Главное меню

  • К списку уроков
"Жаңа жыл жарылқасын!"
03.01.2016 441 113 Кожабеков

«ЖАҢА ЖЫЛ»

«Ыбырай: Армысыздар, құрметті көрермендер! Сіздер, бүгін, Жаңа жылдық мерекені тойлауға арналған кешімізге қош келдіңіздер! Желтоқсанның қары мамыражай болып еріп жатқан, бораны желдетіп соққан күндерімен Жаңа жыл, 2016-ның қаңтар айына қадам бастық! Назкен, алдымызда, Жаңа 2016-шы  мешін жылы келе жатыр.»

«Назкен: Иа, негізі сол мешін өзі көңілді әрі ақылды жануар, тынымсыз болғанымен еңбекқор. Келе жатқан Жаңа жыл ширақ істермен, көңілді сәттермен, бақытты күндермен, тілегеніміз қабыл болатындай айрықша оқиғалармен есте қалатын болсын деп үміттенейік!!!!»

«Санта Клаустың отаны – Лапландия болса, Дед Мороздың отаны – Великий Устюг екен, ал біздің қазақтың Аяз Атасының отаны – қалың қары мен суығы ерекше болып тұратын Солтүстік Қазақстан өлкесі. Сол өлкеден, өзіміздің туған елімізге арнайы сұраныспен Аяз Атаны кешімізге келіп, құрметті қонақ болып, шыршамызды жағып, көңілімізге қуаныш сыйласын деп шақырдық. Ендеше құрметті көрермендер, барлығымыз тұрып, қошеметтеп, Аяз Атаны қарсы алайық! Аяз Ата!!!»

«Аяз Ата: Амансыңдар ма қарақтарым! Мінекей ақырын басып мен де сіздерге келіп қалдым. Сіздердің бақтарыңызға орай бүгінгі күн де жылы екен, ауыл жұртшылығы да мейірімді, қонақжай адамдар, балалары да тәп-тәтті сүйкімді екен! Өзіме осы ауыл өте ұнап тұр!»

«Ыбырай: Жаңа жылдың басты кейіпкері – Аяз Ата болса, дәл сол Жаңа жыл мерекесінің  символы – шырша екен! Енді Аяз атамыздан Жаңа жыл кешін тойлауды бастау үшін сол қасиетті шыршаны жақсын деп сұрайық! Сұрайық па?! Естілмейді? Бір,екі, үш, шырша жансын!»

«Аяз Ата: Ал, шырақтарым, мені басқа да жерлерде күтіп отыр екен! Рұқсат етсеңіздер, мен сіздерге ақ батамды беріп, бара берейін. Рұқсат па? Мен сіздерге келе жатқан Жаңа жылда зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті болсын! Шаңырақтарыңыз жанға толсын! Қораларыңыз малға толсын! Ай сайын үйлеріңізде той болсын! Алдымыздағы қыс мезгілі жылы болсын! Барлықтарыңызға, бастарыңызға бақ-береке тілеймін! Ал мен кеттім, сау болыңыздар!»

СКЕТЧТЕР:

1.            Гангнам стайл билейтін шал.

2.            Тек қазақтарда болатын оқиға.

3.            Емшінің қабылдауында болған оқиға.

4.            Өз білімімен емтиханға дайындалатын студент.

5.            Балдық биден спорт шебері ағасы бар жігіт.

6.            Көздері әдемі мұғалім.

7.            Ең есі дұрыс емес адам.

 

Би, флешмобтар:  

1. Билайн

2. Вака-вака

3. Ұлдар  биі

4. Жанкүйерлер биі

5. ЕХРО биі

Ойындар:

1.Разноспен билеу.

2. Бутылкамен отжимание жасау.

3. Еркектерге прическа жасау

4. Тест (әзілқой)

Пародиялар:

«Ыбырай: Бүгінгі Жаңа жыл кеші ерекше кеш болмақ, себебі бұл күнде, біздің мектебімізге Псай, Қыдырәлі мен Қарақат, Ерболат сияқты танымал жұлдыздар қонаққа келіп, өз өнерлерін көрсетпек. Ендеше қарсы алыңыздар!»

 

1. Қыдырәлі мен Қарақат – Батырхан, Жамиля

2. Ерболат Құдайбергенов – Жігіттер. Диас, Дархан

3. PSY – Ернар

Музыкалық нөмір:

Махаббат дастаны (қазіргі заман желісі) – Назкен, Жамиля.

Ән:

1. Камила – Балалық шаққа саяхат.

2. Дархан – Жаса қазағым!

3. Ыбырай – Бол жанымда.

4. Назкен – Келінге өсиет.

 

«Ыбырай: Осымен «Жаңа жыл» мерекесіне арналған көңілді кешіміз аяқталды, келесі жүздескенше қош, сау болыңыздар!»

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.