Главное меню

  • К списку уроков
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ
21.04.2016 392 82 Абенова Айдын Жумаканкызы

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ
Абенова Айдын Жумаканкызы
Ағадыр кенті Шет ауданы
А. Ермеков атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
базасындағы тірек мектебі ресурстық орталықтың
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салар, біреу салмас.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
(Ахмет Байтұрсынұлы)
Қазақ тілі – бай тіл. Жеріміз қандай бай болса, тіліміз де соғұрлым бай болмақ, әрине. Бабалар тарихына зер сала отырып, ата-бабаларымыздың басынан кешкен сұрапыл кезеңдер ой елегінен өтеді. Найзаның ұшы айқасқа түскен әрбір шайқас артында өшпес із қалдырғандай. Оны біз күнделікті қайталап, есімізге алып отырған сияқтымыз, дегенмен өзіміз онымызды байқамаймыз да. Өйткені тіліміз жаттығып, жанымыз үйреніп кеткен.
Тілімізді тереңінен зерттеп, зерделеп өткен, әлде де болса, ізденіп, жаңашылдық енгізіп жүрген ғалымдарымыз баршылық. Солардың ізін қумасақ та, олардай бола алмасақ та ұқсап бағуға әрекет жасап көру керектігін ұрандатып, алға ұмтылдым.
Қазақ тілінде монғол, парсы, араб, орыс тілінен енген сөздер көптеп кездеседі. Бірақ, жоғарыда айтып өткенімдей, көбіне сезе бермейміз. Өйткені сан ғасырлар бойына қанымызға сіңіп, бойымызға еніп, меншіктеп алғанбыз. Өзім қазақ тілі пәнінің маманы болғандықтан, оқушыларға дәріс беру барысында, әр сөздің мағынасын тереңінен ұғып, мазмұнын ашып, ол сөздің қай тілден енгенін тауып, қандай синонимдері бар екендігіне ерекше тоқталамын. Сонда біздің тәрбиеленушілеріміз тілмен қатар, тарихын да оқып біледі емес пе?! Және де әр сөздің бірнеше баламасын тауып, әдеби сөйлеуге, шығарма немесе эссе жазғанда еркін ойлауға жаттығады. Мысалы: хан деген сөзіміз манғол тілінен енген сөз. «Хан» сөзі манғолдың «кахан» сөзінен пайда болған. Әрі екі тілдің арасындағы жақындық сарыны да байқалады. Дегенмен бүгінде, ол сөзді манғолдар бізден алған сияқты, баламасын да қолданбаймыз. Мысалы, қазақ тіліндегі «су» сөзін манғол тілінде «ус» дейтінін бәріміз білеміз. Ал, парсы тілінен де көптеген сөздер енген. Мәселен, «шаштараз – соч тароз», «пай - жұп», күнділікті айтып жүрген апта аттары:
Дүйсенбі – екінші күн
Сейсенбі – үшінші күн
Сәрсенбі – төртінші күн
Бейсенбі – бесінші күн
Жұма – демалыс күні
Жексенбі – бірінші күн деген мағынаны білдірсе, «шаршы» сөзі парсының «чор», яғни «төрт» сөзінен енген. Осы сықылды зерттелген, немесе зерттеліп үлгермеген сөздеріміз сөздік қорымызды молайтып отыр.
Араб тілінен бір-бірімізбен кездескенде алғаш айтатын сөзіміз «сәлем», «ассалаумағалейкум», «уағалейкум ассалам»; сабаққа байланысты «кітап», «мектеп», «әдебиет», «мұғалім» т.б. сөздерінің о баста араб тілінікі болғандығын ойлап та жатпаймыз. Ал, орыс тілінен енген сөздерді айтпасам да түсінікті, кейбір сөздердің аудармасы бола тұра, баламасын айтатын жандар бүгінгі қоғамда көптеп кездеседі.
Мен шет жағасын ғана айттым. Ендеше, осыншама сөз тілімізге қашан еніп, сіңіп үлгергенін тарихты оқымай-ақ тұшынатындаймыз. Кірме сөздердің әр қайсысы ата-бабаларымыздың қандай қиын-қыстау күндерді бастан кешіп, жерінің асты да, үсті де байлыққа толы өлкені мына біздерге мұраға қалдырғанын түсінесің, сөйте отырып, шексіз алғыс білдіріп, іштей басыңды иесің.
Менің айтпақ болғаным, кірме сөздерден тіліміз зардап шекпейді, керісінше, сөздігі одан да байып, қолдану аясы кеңейе түспек. Қазақ тілінің мәртебесі жылдан жылға өсіп, талай асулардан асып, белестерді артта қалдырып келе жатыр. Соншама жылдар байыған тіліміз, кеңес одағының тұсында құлдилап, шыңырауға кете жаздады. Ол сәтте халқымыз, «заманың түлкі болса, таз боп шаптың» күйін кешті емес пе?! Ал, бүгінде маңдайына күн тиіп, көкірегіне су кіріп, басын жоғары көтеріп, түскен шыңыраудан күшпен емес, ынтамен шығып, тәй-тәйлап басып, алға қарай ұмтылып келе жатыр. Осынау жаңа туған баладай елжіреп тұрған тілімізді тарих иірімдеріне толы сөздігімізбен байыта берген жөн болар. Кірме сөздерді өшіріп тастау, немесе қолданылу аясынан алып тастау мүлдем мүмкін емес. Себебі, бұл – бабалардың салған дара жолын еске алуға, дәстүрлерді қастерлеуге мүмкіндік туғызады.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.