдыздай, шашбаудай, домалап үрген қарындай, шөл қаққан жолаушыдай.
  • Эпитет: алалы сақа, тал шыбық, сабақ құрсақ, бура санды, ақ таңды, мойыл көзді, тоқ жүзді, қалы кілем, масақы келген ақ шашақ, бәйшешек бетті бала, пан дүние.
  • Архаизм: қарқара – ертеректе жас әйелдер, қыздар киген бас киім, тырна қауырсыны тағылған.
  • Кірме сөз: шайықтар – араб сөзі, мұсылман секталарының басшысы.
  • Портрет: «Бура санды, ақ таңды,

                        Түсі алтындай ақ сары

                        Ауызға біткен қос тістің

                        Меруерттей ажары.

                        Қаусармалап қақтаған,

                        Шытықтай жұқа құлағы».

Бағыт 5. Автор және қоғам:

  • ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай:

                                             «Адыра қалған Нарында

                                              «Адыра» дедім Нарынды:

                                              Құсы ұшып көлінен

                                              Құты кетіп жерінен

                                              Саба құрсақ билерден,

                                               Еңіреген билерден

                                              Айырылып адыра қалғанға».                                             

Бағыт 6. Өлең өлшемі:

  • 4 шумақтан тұрады
  • тармақ саны тұрақсыз:

                                        1-шумақта – 17 тармақ

                                         2-шумақта – 37 тармақ

                                        3-шумақта – 7 тармақ

                                        4-шумақта – 18 тармақ.

  • 2 бунақты
  • 7-8 буынды
  • аралас ұйқас.

Бағыт 7. Өлең құндылығы: ақын өмірі жайлы толғай отырып, адам өмірінің бастаушысы да, өткен өміріңнің жақтаушысы да Алла Тағала екендігін айту.

Афоризм: «Өлшеулі дәм біткенше,

                   Сызық бізден мейманға».

Бағыт 8. Үндестік:

  • Абай «Балалық өтті»
  • С. Дөнентаев «Балалық»
  • М. Жұмабаев «Балалық шақ».

ІІІ. Қорытынды:

Оқушылар алған білімдері негізінде ойларын жинақтайды, әр топ дайындаған

бағыттағы жұмыстарын жинастырып, «Шәңгерей Бөкеевтің «Қосаяқ» өлеңі» атты модельді құрастырады.

«Шәңгерей Бөкеевтің «Қосаяқ» өлеңі» атты модель.

ІҮ. Бағалау:

Әр оқушы өздерінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын бағалау парағы

бойынша бағалайды.

 Ү. Үйге тапсырма:

Сұрақ-тапсырмалар (дидактикалық материалдар, 100-бет):

А). Міндетті деңгей: ІІІ-197-201.

Ә)    Мүмкіндік деңгей: ІІІ-203, 206, 207.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С. Қирабаев, Ұ. Асыл, т.б. «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы: «Мектеп», 2010.
  2. З. Ахметов, Ұ. Асыл. «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясы 10-сынып, Алматы: «Мектеп», 2010.
  3. Б. Әрінова, Ғ. Сүйіндікова. «Қазақ әдебиеті» дидактикалық материалдар 10-сынып, Алматы: «Мектеп», 2010.

      4.   Н. Манаев «Шәңгерей өмірі жайлы деректер»;

5.   М. Әуезов «Уақыт және әдебиет» 11-том;

      6.   Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

      7.   М. Тәжімұратов «Шәңгерей», Алматы, «Өлке», 1998;

8.   Б.Омаров «Зар заман поэзиясы». Алматы, 1999 ж.

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.