Главное меню

  • К списку уроков
Сынып сағаты "Ерлік туын алаулатқан қазақ қыздары!"
20.05.2015 1845 0 Кабылова Сая Базарбаевна

Мақсаты:
Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру; елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған қазақ қыздары туралы мәлімет беру. Оқушылардың бойынан патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
1. Оқушыларды топқа бөлу.
2. Батыр қыздарға тағзым ету, үнсіздік.

Жоспар:
1. Жадымызда отты жылдар (үшбу хат)
2. Ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман қыздар бейнесі.
3. Ерлік – тәрбие жемісі.

І «Жадымызда отты жылдар» (хаттағы сұрақ-жауаптар легі)
1.Ұлы Отан соғысының басталуы туралы не айтасыңдар?
Германия Кеңес Одағымен шабуыл жасамай туралы келісімді (23 тамыз 1939) бұзып, 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аймағына басып кірді.
2.Соғыстың сипаты қандай болды?
Соғыстың сипаты – Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті, өз жерін қорғаған азаттық Отан соғысы болды.
3.Гитлер Кеңес Одағын басып алу үшін қандай жоспар жасады? Жоспардың мақсаты қандай?
Гитлербастаған фашистер «Барбаросса» жоспары бойынша іске кіріскен болатын. Басты мақсаты – қысқа мерзім ішінде (3-4 ай) түрлі халықтың кең байтақ жерін басып алып, қуыршақ мемлекет құруды қалады.
4.Ұлы Отан соғысы неше күн, неше жылға созылды?
Ұлы Отан соғысы 1941 жылдың маусымында басталып, үздіксіз 4 жылға, 1418 күнге созылды.
5. Қазақстаннан қанша жауынгер майданға аттанды?
Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мың әскер аттанып, 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады.
6. Отан үшін шайқаста қазақстандық жауынгерлер қандай марапатқа ие болды?
Кеңс Одағы Батыры атағын екі мәрте алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергеий Луганский, үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған шымкенттік Н.Кожедубты атай аламыз. Әлия мен Мәншүк, Бауыржан, Рахымжан секілді ержүрек батырларымыз да осы атаққа лайық деп танылған.
7. Биыл Жеңістің қанша жылдығын атап өтудеміз?
Бұл жылы біз Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде атап өтудеміз.
8. Ұлы Отан соғысы Ақтөбеліктердің үлесі қандай болды?
Сұрапыл жылдары 100 мыңнан астам, яғни 122423 ақтөбелік аттанып, олардың 39503-і майдан шебінде қаза болды. Жауынгер- жерлестеріміздің 35-і Кеңес Одағының Батыры, 9-ы Даңқ орденінің толық иегері атанды.

