Главное меню

  • К списку уроков
І тоқсанда ҰБТ-ке дайындау мақсатында 11 «В» сынып оқушыларының сынақ тест жұмыстарының қорытындысы /педагогикалы кеңес/
30.11.2015 636 153 Момбаева Айгуль Тукеновна

        ҰБТ- ол  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдары  бітірушілерінің  қорытынды  мемлекеттік аттестатталуы, білім  ұйымдарынан  тәуелсіз  жалпы  орта  білім  сапасын  бағалайтын,  жаңа  технологияларға  негізделген мемлекеттік  жүйе.

Ол  төмендегідей  басты  мақсаттары   айқындайды:

1.Білім  беру ұйымдарының қызметін  объктивті  бағалайды;

2.Олардың нақты  рейтнгтерін  анықтайды;

3.Жалпы  орта  білім  беру  мәселелеріне  жұртшылықтың  назарын күшейтеді;

4.Оқушылар мен  мұғалімдердің  оқу  қорытындысын, білімін  дәлелдейді;

5. Білім  бағытын және мазмұнын  жетілдіреді;

6.Оқушы мен  мұғалім  арасында  тығыз  байланыс  орнатып,пәнді  жүйелі пысықтауға   мүмкіндік  алады.

        ҰБТ-ның  негізгі  міндеті - мемлекеттік қадағалау  арқылы  білім сапасын әділ  бағалау. ҰБТ  - оқушылар мен  ұстаздардың бірлескен  еңбегін  бағалайтын, білім сапасына  қол жеткізетін өте  дәл  көрсеткіш  болып  табылады. Тест  әр  пән  бойынша  25 тапсырмадан  тұрады, өткен  оқу  жылынан  бастап  5 пәннен оқушылар  білімі  сарапқа  салынады. Мұнда  мектеп  бағдарламасының негізгі  бөлімдерінің мазмұны мен  әр  түрлі қиындық  деңгейлері  қамтыла  отырып, мемлекеттік  білім  стандарына сай  жасалған.

         ҰБТ –ны  сәтті  тапсыру  педагогикалық  ұжымның алдындағы  маңызды  міндеттердің  бірі  болып  табылады. Сондықтанда әр ұстаздың көкейінде мына сұрақтарға жауап болу керек :

·        Оқушыны   ұлттық  бірыңғай   тестілеуге  қалайша  жақсы  дайындауға  болады?

·        Қалай  бітірушілер  білімін  жоғары  көрсеткішке  жеткіземіз?

·        Осы  бағыттағы  біздің  жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі  қандай?

           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген заң негізінде  2015-2016 оқу жылында мектепте 11 сынып оқушыларына ҰБТ- ке дайындау мақсатында жоспар және сабақ кестесі құрылып,бекітілді.

       11 «В» сыныбында 11 оқушы оқып отыр. Оқу озаты – жоқ, екпіндісі - 3 . Білім сапасы- 27 пайызды көрсетіп отыр. 2 оқушы – Карбоз Айткул, І тоқсанның соңында Толеубек Аяулым ҰБТ тапсырудан бас тартты.

І тоқсан көрсеткіштер бойынша сараптай келе оқушылардың пәндер бойынша білім сапасы бірен сара көтерілгендігі анықталды. Тест кітапшаларының   сурақтары көп пәндерден алдынғы тесттерден қайталанып келгендіктен білім сапасы жоғары пайызды көрсетіп тұр.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.