Главное меню

  • К списку уроков
Презентация Сүйінбай Аронұлы "Жақсы менен жаманның айырмасы"
07.01.2016 1087 217 Ахмадеева Алтын Дакеевна

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы менен жаманның айырмасы» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүйінбай Аронұлының өлеңін оқыта отырып, қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталманы екенін дәлелдеу. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.
Дамытушылық: Әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ақынды толғандырған сұрақтар арқылы ақын өлеңінен жауап іздеп, жақсы менен жаманның айырмасын түсінуге тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сүйінбай портреті, презентация, кітаптар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Әдебиет теориясы:
- Жыр, толғау, айтыс дегеніміз не?
- Жырау, жыршы, ақын дегеніміз кім?
2. Дулат Бабатайұлы туралы әңгімелеу.
«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінен үзіндігін жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Сөзжұмбақты шешіп, сабақтың тақырыбын ашу.
2. Оқулықта берілген Сүйінбай Аронұлы туралы мәліметпен жұмыс жүргізіледі.
3. Оқушылар берілген мәтінді оқып шыққан соң, кластер жасалады. Тақтада берілген кластер арқылы оқушылар Сүйінбай Аронұлы туралы баяндайды:




4. Жақсы менен жаман деген немене? Қандай адам жақсы, қандай адам жаман? Оқушылардың ойын білу. Осы сұрақтар Сүйінбай ақынды да ойландырған.
5. «Жақсы менен жаманның айырмасы» өлеңімен жұмыс.
1) Түсінуге қиындық тудыратын сөздермен жұмыс.
2) Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
3) Тұжырым стратегиясы бойынша өлеңді талдау, негізгі мақсат, кейіпкер бейнесін ашу арқылы тақырыптың идеясың, мәнін ашу.

Кейіпкер Іс - әрекеті Адами қасиеттері
Жақсы адам Жақсы сөзіне сақ тұрады, жақсының сөзін әр адам пайдаланып, одан үлгі ала отырып жақ – жағындағы елге көмек көрсетуге дайын тұрады. Адамгершілігі мол, мейірімді, қарапайым, тәлім – тәрбиелі, сауатты, қайырымды, адал жан
Жаман адам Жаманның көкірегі көр, көзі соқыр болады, келе жатқан жолынан адасып кетеді, елдің арасын бықсытып, адамдарды өштістіреді. Оқымаған, надан, өзімшіл, пасық адам, өсекқұмар, мақтаншақ

ІV. Мақал – мәтелдермен жұмыс.
• Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
• Жақсы адам жолдасынан белгілі.
• Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.
V. Нақыл сөз:
Жақсы болса жолдасың
Қабағына қарайды.
Жаман жігіт белгісі –
Алғаны мен бергенін
Сырттан жүріп санайды
VІ. Түйін:
Адам – өмірге қонақ.
Мақсат – бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру керек.
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма:
1. «Жақсы менен жаманның айырмасы» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
62 – 63 беттері.
2. Хрестоматияда берілген ақын өлеңдерімен танысу. 106 – 108 беттері.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.