ІІ.Ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман қыздар бейнесі
1.«Ержүрек Мәншүк» қойылым.
Қатысатындар:
Автор – Жанабай Томирис
Мәншүк – Қалдыбаева Назерке
Анасы – Сайлаубаева Амангүл
Автор: Мәншүк майданға сұранған алғашқы өтiнiшiн 1941 жылдың 27-тамызында жазыпты. Ол өзiнiң жазған өтiнiшiнде:
Мәншүк:
«Мен, Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмiн. Ата-анам қазiргi уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетiн оқып бiтiргенмiн, қазiр Халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесi төрағасы орынбасарының жеке хатшысы болып қызмет етемiн. Өмiрбаяным жөнiнен қысқаша мағлұмат бере отырып, Сiзден ағаларыммен және апаларыммен (қарулас) бiрге фашист-қарақшыларды талқандап, құрту үшiн менi майданға жiберуiңiздi сұрағым келедi, өйткенi майданға баратындай ағайым да, апайым да (отбасым да) жоқ, сол себептен де өзiм сұранамын.
Өтiнiшiмдi қанағаттандыруыңызды сұраймын.
Автор: Өтiнiштегi: «ата-анам қазiргi уақытта қайтыс болған» деген сөздер нақты шындық едi. Мәншүктiң туған әкесi Жеңсiкәлi Ахмет Мәметовпен немерелес туыс болып келедi. Анасының аты – Тойылша. Мәншүктiң азан шақырып қойған шын аты – Мәнсия. Жас кезiнен Моншақ деп еркелеткен қыз, есейе келе Мәншүк аталып кетедi. Мәншүк – Жеңсiкәлi мен Тойылшаның бiрнеше ұлдан кейiн көрген жалғыз қызы. Өздерi перзент сүймеген Ахмет пен Әмина оны ерекше жақсы көрiп, ата-аналарынан қалап алып, бес-алты жасынан бауырларына басып тәрбиелейдi. Бертiн келе Мәншүк он жасқа толғанда анасы Тойылша, екi жылдан кейiн әкесi Жеңсiкәлi қайтыс болады. Әскери комиссариатқа жазған өтiнiшiнде «қайтыс болған» деп өзiнiң туған әке-шешесi Жеңсiкәлi мен Тойылшаны көрсетiп тұрғаны да сондықтан. 1934 жылы Ахмет әкесi Алматыда «халық жауы» деп қамауға алынады
Анасы:
Басыңды қатерге тiгiп майданда нең бар, жаумен соғысу ерлердiң iсi емес пе? Оның үстiне «халық жауының қызы» деген атың бар. Осының бәрiн ұғатындай болдың ғой. Ол ойыңды қой да, өзiңе тән жастық iсiңмен айналыс
Мәншүк:
Анашым, батылдық танытып, кiсiлiк келбетiмдi көрсеткiм келедi, егер қажет болса, Отан үшiн жаным да пида. Қабiлет-қарымымды iспен көрсетпекшiмiн.
Майданға аттанарда Әмина апамыз Алматыдан тысқары жүрген көрiнедi. Сондықтан асығыс түрде анасына үшкiл хат жазуын парыз санаған.
Мәншүк:
«Анашым, маған ренжи көрмеңiз, Сiздi қалдырып барамын. Апашым менiң! Қамығып уайым шекпеңiз, мен майданға аттандым. Хош, анашым!»
«Әпкетай мен Сiздi өте сағындым, тiрi қалсам, соғыстан соң үйге келермiн деп армандаймын. Менiң тағдырым бiрақ шатқаяқ, басқаша айтқанда сау қаламын деу қиын. Мен Сiзге, әпкетай ашық жазып отырмын, тек езiлiп қынжылмаңыз және ештеңе ойлап уайымдамаңыз. Егер қаза болсам, Отан үшiн, әкем үшiн және Сiз үшiн…»

2. «Қаһарман қыз – Хиуаз»
(мәнерлеп өлең оқиды) Бақтыбергенов Бексұлтан мен Еділ Аян
Азаттық шапағаты.
Есте бәрі. Жау тылына,
Үш жүз рет ұшып еді.
Жаудыңсалған құрығына,
Үш жүз рет түсіп еді.
Осындай-ақ болар мықты,
Ел сүйсініп мақтайтұғын.
Бәрінен де аман шықты,
Ажалы жоқ бейне тұйғын.
Батыр қыздар-қаһармандар,
Әлия, Мәншүк және Хиуаз,
Күйшілерім, күй арнаңдар,
Ақындарым, қане, жыр жаз.
Бойларыңа қанық әлем.
Намыс пенен ар барынан.
Өрлік көрем,пәктік көрем,
Қазағымының қыздарынан.
Шаттық көрсін, бақ дарысын,
Мұң көрмесін нұлы жүзі.
Абыройым, мақтанышым,
Жайна, жаса , қазақ қызы!

4.Ән: «Әлия» орындайтын Ахмедьярова Анэль

ІІІ «Ерлік – тәрбие жемісі»
- Қазақ қызының болмысы
- Ерлік жасаған елеусіз қалмасын
- Адам болып қалыптасудағы тәрбиенің маңызы
( ротация арқылы постер қорғау)

Мұғалім:
Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған және еркін ұстаған. Мысалы, «Қыз өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен халық өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөліп, «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Әрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған Батырлық пен қайраттылықты өн бойына қатар жинап, биязылығымен өзін бағалата білер қазақ қызының таза да тұнық болмысы - тектілігіміздің айнасы. Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді қазақ қыздарының бойынан табылған ерлік – тәрбие жемісі.